Онлайн қауымдастықтарды этнографиялық зерттеу Blevins, K. R. and Holt, T. J. (2009) «Examining the virtual subculture of johns»,
Journal of Contemporary Ethnography , 38(5): 619–48.
Зерттеуде жезөкшелерге баратын ерлердің уеб-форумдардағы 6 899 ірікте-
ме постын жинау және талдау арқылы осындай қызметті пайдаланатындардың
субмәдениеті зерттелді. Этнография әдісі бойынша қатыса отырып бақылау маңыз-
ды, бірақ бұл істе зерттеуші бақылаумен ғана шектелуге тиіс. Зерттеуші ашық форум-
дарды зерттеді, алайда қатысушылармен байланыспады. Ғалым форумдағы посттар-
ды негізделген теориялық талдау арқылы тақырыпты терең түсінді.
Nelsen, M. R. and Otnes, C. C. (2005) «Exploring cross-cultural ambivalence:
A netnography of intercultural wedding message boards»,
Journal of Business Research ,
58(1): 89–95.
Бұл еңбекте мәдениеттер арасындағы алшақтық және түрлі мәдениет өкілдері-
нің үйленуін жоспарлау болашақ қалыңдыққа қалай әсер ететіні зерттелген. Мұнда
нетнография тәсілі қолданылған: біріншіден, автор болашақ қалыңдықтар арасын-
дағы онлайн сұхбатқа қатысып, оларды бақылады. 16 елдегі болашақ қалыңдықтың
шамамен 400 посты талданды. Содан кейін авторлар мәдени алшақтық және оны
жеңу тақырыптарын талдау үшін негізделген теорияның тұрақты салыстырмалы әді-
сін пайдаланды.
(Бұл жұмыстардың толық мәтіні қосымша уеб-сайтта бар
).