Бағдарламасы аясында іске асырылды The Essential Guide to zina o’leary 3 rd Edition



Pdf көрінісі
бет440/503
Дата01.04.2022
өлшемі7,43 Mb.
#137498
түріБағдарламасы
1   ...   436   437   438   439   440   441   442   443   ...   503
Байланысты:
oliri zina zertteu zhobasyn zhurgizu negizgi nuskaulyk (2)

Әңгімені құрылымдау
«Әңгіме» сөзін неге қолдандым? Себебі жақсы әңгіме назар аудартады, өзіне 
баураи�ды, сюжеті қызықтырады, оқырманды өзгеше бір әлемге жетелеи�ді және 
қисынды, кеи�де таңғаларлық қорытындыға әкеледі. Іш пыстыратын, шаршата-
тын, тым ұзақ әрі жасанды оқиға ешкімді баурамаи�ды. Мәтініңізде зерттеуіңіз 
туралы мағлұмат берілуі керек. Мұнымен ғана шектелмеңіз: мәтін тақырыпты 
толық түсіндіруі және елітіп, қызықты оқиғаны қозғауы қажет. Әңгіменің ав-
торы ретінде сіз жасаи�тын қадамдар:
1. 
Зерттеу мақалаңызды әңгіме деп қарастыру.
Әңгіме екі тараптан жүретінін бі-
лемін. Есеп жазғанда да әңгімелеу тәсілін қолдана аласыз. Оқырманның жауа-
бын көзбен көріп, құлақпен есту үшін қасында болмауыңыз мүмкін. Алайда 
оқырман сізді тыңдап отырғандай, оларды қызықтыруға тырысыңыз. Тиісті ақ-
парат беріп, сұрақтарды болжап, жауап бере алсаңыз, мақалаңыз интерактив 
болады. Өзін әңгімелесіп отырғандай сезінетін оқырман зерттеуіңізге қатты қы-
зығатынын есте сақтаңыз.
2. 
Әдебиеттермен танысып шығыңыз.
Оқуды ұнатпайтын автор көп емес. 
Жазайын деген тақырып төңірегінде жақсы мысал табу сіз үшін өте тиімді. 
Әдебиеттерді оқу барысында мазмұнын ғана түртіп алмай, құрылымы мен стилі-
не де назар аударыңыз. Өте жақсы деп саналған диссертациялар мен есептерді 
шолып шығыңыз. Ол жұмыстар прототип бола алмаса да, толық аяқталған зерт-
теу жұмысы туралы түсінігіңізді қалыптастыратын шығар.
3. 
«Дауысты» табыңыз.
Мақала жазғанда «оқиғаны қызықты әңгімелеу» мен «ма-
қаланы байыппен тыңдаңыз» сөздері өзара қабыспауы мүмкін. Мұндай қарама-
қайшылықты жымдастыру сізге, мақсатыңызға, оқырманыңыздың нені күтетініне 
байланысты. Осы элементтер туралы неғұрлым көп білген сайын, өз дауысыңыз-
ды соғұрлым оңай табасыз. Жақсы жұмыс жазудың жалпы ережесі мынадай: 
жұмысыңыз жеке ұғымға толы және субъективті болып көрінбеуі үшін мақалада 
ешқашан бірінші жақтан сөйлемеңіз. Позитивистік парадигма аясында бұл ере-
же жұмсарып келеді (яғни жеке пікіріңізді бірінші жақта айту құпталмайды, бірақ 
өзіңіз жасаған іс туралы ақпарат беру үшін бірінші жақтан сөйлеуге рұқсат беріле-
ді). Бұдан былай объективтілік зерттеушінің рөлін жасырудың тиімді тәсілі болып 
есептелмейді. Постпозитивистік парадигмаларда зерттеушінің рөлін мойындау 
аса маңызды, сондықтан бірінші жақтың дауысын қолдануға қатысты ортақ ереже 
жоқ. Шындығында, сапалық тәсілді қолданатын зерттеушілердің біразы мақала-
сының/диссертациясының басына жеке оқиғасын, көтеріп отырған мәселесін, 
жеке пайымдарын т.с.с. ерекшелеп көрсету үшін бірінші жақтағы рефлексивті 
дауысты қолданады. Бірақ бұл қадам ортақ ережені сақтауда қиындықтар туында-
туы мүмкін. Себебі бұл – еркін әңгіме мен логикаға негізделген жан-жақты зерт-
теу жұмысының арасындағы мәселе. Ең бастысы – жобаңызға сай дауыс табу.
4. 
Құрылымыңызды дамытыңыз.
Құрылымыңызды анықтаңыз және әуел бастан 
мәтінге сәйкес жоспармен жұмыс істеңіз. Қайда баратыныңыз туралы неғұрлым 
терең білген сайын, ол жерге қалай жететініңіз туралы бағдар жасау соғұрлым 
оңай. Ойлау қабілетіңіз дами түскеніне қарай құрылымыңыздың өзгеруі мүмкін 
екенін есте сақтаңыз.


431
Жазуды аяқтаудың қиындығы
5. 
Әңгіме желісін құрастырыңыз.
Дәстүрлі немесе балама құрылымның қайсы-
сын қолдансаңыз да, жұмысыңыздың басы, ортасы және аяғы болатыны анық. 
Бірізді және тартымды оқиға желісімен оқырманыңызды алып жүруіңіз керек. 
Зерттеу оқырманды еліктіруге, қызықтыруға және логикалық қорытындыға же-
телеуге тиіс. Оқиға желісі оқырман сұрауы мүмкін сұраққа қисынды жауап бере 
алатынын бағалауға көмек беретін тексеру тізімі ретінде 16.1-кестені қолда-
ныңыз. Бұл процесті бастау үшін жақсы креатив тақырып; бір немесе бірнеше 
драфт; бір беттік абстракт (зерттеушілер мұны өте қиын, бірақ ойды жинақтайды 
деп есептейді) жазуға кеңес беремін.
6. 
Сенім ұялататын аргументтер келтіруге дайын болыңыз.
Зерттеуді мақсаты-
ңызға сай жазғаныңыз өте маңызды. Логикалық және сенім ұялататын аргу-
менттеріңізге орай, жазу сапаңыз бен зерттеуіңіздің сенімділігі айқындалады. 
Зерттеудің негізгі себебін айтқанда, әдебиетке шолу жасағанда немесе әдістер-
ді, нәтижелерді, қорытындыны презентациялағанда зерттеу процесі резюмемен, 
ақпарат берумен шектелмейді. Зерттеу жұмысы әлдеқайда ауқымды дүниені та-
лап етеді. Бұл – автордың сендіре алу, ойлану және кейсті дәлелдеп шығу қабі-
летіне байланысты процесс. Аргументтеріңізді дұрыс деректермен және сілтеме-
лермен айтуыңыз да маңызды.
7. 
Бірінші драфт нұсқаны жазыңыз.
Драфт жазамын деп ойлауыңыз мүмкін, ойлап 
жүре беруіңіз, тіпті біраз уақыт сол оймен ғана қалуыңыз мүмкін. Драфтты өзіңіз 
жазбасаңыз, ешкім жазып бермейді. Жазуды зерттеу процесінің нәтижесі емес, 
ажырамас бір бөлігі десеңіз, бірінші драфт нұсқаңыздың қаңқасын дайындап ал-
саңыз, кейін оған қызыл ет жапсыра саласыз. Зерттеуді аяқтаған соң ғана жазу-
ға кірісемін десеңіз, жазбаларыңызды түгел қағазға түсіруге тура келеді. Қандай 
тәсілмен зерттеу жүргізсеңіз де, бірінші драфтты жазып шығуға осы уақыт жетеді 
дегеннен әлдеқайда көп уақыт жұмсайтынын студенттер біледі. 
8. 
Дұрыс сын-пікірге құлақ асыңыз.
Оқырман зерттеуіңізден көп нәрсе күтуі мүм-
кін, сондықтан тәсіліңіз дұрыс емес екенін түсінген соңғы уақытқа дейін күтіп 
жүре бермеңіз. Зерттеуде тәжірибелі немесе оқырманның не күтетінін білетін 
маманға зерттеуіңіздің драфт нұсқасын көрсетіп алыңыз. 
9. 
Драфт нұсқаны қайта жазуға дайын болыңыз.
Көп жағдайда зерттеуіңіздің 
драфт нұсқасын қайта жазасыз. Екінші немесе үшінші драфт нұсқасын жазбай, 
бірінші нұсқасымен-ақ жұмысын жазып бітіретіндер өте аз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   436   437   438   439   440   441   442   443   ...   503




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет