434
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
y
Этикалық принциптер/бекіту процедураларды.
Соңында мына мәселелерді қа-
расыруыңыз керек: этикалық принциптер; зерттеуге қатысушылардың эмоция-
лық, физикалық және интеллектуалдық жағдайының жақсы болуына көз жеткізу
үшін өзіңіз қабылдаған процестер; бекіту процесі. Тағы қайталап айтайын, бұл –
баяндамадағы бөлімнің салыстырмалы жеңіл түрі.
Соңғы бөлім
Нәтижелер мен талқылау тарауын/бөлімін жазудың үш тәсілі бар. Бірінші
тәсіл – бір (немесе одан да көп) нәтижелер бөлімін, содан кеи�ін, бір (немесе
одан да көп) талқылау бөлімін ұсыну. Бұл алдымен нәтижеңізді, содан соң
талқылауды ұсындыңыз деген сөз. Екінші тәсіл – бір тараудағы/бөлімдегі
бір тақырыппен баи�ланысты нәтижелерді және талқылауды ұи�ымдастыру.
Ол ықтимал стратегиялық тақырыптар үшін маңызды. Үшінші тәсіл де тақы-
рыптық ұи�ымдастыруға қатысты, бірақ нәтиже мен талқыны аи�тарлықтаи�
бөліп-жармаи�ды. Тараулардың осы түрін әдетте гуманитарлық бағыттағы
жобалардан көруге болады және олар ұи�ымдастырылуы тұрғысынан тақы-
рыптық болып келеді.
y
Нәтижелер.
Нәтижелер – негізгі сұрақтарыңызға
тапқан жауаптардың көрсе-
тілуі. Олар өңделмеген деректер де емес, теория тұрғысынан деректеріңіздің
толығымен абстракциялануы да емес. Керісінше, олар – сіз өте маңызды деп
есептейтін деректердің жиынтық сипаттамасы. Сондықтан зерттеу процесінде
сіз қойған сұрақтардың бәріне жауап жазуға деген қызығушылыққа қарсы тұра
алуыңыз керек. Нәтижеңіздің қайсысы негізгі, қызықты, үйретуші,
ақпаратқа қа-
нық екенін; зерттеу сұрағыңызға/гипотезаңызға қатысты кейске ненің сәйкес
келетінін көрсетіңіз. Тым көп ақпарат бермеңіз. Сандық және сапалық деректер-
ді презентациялау туралы 14–15-тарауларда айттық.
y
Талқылау.
Деректеріңізден бір нәрсе шығару. Мұндағы құрылым көбіне тақырып
бойынша құрастырылады және деректеріңізден туындаған оқиға желісімен бай-
ланыстырылады. Нені тапқаныңызды және нәтижелеріңіздің қолданылуы мен
өзектілігіне қатысты дәлелдерді көрсетудің жақсы мүмкіндігі. Сондықтан нәтиже-
лер бөлімі аса қарапайым болса да, талқылау тарауы/бөлімі нәтижелеріңізден
туындаған және мақсат пен міндетіңізге қол жеткізгеніңізді
көрсететін мақсатты
аргументтерден тұрады. Ол үшін деректеріңізді реттеп, міндетіңізді айқындаңыз.
Сапалық деректер жағдайында талқылау бөлімі көбінесе нәтижелер бөлімімен
біріктіріледі.
y
Қорытынды.
Қорытынды жасау – зерттеу процесіңіздің соңында қандай нәти-
жеге қол жеткізгеніңізді айту және мұны сенім ұялататын тәсілмен жобаңыздың
басты сұрақтары, мақсаттары және міндеттерімен байланыстыру. Әдетте қоры-
тынды бөлім/тарау қысқа болады (және оны талқылау бөлімін ескере отырып
жасаған жөн). Қорытындыда
жаңа материал ұсынуға болмайды, алайда жаңа
құрылым немесе модель ұсынып көріңіз. Бұлай жасау ауқымды мәселені аса тү-
сінікті мәнерде тұжырымдай бастағаныңызда ғана орынды болады.
435
Жазуды аяқтаудың қиындығы
y
Ұсыныстар.
Әлеуметтік ғылым зерттеуінде ұсыныстар көбінесе кейінгі зерттеу-
ге арналған ұсыныстармен шектеледі. Мұндай ұсыныстар жасалған зерттеудегі
шектеулер мен зерттеудің шегіне байланысты әрі қарай тексеру қажеттігі туын-
дайды. Мәселені түсінудің келесі логикалық қадамы әдебиеттерде ескерілмеген
мәселені анықтау негізінде жасалады. Бұл ұсыныстар әдетте қорытынды бөлімде
айтылады. Алайда қолданбалы ғылым зерттеуінде ұсыныстар зерттеу жұмысы-
ның соңындағы маңызды бөлігі және көбінесе өз алдына
жеке тарау ретінде жа-
зылады. Ондағы ұсыныстар нәтижемен тікелей байланысты, қолданбалы және
іске асыратындай болуы керек. Мұны уақыттың шегі, шығындары, күрделілігі
және қызығушылық танытқандардың қатысуы тұрғысынан топтастырыңыз.
y
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Мінсіздік! Мінсіз жазыңыз. Әдебиеттер тізімін
дұрыс жасауға арнайы уақыт бөліңіз. Мұны ең соңында жасағаныңыз жөн.
Достарыңызбен бөлісу: