«xviii сәтбаев оқулары» 1 Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет190/310
Дата07.04.2022
өлшемі4,76 Mb.
#138369
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   310
Байланысты:
614bfa4fc93940.60747302

«ОҚУШЫЛАР
»
сериясы
«XVIII СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ»
270
271
құруда Қазақстан саясатының атқаратын жетекші рөлі мемлекетті 
халықаралық аренада көшбасшы ел ретінде танытады. 
Қазіргі таңда еліміздің астанасын мәдени брендтердің бірі 
ретінде санауға болады. Ол үшін әр түрлі халықаралық фестивальдар 
өтілуде, мысалы: «Ұлы дала музыкасы», «Жаңа әлемдегі Еуразия 
мәдениеті», «Опералия». Оған қоса, мемлекеттік имиджді көтеру 
мақсатында ірі жергілікті компаниялардың ел пиары бойынша 
жұмысы жалғасуда. Сондай-ақ, ірі халықаралық жарнамалық 
ел жобалары жүргізілуде: Азиада-2011, Универсиада-2017, 
ЭКСПО-2017. Орталық Азия сарапшы мен неміс маманының
Михаэль Лаубштың айтуынша, The New York Times, The Los Angeles 
Times, Foreign Affairs сияқты басылымдарда мақаланы орналастыру 
құны 80 мың евроға дейін жетуі мүмкін [2], ал Батыста жасырынған 
ел пиарын жүзеге асыру үшін ірі пиар агенттіктерге бірнеше апта 
бойы жұмыс істеу керек, бірақ оның бағасы - 20-30 мың евроны 
құрайды [3]. Сол себептен, осы бағытта, әсіресе материалдық 
жақ пен жұмыс атқарудың көлеміне, аса көніл бөлуіміз керек. 
Қазақстанның жалпы бейнесін құру үшін еліміздің ерекшеліктерін 
ескере отырып, тек Қазақстанға тән отандық тауар не қызметтің 
таңдап, насихаттау қажет. Біздің жеріміздің пайдалы қазбалар, тарих 
пен мәдени орындары көп. МұнайГаз сияқты компаниялар жиналып 
белгілі бір жүйені жасап, ұлттық брендті құра алады, себебі әлемдік 
нарықта оның әйгілілігі бар. Елбасымыздың 13 шілдедегі 2015 
жылғы тапсырмасы бойынша EXPO-2017 жоғары деңгейде өтілуі 
тиіс. Қазақстан барлық жоспарланған мақсаттарға жетті. Көрменің 
аясында «131 767 992 теңгені құрайтын 84 495 дана лицензиялық 
өнімдер сатылды, көрменің екі ай жұмыс аралығында 537,8 тонна 
өнімдер әкелінді. Қоғамдық тамақтану орындарында 558,7 мың 
келушілерге қызмет көрсетілді. Тауар айналымының жалпы 
сомасы 905,7 млн. теңгені құрады» [4]. EXPO-2017 халықаралық 
көрмесі - елдің имиджінің көтерудегі маңызды іс-шара. Оның әлсіз 
жағы - көрменің ішіндегі тауар мен ас үшін жоғары бағалар, олар 
қарапайым қазастандықтар үшін қымбат болды.
Қазақстанның имиджін халықаралық аренада қалай көтеруімен 
байланысты мәселе тек ел пиарын қажет етеді дегенді білдірмейді, 
себебі ел брендингінің теріс жақтары да бар. Батыс БАҚ көздерінде 
«Қазақстан - пілдердің туған жері» деген бұрыс ақпарат та орын 
алған кездер де болды. Аталмыш мәселе отандық имидж саясатының 
жетік дамымауына байланысты, қазіргі имидж саясаты әлем 
халықтарының біздің мемлекетті өздігінен тануына емес, керісінше, 
өзге елдердегі басшылық түсінігінің қалыптасуына бағыталған. 
Демек, осындай саясаттың ірі жарнамалық жобалары экотуризмнің, 
төл гастрономияның, дәстүрлі экономиканың дамуына мүмкіндік 
бермейді. Мемлекеттік имиджді көтеру өте маңызды, шыңымен 
де Қазақстан осы бағытты даму үшін зор қаржы-қаражат бөлуде. 
Мысалы, тек «Ақпараттық-имидждік саясаттың іске асырылуын 
қамтамасыз ету» үшін 3 227 957 теңге бөлінді. Жақсы имиджді 
қалыптасу үшін Қазақстан бірнеше халықаралық мүшесі болып 
саналады: Кеден Одағы, ШЫҰ, БҰҰ, ЕҚЫҰ. «Халықаралық 
ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық 
және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін 
білдіру» үшін ұлттық қордан 399 685 теңге жұмсалады [5]. Дамыған 
елдерімен салыстырсақ, АҚШ 500 миллион долларға, ал Ресей 159 
миллион долларға жуық бөлінеді.Қазақ халықаралық қатынастары 
және әлем тілдері университетінің профессоры, Багиля Ахатованың, 
айтуынша ел брендингі Қазақстанның халықаралық аренадағы 
өкілдігінің тұрғысынан өзекті болып табылады, геобрендинг жеке 
аумақтарды дамыту және насихаттауда зор үлес қосуда. Сарапшы 
мысал ретінде жарты ғасыр бұрын орын алған оқиғаны еске 
түсірді: Сон мен Луар француз департаментін халықаралық аренаға 
шығарып, оны насихаттауға бағытталған тәжірибесін айта кетті [6]. 
Әлем деңгейінде атағы шыға қоймаған Франция аймағы маркетинг 
әдістерін сауатты бейімдеу арқасында, өзінің гастрономия және 
шарап жасай алу өнерімен талай туристердің бетін өзіне қаратып, 
инвесторларды тартты.
Геобрендинг ұғымы белгілі бір аймақтың ұсынатын өнімдерімен, 
нақты географиялық аспектілерімен тығыз байланысты. Сарапшы 
Ахатованың ойынша, аумақтардың ілгері жылжып танылуы жоғары 
сапалы тауарларды экспортқа ұсынуды қажет етеді. «Қазақстанды 
шетелдік клиенттерге таныстыратын ұлттық брендтер бар, бірақ 
шындыққа келгенде, олардың саны аз. Геобрендинг дамуы үшін 
кәсіпкелерді қолдау қажет», - деді сарапшы. 10 қарашада жарық 
көрген Австриялық «Profil» журналындағы мақаласында Астананың 
еліміздің имиджін австриялықтарға таныту мақсатында Вена 
адвокат кеңсесіне миллиондаған евро бөлгені туралы жарияланды. 
Олардың негізгі мақсаты - елдің пиары, яғни Қазақстанның 
құқықтық жүйесінің имиджін арттыру. Сөйтіп, Қазақстанның 
басты мүддесінің бірі - еліміздің имиджін көтеру, сондықтан оған 
белгілі бір қаржы-қаражат бөлінуі тиіс. АҚШ пен Еуропада пиарға 
арналған іс-әрекеттер Қазақстан елшіліктері арасында бөлінеді, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет