Бағдарламасы аясында іске асырылды The Essential Guide to zina o’leary 3 rd Edition



Pdf көрінісі
бет442/503
Дата01.04.2022
өлшемі7,43 Mb.
#137498
түріБағдарламасы
1   ...   438   439   440   441   442   443   444   445   ...   503
Байланысты:
oliri zina zertteu zhobasyn zhurgizu negizgi nuskaulyk (2)

 
y
Әдебиетке шолу жасау. 
Жазуыңыздың соңғы кезеңіне қолыңыздағы әдебиет-
терге шолудың драфт нұсқасымен жетесіз. Драфт нұсқаңыз жоқ болса, қазір бас-
таңыз! 6-тараудағы кеңеске құлақ асыңыз. Зерттеу жұмысыңыздың драфт нұсқа-
сы болса, оны қайта қараңыз, жаңа зерттеуіңізді қосыңыз және дәлелдеріңізді 
жүйелеп, күшейте түсіңіз. Бұрынғы зерттеуде қалай шолу жасалғанын көрсетіңіз. 
Жобаңыздың табиғатына қарай, бұрынғы зерттеуді қамтумен қатар, әдебиеттер-
ге шолуыңызда зерттеуіңізді тұжырымдамалық немесе теориялық құрылымға 
орналастыратын бөлім де бар болуы мүмкін.
 
y
Бәкграунд.
Бұл – оқырмандарға зерттеу ортасы, мәдениеті, саяси арнасы т.с.с 
туралы контексті ақпарат беретін аса жеңіл тарау/бөлім. Мысалы, зерттеуіңіз 
Палау елінің дәстүрлі мәдениетіне туризмнің төндіретін қаупі туралы болса, оқыр-
мандарыңызға осы елдің географиясына, туризмнің әлеуетіне, тарихына және 
мәдениетіне, сондай-ақ туризм саласындағы трендтерге қатысты ақпарат келті-
руіңіз керек. Дипломдық жұмысыңызда оқырманға керек дүниені ғана қамтуды 
есте сақтаңыз. Маңызды болмаса, қоспаңыз.
Зерттеу дизайны туралы бөлім
Зерттеу дизаи�ны туралы бөлім – зерттеу жұмысыңыздың негізгі өзегі. Бұл жо-
баңызды шынаи�ы зерттеу жұмысы ретінде аи�қындаи�ды. Сенім тудыру қабілеті 
осылаи� бағаланады. Қоғамдық ғылым саласындағы ғалым ретінде сіздің және 
жобаңыздың сенім тудыру қабілеті де сыналатын шақ.
 
y
Әдіснама.
Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдарда зерттеу дизайны әдісна-
маны немесе зерттеуіңізді ғылыми парадигмамен сәйкестендіру үшін қолда-
нылған ауқымды құрылымды талап етеді. Бұл бөлім теориялық болуы мүмкін. 
1-тарауда көрсетілген парадигмаларға қатысты пікірталастарды қарастырыңыз. 
Бұл бөлімде әдіснама шындық, объективтілік және білімді құрастыру туралы тү-
сінікті орнықтырады және зерттеуші пікірталастың ажырамас бөлігіне айналады. 
Сондай-ақ осы жерде зерттеуіңіздің орнын іс-әрекет зерттеуі, эксперименталды 
дизайн және феноменология сияқты сандық және сапалық тәсілдер тұрғысынан 
айқындайсыз.
 
y
Әдістер.
Барлық зерттеу дизайны респонденттерді қалай тапқаныңыз туралы 
ақпаратты (негізгі жиынтық және іріктеме/іріктеу процедуралары); деректерді 
жинау әдісін (сауалнама жүргізу, сұхбат алу және құжат талдау); талдау әдісі (ста-
тистикалық немесе тақырыптық талдау) қамтуы керек. Бұл бөлім (не жасайын 
деп жатқаныңызды көрсететін зерттеу ұсынысымен салыстырғанда) – не жаса-
ғаныңыздың қарапайым есебі.
 
y
Шектеулер/шектер.
5-тарауда қарастырылғандай, зерттеу процесі мен нәти-
желеріне ықпал еткен барлық факторларды анықтап көрсетіп шығыңыз. Бәрін 
ашып көрсету маңызды болғанымен, қайта-қайта ақталмаңыз. Кез келген шек-
теуге қарамастан жасаған, зерттеуіңіз бен дерегіңізге қатысты сенім тудыратын 
салмақты негіздеме ұсынуыңыз қажет.


434
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
 
y
Этикалық принциптер/бекіту процедураларды.
Соңында мына мәселелерді қа-
расыруыңыз керек: этикалық принциптер; зерттеуге қатысушылардың эмоция-
лық, физикалық және интеллектуалдық жағдайының жақсы болуына көз жеткізу 
үшін өзіңіз қабылдаған процестер; бекіту процесі. Тағы қайталап айтайын, бұл – 
баяндамадағы бөлімнің салыстырмалы жеңіл түрі. 
Соңғы бөлім
Нәтижелер мен талқылау тарауын/бөлімін жазудың үш тәсілі бар. Бірінші 
тәсіл – бір (немесе одан да көп) нәтижелер бөлімін, содан кеи�ін, бір (немесе 
одан да көп) талқылау бөлімін ұсыну. Бұл алдымен нәтижеңізді, содан соң 
талқылауды ұсындыңыз деген сөз. Екінші тәсіл – бір тараудағы/бөлімдегі 
бір тақырыппен баи�ланысты нәтижелерді және талқылауды ұи�ымдастыру. 
Ол ықтимал стратегиялық тақырыптар үшін маңызды. Үшінші тәсіл де тақы-
рыптық ұи�ымдастыруға қатысты, бірақ нәтиже мен талқыны аи�тарлықтаи�
бөліп-жармаи�ды. Тараулардың осы түрін әдетте гуманитарлық бағыттағы 
жобалардан көруге болады және олар ұи�ымдастырылуы тұрғысынан тақы-
рыптық болып келеді.
 
y
Нәтижелер. 
Нәтижелер – негізгі сұрақтарыңызға тапқан жауаптардың көрсе-
тілуі. Олар өңделмеген деректер де емес, теория тұрғысынан деректеріңіздің 
толығымен абстракциялануы да емес. Керісінше, олар – сіз өте маңызды деп 
есептейтін деректердің жиынтық сипаттамасы. Сондықтан зерттеу процесінде 
сіз қойған сұрақтардың бәріне жауап жазуға деген қызығушылыққа қарсы тұра 
алуыңыз керек. Нәтижеңіздің қайсысы негізгі, қызықты, үйретуші, ақпаратқа қа-
нық екенін; зерттеу сұрағыңызға/гипотезаңызға қатысты кейске ненің сәйкес 
келетінін көрсетіңіз. Тым көп ақпарат бермеңіз. Сандық және сапалық деректер-
ді презентациялау туралы 14–15-тарауларда айттық.
 
y
Талқылау.
Деректеріңізден бір нәрсе шығару. Мұндағы құрылым көбіне тақырып 
бойынша құрастырылады және деректеріңізден туындаған оқиға желісімен бай-
ланыстырылады. Нені тапқаныңызды және нәтижелеріңіздің қолданылуы мен 
өзектілігіне қатысты дәлелдерді көрсетудің жақсы мүмкіндігі. Сондықтан нәтиже-
лер бөлімі аса қарапайым болса да, талқылау тарауы/бөлімі нәтижелеріңізден 
туындаған және мақсат пен міндетіңізге қол жеткізгеніңізді көрсететін мақсатты 
аргументтерден тұрады. Ол үшін деректеріңізді реттеп, міндетіңізді айқындаңыз. 
Сапалық деректер жағдайында талқылау бөлімі көбінесе нәтижелер бөлімімен 
біріктіріледі.
 
y
Қорытынды.
Қорытынды жасау – зерттеу процесіңіздің соңында қандай нәти-
жеге қол жеткізгеніңізді айту және мұны сенім ұялататын тәсілмен жобаңыздың 
басты сұрақтары, мақсаттары және міндеттерімен байланыстыру. Әдетте қоры-
тынды бөлім/тарау қысқа болады (және оны талқылау бөлімін ескере отырып 
жасаған жөн). Қорытындыда жаңа материал ұсынуға болмайды, алайда жаңа 
құрылым немесе модель ұсынып көріңіз. Бұлай жасау ауқымды мәселені аса тү-
сінікті мәнерде тұжырымдай бастағаныңызда ғана орынды болады. 


435
Жазуды аяқтаудың қиындығы
 
y
Ұсыныстар.
Әлеуметтік ғылым зерттеуінде ұсыныстар көбінесе кейінгі зерттеу-
ге арналған ұсыныстармен шектеледі. Мұндай ұсыныстар жасалған зерттеудегі 
шектеулер мен зерттеудің шегіне байланысты әрі қарай тексеру қажеттігі туын-
дайды. Мәселені түсінудің келесі логикалық қадамы әдебиеттерде ескерілмеген 
мәселені анықтау негізінде жасалады. Бұл ұсыныстар әдетте қорытынды бөлімде 
айтылады. Алайда қолданбалы ғылым зерттеуінде ұсыныстар зерттеу жұмысы-
ның соңындағы маңызды бөлігі және көбінесе өз алдына жеке тарау ретінде жа-
зылады. Ондағы ұсыныстар нәтижемен тікелей байланысты, қолданбалы және 
іске асыратындай болуы керек. Мұны уақыттың шегі, шығындары, күрделілігі 
және қызығушылық танытқандардың қатысуы тұрғысынан топтастырыңыз.
 
y
Қолданылған әдебиеттер тізімі. 
Мінсіздік! Мінсіз жазыңыз. Әдебиеттер тізімін 
дұрыс жасауға арнайы уақыт бөліңіз. Мұны ең соңында жасағаныңыз жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   438   439   440   441   442   443   444   445   ...   503




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет