Екі жақты қатысуды талап ететін зерттеу
– білім мен іс-әрекет жедел өзгеріс ту-
дыруға қолданылатын, эмансипаторлық мақсаттағы, бірақ іс-әрекетті талап ететін
зерттеу ауқымында жүргізіледі.
Еріктілер арасынан іріктеу
– еріктілерден сұрау арқылы үлгіні таңдау; мысалы, га-
зетке хабарландыру беру немесе жергілікті ұи�ымдарға бару.
Жабыла жинақтау тәсілімен іріктеу
– таныс адамдар арқылы болашақ зерттелу-
шілерді таңдау. Мысалы, бастапқы қатысушы ықтимал өзге зерттелушіні, ал ол өзге
біреуін көрсетіп береді.
Жалпыламалық
– іріктемеден, негізгі жиынтықтан, топтан алған жаңалықтар не-
месе қорытындыны ауқымды халық санына, өзге жиынтыққа, топқа тікелеи� қолда-
нуға болатынын/болмаи�тынын қарастыратын ұғым.
Жанама дәлел
– мәтінге қатысты қосымша ақпарат. Мысалы, авторы, аудиториясы,
мәтінді жазудың мән-жаи�ы, құжаттың түрі, стилі, жазу себебі, саяси мақсаты және т.б.
Жарамдылық
– ақиқаттың құндылығына баи�ланысты, мысалы, тұжырымдардың
дұрыс немесе бұрыс екенін анықтаи�ды. Сондаи�-ақ «Зерттелетін нысанаға әдіс, тәсіл,
техника шынымен де жарамды ма?» деген сұраққа жауап іздеи�ді.
Достарыңызбен бөлісу: |