Бағдарламасы аясында іске асырылды The Essential Guide to zina o’leary 3 rd Edition



Pdf көрінісі
бет342/503
Дата01.04.2022
өлшемі7,43 Mb.
#137498
түріБағдарламасы
1   ...   338   339   340   341   342   343   344   345   ...   503
Байланысты:
oliri zina zertteu zhobasyn zhurgizu negizgi nuskaulyk (2)

Мәдени артефактілерді талдау
Қоршаған ортамен қарым-қатынас орнатып, із қалдырамыз. Қаи� жерде бол-
ғанымызға, не істегенімізге қатысты дәлел көп. Кез келген тергеуші сізге әрбір 
іс-қимылыңызды дәлел қылып келтірге-
ніндеи�, өзіміз қалдырған дәлелдер арқы-
лы өзімізді біле түсеміз.
Жазбаша сөзден басқа, қарым-қатынасы-
мыздың дәлелі – біз тоздырған, сондаи�-ақ 
бізден қалған нәрселер. Әлеуметтік ғылым-
дар зерттеуі әлемінде оларды эрозия мен 
аккреция өлшемі деп атаи�мыз.
 
y
Эрозия
. Тозғанды зерттеу. Қылмыс орнында аяқ ізіне немесе соққы ізіне қарау 
іспетті. Әлеуметтік ғылым әлемінде тозған орынға қарап жүргіншілердің пойызда 
қай жерге көп отырғанын білуге немесе күту бөлмесіндегі кітаптарды тексеру ар-
қылы емханадағы емделушінің нені көбірек оқитынын анықтауға болады.
 
y
Аккреция
. Адамдардан қалған затты зерттеу. Мысалы, қылмыс орнына қайта 
оралсақ, ДНҚ немесе түсіп қалған сіріңке қорабын іздейміз. Әлеуметтік ғылым 
әлемінде емхананың қоқыс салатын жәшігіне қарап, қызметкерлердің қоқыстар-
ды жою саясатын анықтауға тырысамыз, ал дәретхана есігіндегі граффитилерді 
зерделей отырып, олардың тазалыққа деген көзқарасын тексере аламыз.
Студенттер мәлімет жинаудың осы түрін көп назарға алмаи�ды. Зерттеудің 
кеи�бір түрлерінде бұл ерекше бір мағлұмат береді. Мысалы, тұрғын үи�, құрал, 
өнер туындысы сияқты артефактілер – зерттелетін кезеңнің әлеуметтік шарт-
тарын зерделеуге үлес қосатын заттардың бір парасы. Мәдениетаралық зерт-
теу де мәлімет жинаудың осы әдісі арқылы өрісін кеңеи�теді. Мысалы, балалар 
ои�ындары мен түрлі мәдениеттердің некеге тұру рәсімдерін салыстыру көп 
нәрседен хабар береді.
Заттық аи�ғақтарды немесе оның ізін зерттеу арқылы кез келген мәдениет 
туралы түсінікті дамытуға болады деуіңіз мүмкін. Қазіргі өмірден бір мысал 
келтіреи�ік. Мәселен, әр адамның, үи� шаруашылығының және кәсіпорынның 
шығаратын көміртегін есептеу арқылы, «көміртегі ізін» (осылаи�ша қаи�сысының 
жаһандық жылынуға үлес қосқанын) зерттеи�міз. Аккреция өлшемінің бұл түрі 
маңызды бола түсті де, күнделікті дискурстың бір бөлігіне аи�налды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   338   339   340   341   342   343   344   345   ...   503




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет