«xviii сәтбаев оқулары» 1 Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет191/310
Дата07.04.2022
өлшемі4,76 Mb.
#138369
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   310
Байланысты:
614bfa4fc93940.60747302

«ОҚУШЫЛАР
»
сериясы
«XVIII СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ»
272
273
олар Германиядағы Media Consulta сияқты жергілікті фирмалар 
арқылы өз жұмысын атқарады, кейбір агенттіктер тікелей Астанамен 
де байланысты. Сонымен қатар, Париждегі Marston-Nicholson 
агенттігі Қазақстанды әлемге танытуға бағытталған іс-шараларды 
ұйымдастырумен айналысады. Сауалнама мен сұхбат нәтижесі 
көзделген тақырыбынның маңыздылығын дәлелдеді.
Көзделген отандық имиджбен байланысты мәселені сыни 
тұрғыда жан-жақты қарастыру мен бағалау үшін SWOT талдауын 
таңдадым, осы әдіс арқылы Қазақстанның имиджінің барлық 
күшті мен әлсіз жақтарын, мүмкіндіктер мен қауптерін белгілеуге 
болады. Күшті жақтары туралы айтсақ, ең алдымен Қазақстанда 
жүргізілетін іс- шараларға көңіл аударуымыз керек. Біріншіден, 
имиджді жақсарту мақсатында Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың 
«Қазақстан Республикасының модернизациясы: Жалпыға ортақ 
Еңбек Қоғамына жиырма қадам» атты баяндамасында ең негізгі 
міндеттеріміздің бірін мәдениеттің дамуын белгіледі: «...тұлғаның 
рухани өнегелік дамуы, мінез-құлық және қарым-қатынас 
мәдениетін, адам өмірінің құнды екендігін түсінуі мен өзінің 
әлемдегі орнын және неге жаралғандығын түсінуі осы рухани 
өнегелік мәдениетті құраушы компоненттер болып табылады» [7]. 
Оған қоса, Н.Ә. Назарбаев ұсынған «Мәдени мұра» бағдарламасы 
ел беделін көтеруіне оң ықпал етеді. Осы бағдарлама арқылы 
Қазақстан өзін түркі өркениеттің орталығы ретінде айқындап, 
бұған өзгенің назарын аударту мақсатында «Мәдени Мұраның» 
міндеттері мен жалпы мазмұны ЮНЕСКО-ның Париждегі 
штаб-пәтерінде таныстырылды. Бағдарлама аясында «Қазақ 
музыкасының антологияс
ы», «Мәңгілік сарын: қазақтың 1000 күй, 
1000 әні» деген жобалар өз орнын тапты, яғни бүкіл ән және күйдің 
топтамасы сандық программалық құрал
дарына көшірілді.«Мәдени 
мұра» бағдарламасының аясында (2008 - 2011) 78 мәдени және 
тарих ескерткіштері жаңадан жөндеуден өтті, олардың 28-і – 
реставрацияланған; 26 ғылыми-қолданбалы, 40 археологиялық 
зерттеулер жүргізілді. Оған қоса, тарихи маңызы бар мемлекеттік 
218 объект пен жергілікті 11 277 объекттердің тізімі қабылданды 
[8] Еліміз ЮНЕСКОның «Жібек жолы-диалогтар жолы» атты 
жобаның белсенді қатысушыларының бірі. Жобамен айналысу 
барысында 31 мәдени және тарихи ескерткіш туралы сөз етілді. 
Еліміздің ең негізгі мақсаттарының бірі - мәдениет саласындағы 
жетістіктерді көрсету. Талдаудың қорытындысы бойынша осы 
бағытты дамытуда Қазақстанның көптеген мүмкіндіктері бар, яғни 
қазіргі танда мәдени мұра мен рухани байлықтарды сақтау үшін 
белсенді жұмыс істелуде. Бұл, негізінен, Тәуелсіздіктің алғашқы 
жылдарынан бастап ұлттық мәдениетті қалпына келтіруге және 
сақтауға бағытталған саясатты жүзеге асыратын Елбасы Н.Ә. 
Назарбаевтің бастамасымен байланысты. Тәуелсіздік жылдарында 
еліміздің мәдениет саласында айтарлықтай жетістіктерге қолы 
жетті. Еліміздің бірегей бәсекелестік артықшылықтарын көрсетіп, 
ұлттық брендингін құру үшін үлкен мүмкіндіктер бар. Отандық 
ерекшіліктерін ескере отырып, ұлттық брендті құраймыз.
Әлсіз жақтарын сыни тұрғыда түрлі салаларға жіктеп 
қарастыруға болады. Мемлекетіміздің имиджің қалыптастыратын ең 
негізгі құралдар: мұнай мен табиғи газ ресурс көздері, халықаралық 
іс-шаралар, шетелдік мақалалар, әйгілі адамдар. Өнеркәсіптің 
жағымсыз жағы - көптеген ірі зауыт пен фабрикалар шетелдік 
инвесторларға тәуелді. Мысалы, Каспий өңірінде орналасқан аса зор 
Қашаған кен орны жобасының иелері АҚШ пен Еуроодақтың елдері. 
Сөйтіп, барлау, өндіру, қызмет көрсету, тасымалдау функцияларын 
басқа компаниялар жүзеге асырады да өз еліне қаржыны аударады. 
Осы мәселенің салдарынан мемлекетімізге төнетін келесідей 
қауіп-қатерлер бар: біріншіден, АҚШ сияқты дамыған елдер 
ірі кәсіпорындарға иелік ету құралдары арқылы Қазақстанның 
белгілі бір аумақтарында өз геосаясатын жүргізе алу мүмкіндігі, 
антисаяси қозғалыстар болуы мүмкін. Оған коса, Қашаған жобасына
$116 млрд. теңге кұйылды, болашақта қайтаратын сома - $136 млрд. 
теңге және одан да көп [9] Алайда мұнай бағасының тұрақсыздығын 
ескере отырсақ, осы болжау жүзеге аспайды. Жобаның аясында ауыр 
апат болуы мүмкін, сол себептен пайдалы қазбалар бар орындардан 
алыс емес тұратын адамдардың аурулардың пайда болуы қауіпі 
бар. Сонымен қатар, EXPO-2017, Универсиада-2017 сияқты үлкен 
жобаларды жүргізу үшін көп ақша бөлінеді. Мысалы, EXPO-2017 
көрмесін жүргізу үшін республикалық бюджеттен 530,5 млрд 
тенге жұмсалды [10]. Оған қоса, америкалық «Foreign Policy» атты 
журналы Астанада өткен EXPO-2017 халықаралық көрмесі туралы 
репортаж жариялаған. Осы мақалада Джеймс Палмер объективті 
емес жағынан жазды, сол себептен шетелдіктердің бойында бұрыс 
ақпараттың таратылуы қауіпі бар.
Қазақстан Республикасының сыртқы имиджі - ең маңызды 
аспектілерінің бірі болып табылады. Бұл жерде ребрендинг туралы 
айтқан дұрыс. Қазақстан дегеніміз не? Қазақстанды сыртқы елдер 
бүгін қалай қабылдайды? Қазақстан көшбасшы амбицияларға ие 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет