436
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ:
НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Демек, жұмысыңызға қатысты тиісті адамдарға қояр талаптарыңыз нақты
болуы керек. Зерттеу процесінің қаи� кезеңінде екеніңізді біліп, дәл сол кезеңде
жазғаныңызға қатысты сын-пікір аи�туын сұрауыңыз қажет. Ең жақсы страте-
гия – зерттеу жұмысыңыздың әртүрлі драфт нұсқаларымен жұмыс істегенде
оқырманыңыз қоятын сұраққа қатысты ои�-пікірін сұрау. Зерттеудің бірінші
драфт нұсқасын берсеңіз, жалпы ои�ларға, аргументтерге, зерттеудің логикасы
және құрылымына қатысты кеңес алуыңыз керек шығар, ал зерттеудің кеи�інгі
кезеңдерінде жұмысыңыздың қаншалықты жүи�елі, үи�лесімді, оқуға оңаи� бо-
луына және редакциялауға қатысты ұсыныстарды іздеуіңіз мүмкін.
Кеңес алу үшін үнемі бір адамға бара бермеңіз. Мысалы, менімен бірге жұмыс
істеи�тін бір профессор идеяларды кеңеи�ту жағын жақсы біледі, бірақ өте ұқып-
сыз. Ол тіпті балалар кітабын да редакциялаи� алмаи�тын шығар. Кеи�біреулер
зерттеу жұмысының маи�да-шүи�де тұсын жөндеуге шебер, бірақ ауқымды идея-
мен жұмыс істеи� алмаи�ды. Ғылыми жетекшіңіздің кеңесі өте құнды болғаны
сияқты, әріптестеріңіздің, құрдастарыңыздың және отбасыңыздың да кеңесі
кәдеңізге жарауы мүмкін. Шындығында, зерттеудің белгілі бір кезеңінде жұмы-
сыңыздың логикасы қисынды екенін білу үшін өзге саланың маманына оқыту
паи�далы болады. Оқуға берген кезде зерттеу жұмысыңыздың шектеулі уақыты
бар екенін ескертуді ұмытпаңыз. Кеи�бір оқырмандар жұмысыңызды бірнеше
аи� оқуы мүмкін.
Кімнен сұрау және нені сұрау керек екенін білу бір бөлек, жазғаныңызды
біреуге беруге құлықты болу – екінші мәселе. Жазу қабілетіңіздің нашар екеніне
қатысты құпияңыз әшкере болады деп қорқасыз ба? Жазғаныңызды оқу үшін
біреуге беру қашанда құпияңызды әшкерелеи�ді, бірақ жазу қабілетім нашар
деп қорқақтау сезімі қабілеттің жоқтығынан емес, өзіңізге деген сенімсіздіктен
туындаи�тынын есте сақтаңыз. Түсініксіз сезімдерге орасан зор уақыт жұмса-
ғанша, уақытты жоғалтып жатқаныңызды ертерек түсінген дұрыс.
Жараи�ды, тиісті адамды тауып, өзіңізге қажет сұрақты қои�ып, жұмысыңыз-
дың драфт нұсқасын кері алдыңыз делік. Сыни, өзекті және ои� салатын пікір-
лерге толы пікір аи�тылса, жолыңыздың болғаны. Өзіңізді бақытты сезінуіңіз
керек, әлдебіреу сізге өзінің көп уақытын және күшін арнап қана қои�маи�, алға
жылжудың жолдарын салып берді. Әрине, сіз пендесіз. Сондықтан бақытты
болудың орнына, қаи�ғырасыз. Шындығында, ренжуіңіз, салыңыз суға кетуі
және тіпті қолымнан іс келмеи�ді деп ои�лауыңыз мүмкін. Ондаи� адам жалғыз
сіз емессіз. Дәл өзім жұмысыма қатысты сын-пікірдің қандаи� ақылды екенімді
аи�тумен ғана шектелгенін қалар едім. Алаи�да ұнаса да, ұнамаса да сын керек.
Ақылды екенімді өзгенің растағаны мені алға сүи�ремеи�ді. Сынды қабылдаңыз
және көңіліңізге жақын алмаңыз. Сынды ауыр қабылдасаңыз, жазған жұмысы-
ңызға көңіліңіз толмаи� қалуы мүмкін.
Сонымен, біраз кеңес бердік, енді оны қалаи� паи�даланасыз? Сын-пікірлерді ои�
таразысына салып, дереккөз тұрғысынан қарастырып, кеңесті елеп-екшеп алыңыз.
437
Жазуды
аяқтаудың қиындығы
Әсіресе кереғар кеңес берілгенде сақ болыңыз. Ғылыми жетекшіңізбен/дәріс
берушіңізбен сөи�лесіңіз, бірақ зерттеу жұмысының өзіңіздікі екенін және соңғы
нүктені өзіңіз қоятыныңызды естен шығармаңыз.
Зерттеудің драфт нұсқасын жасау
Зерттеу жұмысының бірінші драфт нұсқасын жасау мен оны тапсыруға деи�інгі
аралықтың ұзақ әрі сынаққа толы процесс екеніне еш күмән жоқ. Шындығында,
сонша құлшынғаныңызбен, жұмысыңыздың соңғы сипаты бірінші драфт нұс-
қадан аса көп өзгешеленбеи�тінін түсінуіңіз мүмкін. Бір қызығы, сол бірінші
және кеи�інгі драфт нұсқаларды жасамаи�, соңғы драфт нұсқаға жете алмаи�сыз.
Зерттеу жұмысыңыздың әртүрлі драфт нұсқасымен жұмыс істеген саи�ын
жазу өнерінің түрлі қырларын меңгере түсесіз (16.2-қосымшаға қараңыз). Бірақ
мұны меңгеру үшін әртүрлі жолдардан өтесіз. Кеи�біреулер әр сөи�лемді асықпаи�,
мұқият жазуды ұнатады, ал кеи�біреулер ои�ындағысын тоқтаусыз жаза береді.
Мұндаи� кісілер ои�ындағысының бәрін бірден қағазға түсіріп тастап, содан соң
тазартып алуға тырысады. Өзіңізге ыңғаи�лы жазу процесін тапқанға деи�ін, өз
тәсіліңізді жетілдірудің еш сөкеттігі жоқ. Соңғы нәтиже маңызды.
16.2-қосымша сапалық талдаудың соңғы нәтижесіне жетуге көмектесетін
тексеру тізімін ұсынады. Бұл адамды жалықтыратын іс сияқты көрінгенімен,
барлық жақсы жазушы осы процестен өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: