352
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ:
НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Жүи�елі шолудың негізгі кезеңдері мыналар:
1.
Зерттеу сұрағын қалыптастыру
. Кез келген зерттеу процесі сияқты, түсінікті әрі
айқын зерттеу сұрағы зерттеуіңіздің бағытын белгілеуге көмектеседі. Мысалы,
«Австралиялық жасөспірімдердің темекі шегу көрсеткішін азайту үшін денсаулық
сақтау науқанының қандай түрлері тиімді болды?» немесе «Мектеп
басшылығы
білім беру стандарттарына әсер ете ме?».
2.
Ашық әрі қайта өңделетін әдіснама әзірлеу және пайдалану
. Жүйелі шолудың кіл-
ті –
бұрмалаудың барынша азайтылуы, әдістердің ашық және қайта өңделетін
болуы.
3.
Қосу және алып тастаудың түсінікті критерийлерін әзірлеу және қолдану
.
Әдебиет
ауқымы кең. Қосу үшін іріктеудің нақты критерийлерін анықтау маңызды.
4.
Ашық іздеу стратегиясын әзірлеу және қолдану
. 3-ші тармақта белгіленген жа-
рамдылық талаптарына сай келетін зерттеу еңбектерінің
барлығын анықтау ма-
ңызды. Іздеу ауқымды болуы керек әрі көп дерекқорды пайдаланған жөн.
5.
Таңдап алған зерттеу еңбектеріндегі нәтижелердің жарамдылығын сыннан
өткізу
. Мұнда қатысушыларды таңдау, дерек жинау әдістері және талдау түр-
лерін сыни бағалау арқылы сапасын тексереміз. Мұндай бағалауды әдетте та-
қырыпты да, ғылыми әдіс түрлерін де білетін екі
немесе одан да көп сарапшы
жүргізіледі.
6.
Зерттеу нәтижелерін талдау
. Бұл – әдіснамалық критерийлерді пайдалана оты-
рып, нәтижелерді салыстыру және синтездеу. Көбінесе
сапалық зерттеуге қатыс-
ты қолданылады. Сандық әдісте әдетте зерттеу арасындағы айырманы зерттеу
және олардың әсерлерін салыстыра қарау үшін статистикалық әдісті қолданады
(төмендегі мета-талдауды қараңыз). Айырмашылық табылса,
оның пайда болу
себебі талданады.
7.
Қорытындыларды синтездеу және интерпретациялау
. Шолудың кемшіліктерін
және онда қамтылған мәселені ескере отырып
синтезделген нәтижелерді ин-
терпретациялау қажет. Ағылшын тілінде ұсынылған зерттеуді ғана қосу осыған
мысал болуы мүмкін. Мұндай ашықтық деңгейі оқырманға шолудың сенімді-
лігін және нәтижелерді қолдануға болатындығын бағалауға мүмкіндік береді.
(Тексеру парағы қосымша уеб-саи�тта бар ).
Барлық әдіснамалық кепілдемеге саи�, жүи�елі талдаудың кем-кетігі болмау
керек. Алаи�да сапаның түрлі деңгеи�і анықталатынын, ықтимал әдістердің түрлі
нәтижелері де бар екенін ескеріңіз. Шынаи�ы зерттеу – сапаға қатысты түрлі пі-
кірді ескеру, түрлі зерттеу дәстүрінің нәтижелерімен жұмыс істеуді білу, зерттеу
дағдысы мен тәжірибенің деңгеи�лерін түсіну. Хаттамаға сүи�енген зерттеуші-
лердің қабілеті неғұрлым жақсы болса, жүи�елі шолу да соғұрлым дұрыс екенін
ұмытпаңыз.
13.10-қосымшада жүи�елі шолуды жетілдіруге арналған үш
орталық
көрсетілген.
https://study.sagepub.com/oleary3e
353
Қайталама дерек: Қолда бар дерек, онлайн жиналған дерек және алдыңғы зерттеу
Достарыңызбен бөлісу: