Жүйелі шолуды жетілдіруге арналған үш орталық «Кокран» (Cochrane Collaboration) (www.cochrane.org)
«Кокран» – 130-дан аса елден 37 мыңнан аса адам кіретін халықаралық желі.
Біз медициналық-санитарлық көмек туралы негізделген шешім қабылдауда ме-
дициналық қызмет көрсетушілерге, саясаткерлерге, емделушілерге, олардың
адвокаттары мен күтім жасайтындарға көмектесу үшін «Кокран шолуын» әзір-
леп, жаңартып отыру және оның қолжетімділігін арттыру арқылы бірлесе жұ-
мыс істейміз. Қазірге дейін 5 000-нан аса шолу Cochrane Database of Systematic
Reviews журналында онлайн жарияланды.
Денсаулық сақтау саласына бағыттала отырып, Cochrane Collaboration сайты
әлемдегі ең ірі кездейсоқ бақылау сынағы жазбаларының жиынтығымен қатар, жү-
йелі шолу тренингтерінің сілтемелерін, бай кітапхананы және ауқымды шолу ресурс-
тарын ұсынады.
EPPI-Centre (eppi.ioe.ac.uk)
«Саясат және практика саласындағы дерек» ақпараттық-үйлестіру орталығы
(The Evidence for Policy and Practice Information and Co-ordinating Centre) Лондон
университеті білім беру институты жанындағы әлеуметтік зерттеу бөліміне қарай-
ды. 1993 жылдан бері әлеуметтік ғылымдар мен мемлекеттік саясат саласында
жүйелі шолу және оны жүргізу әдістерін әзірлеуге ерекше көңіл аударып келеміз.
Саясат әлде басқа сала не жеке өмір болсын, кез келген салада шешім қабыл-
дайтын адамдарға сенімді деректерді қолжетімді етуге күш саламыз.
EPPI-Centre сайты жүйелі шолу тренингтері, құралдар, әдістер мен дерекқорлар-
ға қатысты бірқатар сілтеме ұсынады. Сондай-ақ білім, қоғамдық денсаулық және
қатыса отырып зерттеу бойынша 200-ден астам шолудан тұратын кітапханасы бар.
Campbell Collaboration (www.campbellcollaboration.org)
Campbell Collaboration – әлеуметтік интервенцияның әсері туралы жүйелі
шолу жасайтын халықаралық зерттеу желісі. Campbell Collaboration... білім, қыл-
мыс пен сот және әлеуметтік қамсыздандыру бойынша жүйелі шолу әзірлеу, оны
тұрақты жүргізу және тарату арқылы адамдардың ақпаратқа негізделген шешім
қабылдауына жәрдемдеседі.
Campbell Collaboration сайтында 300-ден аса шолудан тұратын кітапхана, саяси
құжаттар, нұсқаулықтар, шолу үлгілері, пайдалы сілтемелер және бейнематериалдар
қамтылған ресурстық орталық бар.