424
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Жазуды аяқтаудың қиындығы Алғашқы сөйлемді әрдайым жақсы жазамын, бірақ қалған сөйлемдерді жазу-
ға қиналамын.
Мольер Жазу процесін оңаи� деп санаи�тын немесе түк те қиын емес деп бағалаи�тын
студентті көп кездестірген емеспін. Біразы жазуға келгенде қорқақтаи�ды және
қобалжиды. Көп жағдаи�да бұл дұрыс. Бір жағынан, бұл өміріңізде жазып көруге
тырысқан алғашқы үлкен еңбегіңіз шығар. Екіншіден, зерттеу жұмысыңызды
ісіңізге қарап емес, ісіңізді көрсете алу қабілетіңізге қарап бағалаи�ды. Зерттеу
есебін жазу өнеріне аса машықтанбаған шығарсыз, демек, сізге бұл белесті де
бағындыру керек.
Иә, зерттеу процесі ешқандаи� жазуды қажет етпегенін қалаған кездеріңіз
де болған шығар. Бірақ ол мүмкін емес. Жазу керек. Бағымызға қараи�, жазу
процесін жүргізудің бірнеше практикалық стратегиясы бар. Ол жобаның жалпы
сапасын жақсартады, міндеттерді жеңілдетеді. Жазуды: 1) бастаңыз; 2) зерт-
теу саяхатының ажырамас бөлігі деп қабылдаңыз; 3) зерттеуіңізге басқаларды
қызықтыру үшін жақсылап баяндаңыз; 4) драфт жазу мен қаи�та драфтаудың
қажет екенін түсініңіз. Сонда сарапшыларды таңғалдыратын зерттеу мақаласын
жазасыз. Ол есебіңіз әдебиеттер қатарында ои�ып орын алуы да мүмкін.
Оқыту мақсаты y
Жазуды аяқтаудың қиындығы
○
Жазуды мәселе деп есептеу
○
Жазуды аяқтауды коммуникациялық жаттығу деп түсіну
y
Жазу процесі
○
Сенім ұялататын мәтін жазу
○
Зерттеу баяндамасының әр тарауының талабын білу
○
Жұмысыңыздың драфт нұсқасын жасау мен қайта драфтаудың дұрыс екенін
білу
y
Жақсы презентация жасау
○
Сенім ұялататын презентациядағы негізгі элементтерді білу
y
Зерттеу жұмысын жариялау
○
Жұмысыңызды не үшін жариялау керек екенін түсіну
○
Жариялау процесін білу