Зерттеу барысында жазу
Зерттеу барысының әр кезеңінде де жазуды маңызды процесс деп қарау ке-
рек. Зерттеу тереңдеген саи�ын жазуды да жалғастыра түсіңіз. Мысалы, бастапқы
ои�ыңызды түртіп алсаңыз, кіріспе және әдістер тарауының бірінші драфтты
жазып қои�ғаныңыз жөн; дереккөздерді де жазып отыру әдебиетке шолу тарауы-
ның бірінші драфтты жасауға жетелеи�ді. Бұл тараулар кеи�інірек дерек жинау
процесінде қаи�та драфталады. Алғашқы анализ, түртіп жазып отыру және дерек
жинау қорытынды тарауға қатысты жақсы драфт болуы мүмкін. Жазу, шын
мәнінде, жүргізіп жатқан зерттеуіңіз туралы ои�лануға көмектесетінін, паи�далы
тың ои�ға жетелеи�тінін есте сақтаңыз.
Тіпті «ертең жазамын ғои�» десеңіз де, өмірі кешеуілдетіп жүрсеңіз де, зерттеу
барысында жазуды қаламасаңыз да жазыңыз. Дерек жинап, анализді аяқтаған
соң, бәрін басынан жазудың ауыртпалығын көтергеннен, о бастан жазу әлдеқаи�-
да жақсы. Жазу машықты қажет етеді. Көбірек жазған саи�ын қаламыңыз ұштала
түседі. Зерттеу барысында жазуға және жазуды зерттеу соңына қалдырмауға
кеңес беремін. Жазуды зерттеу процесінің түсіндірмесі деп емес, ажырамас бір
бөлігі және тармағы деп қарасаңыз, жазу да күрмеуі қиын мәселе емес екенін
ұғасыз.
Достарыңызбен бөлісу: |