Мета-талдаудың мысалдары
Мета-талдау үшін дерекқор іздеу оңай, өйткені «мета-талдау» термині көбінесе
зерттеудің тақырыбында болады. Міне, әртүрлі тақырып пен тәсілдерді көрсететін
үш зерттеудің қысқаша мазмұны.
Jeynes, W. H. (2001) «A meta-analysis of the relation of parental involvement to urban
elementary school student academic achievement»,
British Journal of Cancer
, 85(11):
1700–5.
Бұл мета-талдау ата-аналардың қатысуы мен қаладағы бастауыш мектеп оқу-
шыларының үлгерімі арасындағы қатынасты зерттейтін 41 зерттеуді синтездеді.
Статистикалық талдау ата-аналардың жалпы қатысуы мен қосымша категориялар-
дың әсерін анықтауға бағытталған. Талдау ата-аналардың қатысуы мен оқушылардың
үлгерімі арасындағы маңызды байланысты көрсетті. Ақ нәсіл өкілдері мен азшылық
топ балаларында да, ерлер мен әйелдерде де осындай байланыс бар болып шықты.
Doucouliagos, H. and Ali Ulubaşğlu, M. (2008) «Democracy and economic growth: A
meta-analysis», American
Journal of Political Science
, 52(1): 61–83.
Бұл мета-талдау мета-регрессиялық талдауды пайдалана отырып, демократия
мен даму төңірегіндегі 84 зерттеуді синтездеді. Талдау нәтижесі көрсеткендей, де-
мократия экономикалық дамуға тікелей әсер етпейді. Дегенмен демократияның
адам капиталын жоғарылатып, инфляцияны төмендету, саяси тұрақсыздықты бә-
сеңдетіп, экономикалық еркіндікті қамтамасыз ету арқылы экономикалық өсімге
жанама оң әсер ететіні анықталы. Үлкен үкіметтер мен еркіндік біршама шектелген
халықаралық сауданың да демократиямен байланысы анықталды.
Ferguson, S. S. (2008) «Nicotine patch therapy prior to quitting smoking: A meta-
analysis», Addiction, 103(4): 557–63.
Бұл мета-талдау темекіні тастау алдында пластырьмен емдеудің төрт әдісін син-
тездеген. Оның мақсаты – темекіні тастардан көп уақыт бұрын пластырьмен емдеу
әдісін темекіні тастайтын күні пластырьмен емдейтін қазіргі режиммен салыстыру.
Темекіні тастардан көп уақыт бұрын пластырьмен емдеу әдісі екі есе тиімді болып
шыққан. Мекамиламинмен қосымша негізгі терапияның әсерін өзгертпеген.
(Бұл жұмыстардың толық мәтіні қосымша уеб-сайтта бар
).
Достарыңызбен бөлісу: |