Жүйелі шолу Жүи�елі шолу жаи� ғана әдебиетке шолу
ма? Бір сөзбен аи�тқанда, жоқ. Әдебиетке
шолу – нәтижелер мен теориялық және
әдіснамалық материалдарды қоса оты-
рып, тақырып төңірегіндегі білім жиын-
тығына сыни шолу. Яғни әдебиет жиын-
тығын шолу. Ал жүи�елі шолу мұнымен
шектелмеи�ді және жеке зерттеудің жарамдылығын анықтап, «ақиқатты» табу
үшін олардың нәтижелерін синтездеуге тырысады. Мақсаты – нақты саладағы
дәлелдер бои�ынша мұқият әрі ықшамдалған көзқарасты ұсыну.
Жүи�елі шолу медицина саласында, атап аи�тқанда, бақыланатын кездеи�соқ
клиникалық сынақтарда кең таралған. Бірақ олар зерттеудің белгілі бір сала-
сында жарамдылық пен ақиқатты мұқият бағалауды түсіну мен шешуге көмек-
тесетін кез келген жерде құнды болып саналады. Іс жүзінде жүи�елі шолу саяси
және практикалық шешімдерді негіздеу үшін жиі қолданылады. Жүи�елі шолу
сандық зерттеуге өте ыңғаи�лы болғанымен, ол сапалы парадигмаға сәи�кес ке-
летін зерттеуге де қолданылады. Жүи�елі шолу мыналарды ұсынады:
y
Ашық, растауға болатын және қайталанатын тәсіл
y
Бұрмалану мен қатені барынша азайту
y
Жарамдылығы және сенімділігі аса жоғары тұжырымдар
y
Зерттеушілер, практиктер және саясаткерлер арасында тез таралатын зерттеу
саласының кешенді көрінісі
y
Жаңа зерттеу нәтижелерін интерпретациялау үшін контекст