Коммуникация ретіндегі зерттеу
Жоба жазуға тиіс адамға бір ғана кеңес беріңіз десе, ол адамға «жазуды ком-
муникация процесіндегі машық деп есептеңіз» дер едім. Жоба жазғанда не істе-
геніңіз бен нені тапқаныңыз туралы баяндап өтсем жеткілікті деп ои�ласаңыз,
қателесесіз. Оқырман зерттеу жұмысыңызды түсінуі, зерттеудің қорытындысын
бағалауы қажет.
Жазуды коммуникация процесі деп қарастырғанда, оқырманыңыз зерттеу-
ге назар аударуы үшін жақсы жазу керегін түсінесіз. Бір сарынды монологты
жалықпаи� тыңдаи� алатын, құрғақ, қалаи� болса солаи� жазылған зерттеуді оқып
отыра беретін адам көп емес екенін есте сақтаңыз. Оқырман сіздің зерттеуге
менталды, интеллектуалдық және/немесе эмоциялық тұрғыда қызығуы керек.
Оқырманыңыз зерттеудегі ои�ыңызды бағалауы үшін оларды зертеудің өзегіне
қызықтырып, сұрақтарын алдын ала болжап, жауап бергеніңіз дұрыс. Оқырман
сізге итеративті жауап бере алмаса да, дәл солардың жауабы жұмысыңыздың
қаншалықты сәтті болғанын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |