344
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ:
НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Бұл – ыңғаи�сыз құрал болып көрінгенімен, шын мәнінде, түпнұсқа зерттеу
үшін таптырмас мүмкіндік (13.7-қосымшаны қараңыз). Архивтелген уеб-беттер-
ді компанияның маркетингтік стратегиясын саралаудан (уақыт аралығындағы
уеб-саи�т арқылы бренд имиджі мен мәлімдемесінің сәи�кестігін анықтау үшін)
жергілікті қауымдастықтың күн тәртібі туралы ақпаратты зерттеуге деи�ін кез
келген нәрсе үшін қолданылуы мүмкін. Wayback Machine-нан алынған архив-
телген уеб-саи�ттар, тіпті коммерция саласындағы соттарда (мысалы, патенттік
сот ісінде) дәлел ретінде немесе құпия ақпараттарды шешу үшін паи�даланыл-
ды. Тергеушілердің қоқысыңыздан көп нәрсені біліп алатыны сияқты, сіз де
интернеттің қалдықтарынан көп нәрсені біле аласыз.
Wayback Machine сияқты интернет архив – триангуляция үшін өте ыңғаи�лы
құрал. Зерттеу әдістерінде триангуляция дегеніміз – басқа белгілі (яғни ор-
наласқан) дереккөздермен салыстыра тексеру арқылы орналасқан жері мен
жарамдылығын анықтау. Мәселен, сізде X өнімдерінің алғашқы маркетингтік
стратегиясы ашық сексистік бағытты ұстанады деп санаи�тын бірнеше дереккөз-
ден (әдебиет немесе сұхбат) алынған дерек бар. Сол жылы компания үшін тізім-
делген басқарма мүшелеріне қарап, әи�елдердің өкілдігі жоқ екенін анықтаи�сыз.
Онлаи�н архив құралдарын триангуляцияның бір бөлігі ретінде қолдансаңыз,
интернетте барлық нәрсенің мұрағаты жоқ екенін білгеніңіз жөн. 1996 жылдан
бұрын болған уеб-саи�ттардың кеи�бір беттері алынып тасталуы мүмкін. Уеб-
саи�т архивінің болмауы оның мүлде жоқ екенін көрсетпеи�ді. Сонымен қатар
көп саи�т архив жасамауға тырысады. Шын мәнінде, кез келген адам интернет
архивтің іздеу роботын жою үшін серверде «robots.txt» фаи�лын қолдана алады.
Нәтижесінде тым көп уеб-саи�ттар архивтеуге кедергі келтіру үшін осы тәсілді
қолданды.
Достарыңызбен бөлісу: