354
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ:
НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Мета-талдау
Жүи�елі шолу мен мета-талдаудың арасында нақты қандаи� аи�ырмашылық бар?
Жоғарыда аи�тқанымыздаи�, жүи�елі
шолу – қаи�та өңделетін әдістерді паи�да-
лана отырып, сенімді зерттеудің нәтиже-
лері мен қорытындыларын тауып, олар-
ды сыни көзбен бағалау және синтездеу.
Мета-талдау – қаи�та өңделетін әдістердің бірі, бірақ жүи�елі шолу әдістерінің
алтын стандарты. Өи�ткені бұл шолу жасалатын зерттеудің сандық екенін (әсі-
ресе медициналық зерттеуде сандық зерттеу сапалыққа қарағанда объективті
болып саналады), статистикалық түрде салыстыруға болатынын және осылаи�ша
бұрмалану деңгеи�ін азаи�татынын білдіреді. Мета-талдау қатаң жүи�елі шолу
шеңберінде жүзеге асырылса, эмпирикалық деректің беи�тарап синтезін береді.
Мақсаты – бір тұжырымдар жинағы мен шарттары негізіндегі бірыңғаи� зерт-
теуге сүи�енгендегіден гөрі статистикалық тұрғыда анағұрлым сенімді талдау
жүргізу.
Мета-талдау бірыңғаи� зерттеумен салыстырғанда мыналарды ұсынады:
y
Статистикалық әлеует
y
Нәтижеге сенім
y
Ауытқуды түсіндіру
y
Нәтижені жалпы негізгі жиынтыққа қолдану қабілеті
Мета-талдаудың олқы тұстары мыналар:
y
Қымбат болуы мүмкін, себебі құрамдастыруға келетін
зерттеуді табуға көп уақыт
кетеді
y
Озық статистикалық әдістерді қажет етеді
y
Жариялауға байланысты біржақтылыққа ұшырауы мүмкін (белгілі бір тақырыпқа
сай келетін нәтижесі бар зерттеу жылдам жариялануы мүмкін)
Мета-талдау жүи�елі шолудың құрамдас бөлігі болғандықтан, негізгі кезеңдері
бірдеи�. Сондықтан 6-тармақ қана кеңеи�тілді. Басқа тармақтар туралы толығы-
рақ білу үшін жоғарыдағы жүи�елі шолуға қараңыз:
1.
Зерттеу
сұрағын қалыптастыру
2.
Ашық әрі қайта өңделетін әдіснама әзірлеу және пайдалану (бұл кезең мета-тал-
дау туралы шешім қабылданғанда жасалады)
3.
Қосу және алып тастаудың түсінікті критерийлерін
әзірлеу және қолдану
4.
Ашық іздеу стратегиясын әзірлеу және қолдану
5.
Таңдап алған зерттеу еңбектеріндегі нәтижелердің жарамдылығын сыннан өткізу
6.
Қорытындыларды синтездеу және интерпретациялау. Статистикалық талдауда
мыналарға қатысты шешім қабылданады:
а.
Шолу жасалатын тәуелді
және тәуелсіз айнымалылар
ә.
Іріктеме көлеміне байланысты зерттеу қалай салыстырылады?
Мета-талдау
– бірдей гипотезаларды
бірдей жолмен қарастыратын екі және одан
да көп зерттеу нәтижелерінің статистикалық
талдауы мен синтезі.
355
Қайталама дерек:
Қолда бар дерек, онлайн жиналған дерек және алдыңғы зерттеу
б.
Сезімталдық талдауын (sensitivity analysis) қалай жүргізу керек (деректі бірік-
тіруге арналған тәсілдердің әртүрлі
бола тұра, зерттеу қорытындыларының бір
шамада болуы)
7.
Қорытындыларды синтездеу және интерпретациялау
(Тексеру парағы қосымша уеб-саи�тта бар ).
Достарыңызбен бөлісу: