Бағдарламасы аясында іске асырылды The Essential Guide to zina o’leary 3 rd Edition



Pdf көрінісі
бет350/503
Дата01.04.2022
өлшемі7,43 Mb.
#137498
түріБағдарламасы
1   ...   346   347   348   349   350   351   352   353   ...   503
Байланысты:
oliri zina zertteu zhobasyn zhurgizu negizgi nuskaulyk (2)

1 3 . 7 - Қ О С Ы М Ш А


345
Қайталама дерек: Қолда бар дерек, онлайн жиналған дерек және алдыңғы зерттеу
Big Data*
Big Dataның үлкен әлеуеті бар. Ол өте маңызды тенденцияларды баи�қауға 
көмектеседі. Мысалы, Австралия салық басқармасы, салықтан жалтару трендін 
бақылау үшін Big Data талдауын паи�дала-
нады. Сонымен қатар Big Data әлеуметтік 
дерекпен, яғни адамдар саналы түрде 
және өз еркімен жариялаи�тын дерекпен 
де тығыз баи�ланысты. Ол дерек Twitter, 
Fаcebook не YouTube платформаларында 
жарияланған туит, пост яки видео болуы 
мүмкін. Бұл желілердің бұрын-соңды бол-
маған кең ауқымда паи�даланылатынын 
ескерсек, әлеуметтік деректің көп бөлігін 
Big Data деуге болады. 
Әлеуметтік деректің ең басты ерекшеліктерінің бірі – ол өте ауқымды әрі 
ең соңғы дерек. Ол қазіргі заманды зерделеп, болашаққа көз жүгіртуге мүмкін-
дік береді. Елдің саяхат жоспары, тұмаудың таралуы, саяси пікір, әлеуметтік 
қақтығыс және халықтың оған реакциясы, яғни интернеттегі қауым дәл қазір 
талқылап жатқан кез келген нәрсені түсіну үшін аса ауқымды дерек теңізін 
паи�далануды қажет етеді. Бұл, әрине, бастапқы деректі жинауға негізделген 
зерттеу жұмыстарына жұмсалатын уақыт пен ақшаны үнемдеи�ді.
Ауқымды әлеуметтік дерек әр алуан, көлемді әрі жедел. Мұнда қолданушы 
контентіне қол жеткізу оңаи�, ал желілік баи�ланыстардың аи�ғағы бар. Тақырып 
пен деректің шегі жоқ, онда оқиғаның хронолиялық тізбегін жасауға да болады. 
Алаи�да оның үлкен қиындығы да бар. Біріншіден, ауқымды деректің астын-
да қалып, репрезентативті іріктеменің жоқ екенін ұмытып кетуіміз мүмкін.
* Big data – сөзбе-сөз аудармасы үлкен (ауқымды) ақпарат қоры деген түсінікті бергенімен
зерттеушілер арасында «Big Data» термині қолданысқа кең енгендіктен, сол қалпында қалдырдық. 
Wayback Machine Facebook бетінің бұрынғы нұсқаларына сілтеме жасай отырып
Facebook-те: «Міне, біз осы үшін жұмыс істейміз», – деп жазды. «Украиналық сепа-
ратистер өз уеб-сайтында Ресейді жақтайтын топтың украин ұшағын атып түсіргенін 
жазып мақтанды. Ол #MH17 #MalaysiaAirlines ұшағы екені белгілі болған кезде оны 
өшіріп тастады, бірақ біздің WayBack машинасы тарих үшін уеб-бетті сақтап қалды».
Интернет архиві және осы сияқты басқа да архивтер ашықтықты қолдайтын бот-
тар мен басқа да құралдардың жаңа толқыны үшін таптырмас айғақ бола алады. Бұл 
технология үкіметтердің, саясаткерлер мен басқа да ықпалды тұлғалардың сандық 
ортаны қалай манипуляциялайтынын әшкерелеуде қолданылады. Интернет архиві-
нің уеб-бетіне бір кісі «бұл – маңызды жұмыс, бұл болмаса біз Оруэллдің «1984» ро-
манындағыдай күйге түсер едік» деген пікір қалдырған.
Big Data
– ауқымдылығы және күрделілігі 
соншалықты, дәстүрлі дерекқорлар немесе 
деректі өңдейтін қосымшалар арқылы талдау 
мүмкін емес ақпарат/дерек жиынтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   346   347   348   349   350   351   352   353   ...   503




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет