Микроэкономика


Сұраныс және ұсыныстың ӛзара әрекеттестігі. Нарықтық



Pdf көрінісі
бет9/97
Дата06.04.2022
өлшемі3,68 Mb.
#138080
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   97
Байланысты:
Koshebaeva (1)

Сұраныс және ұсыныстың ӛзара әрекеттестігі. Нарықтық
тепе-теңдік 
Сұраныс және ұсыныстың ӛзара әрекеттестігі, оларды 
үйлестіру баға механизмі және бәсеке негізінде жүзеге 
асырылады. Бұл нарықтық тепе-теңдік және тепе-тең бағаның 
пайда болуына әкеледі (Р
Е
).
Тепе-теңдік бағаны (Р
E
) және тепе-теңдік кӛлемді (Q
E
) бекіту. 
Нарықтық тепе-теңдік – бұл нарықтағы жағдай, ӛнімге 


15 
(тауарға немесе қызметке) деген сұраныс кӛлемі оның ұсыныс 
кӛлеміне тең: Q
D
= Q
S

Тепе-тең баға (Р
Е
) - бәсекелес күштер әрекетінің нәтижесінде 
сұраныс және ұсынысты теңгеруші баға. 
1.7-сурет - Сұраныстың және ұсыныстың ӛзара әрекеттестігі 
 
Тепе-теңдік бағаны орнатуға екі негізгі амал бар: Л. Вальрас 
және А.Маршалл амалдары. 
Л.Вальрас амалының ең бастысы сұраныс және ұсыныс 
кӛлеміндегі айырмашылық болып табылады.
1.8-сурет – Вальрас бойынша тепе-теңдік
 


16 
Егер Р
1
баға кезінде сұраныстың (Q
2
– Q
1
) артықтығы болса, 
онда сатып алушылар бәсекелестігінің нәтижесінде әзірге 
тапшылық жойылмайынша, тауар бағасы кӛтеріле беретін 
болады. Сатушылар бәсекелестігі Р
2
баға (АВ ара қашықтық) 
кезінде ұсыныстар артықтығы жағдайында бағаның тӛмендеуіне 
және артықтың жойылғанына әкеледі (1.8-сурет). 
А. Маршалл амалының
ең бастысы бағалар (Р
2

1

айырмашылығы болып табылады, олардың бәрінен бұрын, 
сұраныс бағасы және ұсыныс
 
бағасының айырмашылығына қалай 
қарайтындығына байланысты болады. Сұраныс бағасы ұсыныс 
бағасынан неғұрлым кӛп болған сайын, соншалық ұсыныстың 
ӛсуі үшін ынта кӛп болады. Сұраныстардың ӛсуі бұл 
айырмашылықты қысқартады және соған қарамастан тепе-теңдік 
бағаға жетуге мүмкіндік туғызады: 
1.9-сурет – А. Маршалл бойынша тепе-теңдік 
Егерде ұсыныс бағасы сұраныс бағасынан артық болса, онда 
ұсынысты арттыру стимулы болмайды. Бұл жағдайда тепе-теңдік 
ұсыныс кӛлемінің азаю және ӛнім бағасының тӛмендеуі есебінен 
болады. 
Осылайша, нарық сұраныстың жоғары тӛлем қабілеттілігімен 
салалар пайдасына ресурстарды қайта бӛлуге мүмкіндік 
туғызады. 
Егер бағасыз факторлардың әсерінен сұраныстың кӛтерілуі 
ӛзгермейтін ұсыныс кезінде немесе ұсыныстың қысқаруы 
ӛзгермейтін сұраныс кезінде болатын болса, онда тауар 
(кӛрсетілетін қызметтер) бағасы ӛсетін болады. Керісінше, егер 


17 
ӛзгермейтін сұраныс кезінде ұсыныс кӛбейетін болса, онда баға 
тӛмендейді. 
Тепе-теңдікті орнатуға әсерін тигізетін бағасыз факторлар 
қатарына мынадай факторларды, уақыт факторы, баға белгілеу 
механизміне мемлекеттік араласу, монополияның ықпал етуі 
және басқа факторларды жатқызуға болады. 
Демек, А. Маршалл уақыт факторынан тәуелділіктегі тепе-
теңдіктің үш типін айырады: лездік, қысқа мерзімді және ұзақ 
мерзімді. Лездік тепе-теңдік ӛзгертілмеген ұсынысты дұрыс 
бӛлген кезде (Р) бағаны арттырады. Қысқа мерзімді тепе-теңдікте 
- ұсыныс ӛседі, бірақ кәсіпорындар саны ӛзгермейді. Қысқа 
мерзімді тепе-теңдік кезінде тек ауыспалы факторлар ғана 
ӛзгереді, тұрақты факторлар ӛзгермейді. Қалыпты ұзақ мерзімді 
тепе-теңдікте – кәсіпорындар саны, пайдаланылатын ресурстар 
кӛлемі ӛзгереді: баға ақырғы қорытындыда ӛзгертілген 
шығындарға бейімделеді. Бұл жағдайда мезеттік тепе-теңдік (Pm) 
бағасын, қысқа мерзімді тепе-теңдік (Pk) бағасын және ұзақ 
мерзімді тепе-теңдік (P
L
) бағасын ажыратады. 
Баға белгілеу механизміне мемлекеттің араласу мысалдарына, 
мысалы, бірінші қажеттілікте тауардың максимум бағасын 
немесе минимум еңбек ақыны белгілеу жатады. Мысалға, үкімет 
қанттың максимум еңбекақыны белгілеу жатады. Мысалға, 
үкімет қанттың максимум бағасын белгіледі дейік. Бұл іс-
шарадан болатын экономикалық әсерді графикалық түрде беруге 
болады: 
1.10-сурет - Мемлекеттің араласуы кезіндегі баға белгілеу 


18 
MN сызығы мемлекет қантқа белгілеген максимум бағаны 
бейнелейді. Егер шек қойылмаса, онда баға Е деңгейінде 
қалыптасар еді. Бұл жағдайда нақты сұранысты ( dd жағдайынан 
d’d’ жағдайына) теңбе-тең қысқарту үшін қантты тарату үшін 
ұсынысты тікелей немесе жанама үлестеу қажет. 
Егер монополияның бәсекелестік сұранысқа және ұсынысқа 
тигізетін әсерін қарастыратын болсақ, онда монополист ӛндірісті 
қысқарта алады және тұтынушыларды сұраныс қисығы бойынша 
неғұрлым жоғары бағалар аймағына қозғалта алатынын ескеру 
қажет. [2] 
Ӛзін-ӛзі тексеруге арналған сұрақтар: 
1.
Айналым моделі нені кӛрсетеді? 
2.
Сіз ресурстарды шектеу және таңдау қажеттілігі 
проблемасын қалай түсінесіз? 
3.
Игіліктердің сұранысы және ұсынысына әсерін тигізетін 
факторларды атаңыз. 
4.
Сұраныс заңы қалай қалыптасады? 
5.
Ұсыныс қисығының сол жаққа ығысуы нені білдіреді? 
6.
Нарықтық тепе-теңдік шарттарын атаңыз. 
7.
Қандай жағдайда тауарлар және кӛрсетілетін қызметтер 
тапшылығы пайда болады? 
8.
Баға
белгілеудегі мемлекеттік араласудың механизмі 
қандай? 
9.
Нарықтық тепе-тепдікті қарастыру кезінде А.Маршалл 
амалынан Л.Вальрэс амалының айырмашылығы неде? 
10.
Егер сұраныс функциясы Q
d
= 50 - 2Р болса, ал ұсыныс 
функциясы Q
s
– 20 + Р болса, тауардың тепе-теңдік саны неге 
тең? 


19 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет