431
Жазуды аяқтаудың қиындығы
5.
Әңгіме желісін құрастырыңыз.
Дәстүрлі немесе балама құрылымның қайсы-
сын қолдансаңыз да,
жұмысыңыздың басы, ортасы және аяғы болатыны анық.
Бірізді және тартымды оқиға желісімен оқырманыңызды алып жүруіңіз керек.
Зерттеу оқырманды еліктіруге, қызықтыруға және логикалық қорытындыға же-
телеуге тиіс. Оқиға желісі оқырман сұрауы мүмкін сұраққа қисынды жауап бере
алатынын бағалауға көмек беретін тексеру тізімі ретінде 16.1-кестені қолда-
ныңыз. Бұл процесті бастау үшін жақсы креатив тақырып; бір немесе бірнеше
драфт; бір беттік абстракт (зерттеушілер мұны өте қиын, бірақ ойды жинақтайды
деп есептейді) жазуға кеңес беремін.
6.
Сенім ұялататын аргументтер келтіруге дайын болыңыз.
Зерттеуді
мақсаты-
ңызға сай жазғаныңыз өте маңызды. Логикалық және сенім ұялататын аргу-
менттеріңізге орай, жазу сапаңыз бен зерттеуіңіздің сенімділігі айқындалады.
Зерттеудің негізгі себебін айтқанда, әдебиетке шолу жасағанда немесе әдістер-
ді, нәтижелерді, қорытындыны презентациялағанда зерттеу процесі резюмемен,
ақпарат берумен шектелмейді. Зерттеу жұмысы әлдеқайда ауқымды дүниені та-
лап етеді. Бұл – автордың сендіре алу, ойлану және
кейсті дәлелдеп шығу қабі-
летіне байланысты процесс. Аргументтеріңізді дұрыс деректермен және сілтеме-
лермен айтуыңыз да маңызды.
7.
Бірінші драфт нұсқаны жазыңыз.
Драфт жазамын деп ойлауыңыз мүмкін, ойлап
жүре беруіңіз, тіпті біраз уақыт сол оймен ғана қалуыңыз мүмкін. Драфтты өзіңіз
жазбасаңыз, ешкім жазып бермейді. Жазуды зерттеу процесінің нәтижесі емес,
ажырамас бір бөлігі десеңіз, бірінші драфт нұсқаңыздың қаңқасын дайындап ал-
саңыз, кейін оған қызыл ет жапсыра саласыз. Зерттеуді
аяқтаған соң ғана жазу-
ға кірісемін десеңіз, жазбаларыңызды түгел қағазға түсіруге тура келеді. Қандай
тәсілмен зерттеу жүргізсеңіз де, бірінші драфтты жазып шығуға осы уақыт жетеді
дегеннен әлдеқайда көп уақыт жұмсайтынын студенттер біледі.
8.
Дұрыс сын-пікірге құлақ асыңыз.
Оқырман зерттеуіңізден көп нәрсе күтуі мүм-
кін, сондықтан тәсіліңіз дұрыс емес екенін түсінген соңғы уақытқа дейін күтіп
жүре бермеңіз. Зерттеуде тәжірибелі немесе оқырманның не күтетінін білетін
маманға зерттеуіңіздің драфт нұсқасын көрсетіп алыңыз.
9.
Драфт нұсқаны қайта жазуға дайын болыңыз.
Көп жағдайда зерттеуіңіздің
драфт нұсқасын қайта жазасыз. Екінші немесе үшінші драфт нұсқасын жазбай,
бірінші нұсқасымен-ақ жұмысын жазып бітіретіндер өте аз.
Достарыңызбен бөлісу: