Бағдарламасы аясында іске асырылды The Essential Guide to zina o’leary 3 rd Edition



Pdf көрінісі
бет443/503
Дата01.04.2022
өлшемі7,43 Mb.
#137498
түріБағдарламасы
1   ...   439   440   441   442   443   444   445   446   ...   503
Байланысты:
oliri zina zertteu zhobasyn zhurgizu negizgi nuskaulyk (2)

Бірінші драфт нұсқадан соңғы драфт нұсқаға қарай
Күш салмай жазған дүниені, әдетте рахаттанып оқымайсыз. 
Самуэль Джонсон
Ресми не еркін, дәстүрлі не балама, қызықсыз не қызыққа толы тәсілдің 
қаи�сысын қолданғаныңызға қарамастан, бәріне ортақ өлшем бар. Форматы 
және стиліне қарамаи�, жұмысыңыздың аяқталған нұсқасы мұқият және кәсіби 
жазылуы керек. Өзіңізді тәжірибесіз маман ретінде көрсетуге жол бермеңіз. 
Беделіңіз зерттеуіңіздің сапасына, сондаи�-ақ оны қалаи� ұсынғаныңызға баи�-
ланысты артуы немесе кемуі мүмкін. Шынымды аи�тсам, зерттеу жұмысының 
бірнеше драфт нұсқасын жазбастан, оны аяқтаған ешкімді танымаи�мын. Сөздің 
тоқетері: 1) кеңес іздеуге және алуға; 2) жұмысыңыздың драфт нұсқасын жазуға 
және бірнеше рет қаи�та-қаи�та жазуға даи�ын болыңыз.
Пікір айтушыларды іздеу және оларды қолдану
Мұны аи�налып өтуге болмаи�ды. Зерттеу жұмысыңыздың бірінші драфт 
нұсқасынан соңғы драфт нұсқасына қараи� қозғалғыңыз келсе, сапалы пікір 
аи�татындарды іздеуіңізге тура келеді. Сіз мұны оңаи� процесс деп ои�лаи�тын 
шығарсыз, бірақ олаи� емес. Мысалы, докторантурада оқитын студентім зерт-
теу жұмысындағы бір тараудың алғашқы драфт нұсқасын сын-пікірін алу үшін 
екінші ғылыми жетекшісіне тапсырды. Тағатсыздана 1-2 аи� күткен едік. Алаи�да 
барлық сын-пікір жазу, грамматика және сілтеме сияқты болмашы қателерге 
қатысты екен. Мұндаи� ескертулер жұмыстың соңғы драфт нұсқасы үшін өте 
паи�далы болса да, ои�лар, тұжырымдамалар және логикадан тұратын бірінші 
драфт нұсқасы үшін мүлде паи�дасыз еді.


436
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Демек, жұмысыңызға қатысты тиісті адамдарға қояр талаптарыңыз нақты 
болуы керек. Зерттеу процесінің қаи� кезеңінде екеніңізді біліп, дәл сол кезеңде 
жазғаныңызға қатысты сын-пікір аи�туын сұрауыңыз қажет. Ең жақсы страте-
гия – зерттеу жұмысыңыздың әртүрлі драфт нұсқаларымен жұмыс істегенде 
оқырманыңыз қоятын сұраққа қатысты ои�-пікірін сұрау. Зерттеудің бірінші 
драфт нұсқасын берсеңіз, жалпы ои�ларға, аргументтерге, зерттеудің логикасы 
және құрылымына қатысты кеңес алуыңыз керек шығар, ал зерттеудің кеи�інгі 
кезеңдерінде жұмысыңыздың қаншалықты жүи�елі, үи�лесімді, оқуға оңаи� бо-
луына және редакциялауға қатысты ұсыныстарды іздеуіңіз мүмкін.
Кеңес алу үшін үнемі бір адамға бара бермеңіз. Мысалы, менімен бірге жұмыс 
істеи�тін бір профессор идеяларды кеңеи�ту жағын жақсы біледі, бірақ өте ұқып-
сыз. Ол тіпті балалар кітабын да редакциялаи� алмаи�тын шығар. Кеи�біреулер 
зерттеу жұмысының маи�да-шүи�де тұсын жөндеуге шебер, бірақ ауқымды идея-
мен жұмыс істеи� алмаи�ды. Ғылыми жетекшіңіздің кеңесі өте құнды болғаны 
сияқты, әріптестеріңіздің, құрдастарыңыздың және отбасыңыздың да кеңесі 
кәдеңізге жарауы мүмкін. Шындығында, зерттеудің белгілі бір кезеңінде жұмы-
сыңыздың логикасы қисынды екенін білу үшін өзге саланың маманына оқыту 
паи�далы болады. Оқуға берген кезде зерттеу жұмысыңыздың шектеулі уақыты 
бар екенін ескертуді ұмытпаңыз. Кеи�бір оқырмандар жұмысыңызды бірнеше 
аи� оқуы мүмкін.
Кімнен сұрау және нені сұрау керек екенін білу бір бөлек, жазғаныңызды 
біреуге беруге құлықты болу – екінші мәселе. Жазу қабілетіңіздің нашар екеніне 
қатысты құпияңыз әшкере болады деп қорқасыз ба? Жазғаныңызды оқу үшін 
біреуге беру қашанда құпияңызды әшкерелеи�ді, бірақ жазу қабілетім нашар 
деп қорқақтау сезімі қабілеттің жоқтығынан емес, өзіңізге деген сенімсіздіктен 
туындаи�тынын есте сақтаңыз. Түсініксіз сезімдерге орасан зор уақыт жұмса-
ғанша, уақытты жоғалтып жатқаныңызды ертерек түсінген дұрыс.
Жараи�ды, тиісті адамды тауып, өзіңізге қажет сұрақты қои�ып, жұмысыңыз-
дың драфт нұсқасын кері алдыңыз делік. Сыни, өзекті және ои� салатын пікір-
лерге толы пікір аи�тылса, жолыңыздың болғаны. Өзіңізді бақытты сезінуіңіз 
керек, әлдебіреу сізге өзінің көп уақытын және күшін арнап қана қои�маи�, алға 
жылжудың жолдарын салып берді. Әрине, сіз пендесіз. Сондықтан бақытты 
болудың орнына, қаи�ғырасыз. Шындығында, ренжуіңіз, салыңыз суға кетуі 
және тіпті қолымнан іс келмеи�ді деп ои�лауыңыз мүмкін. Ондаи� адам жалғыз 
сіз емессіз. Дәл өзім жұмысыма қатысты сын-пікірдің қандаи� ақылды екенімді 
аи�тумен ғана шектелгенін қалар едім. Алаи�да ұнаса да, ұнамаса да сын керек. 
Ақылды екенімді өзгенің растағаны мені алға сүи�ремеи�ді. Сынды қабылдаңыз 
және көңіліңізге жақын алмаңыз. Сынды ауыр қабылдасаңыз, жазған жұмысы-
ңызға көңіліңіз толмаи� қалуы мүмкін.
Сонымен, біраз кеңес бердік, енді оны қалаи� паи�даланасыз? Сын-пікірлерді ои� 
таразысына салып, дереккөз тұрғысынан қарастырып, кеңесті елеп-екшеп алыңыз.


437
Жазуды аяқтаудың қиындығы
Әсіресе кереғар кеңес берілгенде сақ болыңыз. Ғылыми жетекшіңізбен/дәріс 
берушіңізбен сөи�лесіңіз, бірақ зерттеу жұмысының өзіңіздікі екенін және соңғы 
нүктені өзіңіз қоятыныңызды естен шығармаңыз.
Зерттеудің драфт нұсқасын жасау
Зерттеу жұмысының бірінші драфт нұсқасын жасау мен оны тапсыруға деи�інгі 
аралықтың ұзақ әрі сынаққа толы процесс екеніне еш күмән жоқ. Шындығында, 
сонша құлшынғаныңызбен, жұмысыңыздың соңғы сипаты бірінші драфт нұс-
қадан аса көп өзгешеленбеи�тінін түсінуіңіз мүмкін. Бір қызығы, сол бірінші 
және кеи�інгі драфт нұсқаларды жасамаи�, соңғы драфт нұсқаға жете алмаи�сыз.
Зерттеу жұмысыңыздың әртүрлі драфт нұсқасымен жұмыс істеген саи�ын 
жазу өнерінің түрлі қырларын меңгере түсесіз (16.2-қосымшаға қараңыз). Бірақ 
мұны меңгеру үшін әртүрлі жолдардан өтесіз. Кеи�біреулер әр сөи�лемді асықпаи�, 
мұқият жазуды ұнатады, ал кеи�біреулер ои�ындағысын тоқтаусыз жаза береді. 
Мұндаи� кісілер ои�ындағысының бәрін бірден қағазға түсіріп тастап, содан соң 
тазартып алуға тырысады. Өзіңізге ыңғаи�лы жазу процесін тапқанға деи�ін, өз 
тәсіліңізді жетілдірудің еш сөкеттігі жоқ. Соңғы нәтиже маңызды.
16.2-қосымша сапалық талдаудың соңғы нәтижесіне жетуге көмектесетін 
тексеру тізімін ұсынады. Бұл адамды жалықтыратын іс сияқты көрінгенімен, 
барлық жақсы жазушы осы процестен өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   439   440   441   442   443   444   445   446   ...   503




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет