440
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Жақсы презентация жасау
Сонымен, зерттеу жұмысыңызды жазып шықтыңыз. Баршаға көрсете алатын
баяндама, дипломдық жұмыс не диссертация бар. Ауызша презентация жасау
үшін негізгі тұстарын PowerPoint-қа салып, аяқтауыңызға болады.
Алаи�да олаи� жасамаңыз! Зерттегеніңізді бітпеи�тін слаи�дтар тізбегіне салып
қои�ып, адамдарға не зерттеп, не тапқаныңызды тәптіштеп аи�ту тыңдарманға
ауыр тиеді. Соңғы рет қатысқан презентацияда слаи�дың 7-бетіне қарап отырған
едім. Слаи�дтың бұрышына көзім түсіп кетті. Сенесіз бе? Бұл 132 беттен тұратын
слаи�дтың 7-беті екен. Сол сәтте қатты уһілеп жіберген шығармын.
Маған сеніңіз, бұдан әлдеқаи�да жақсы презентация жасаи� аласыз. Қызық
емес, іш пыстырарлық, ешқандаи� әсер қалдырмаи�тын презентациялардан қа-
шыңыз. Қанша дегенмен керемет әсер қалдыратын презентацияларды бәріміз
білеміз ғои�. Олар аи�рықша әсер еткендіктен есте қалды. Басқалармен бөліскіміз
келгендіктен, ол презентацияларды ұмытпаи�мыз. Ынталандырғандықтан есте
сақтап жүрміз. Презентация өзіне еліктіретіндеи� болуы керек. Зерттеу жұмысы
презентациясының мақсаты – ақпаратпен бөлісу. Сондықтан презентацияңызды
жақсылап түсіндіріп, тыңдарманның қызығушылығын арттырғаныңыз жөн.
Достарыңызбен бөлісу: