«ОҚУШЫЛАР » сериясы «XVIII СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ» 420
421
баруға мәжбүр болды. «Жетім» ұғымының анықтамасына келетін
болсақ, бұл да бір тарихи сипатқа ие термин.
Сонымен әлеуметтік жетімдік - ерекше күрделі, біздің
қоғамдағы жалпы шешілмеген әлеуметтік-экономикалық мәселелер
жағдайы. Қазақстан Республикасында жетім балаларды кәмелетке
толғанша мемлекет тікелей қамқорлығына алады, сондай-ақ
кәмелетке жеткеннен кейін де олардың жоғары оқу орындарына
қабылдануына, жұмысқа орналасуына, баспанамен қамтамасыз
етілуіне заңдарда белгіленген негіздерде түрлі жеңілдіктер
көрсетіледі. Жетім ұғымымен қатар кейінгі кезде «Әлеуметтік
жетім» ұғымы қолданыста бар.
«Әлеуметтік жетімдер» дегеніміз – белгілі бір себептерге
байланысты ата-аналары құқығынан айырылғандардың балалары
және тастанды балалар. Әлеуметтік жетімдер балалардың ерекше
категориясы. Олардың рухани және адамгершілік құндылықтары,
тәртіп мәдениеті туралы түсініктері теріс, себебі олар толық
жанұялық тәрбие көрмеген. Оларға тән қасиеттер: агрессия,
алаңдаушылық, мінездегі жат қылықтар. Аталып отырған мәселе
қоғамда кеңінен орын алуда, сондықтан да одан сырт айналу қажет
емес. Бұл мәселе жөнінде мемлекет тарапынан атқарылып жатқан
іс-шараларды жүздеген мектеп-интернаттардың, балалар үйі мен
мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мекемелердің және т.б.
ұйымдардың
Бөлімі қорытындылай келгенде, біз әлеуметтік жетім балалар
мәселесі қаншалықты өткір мәселе екендігіне, соның ішінде
әлеуметтік жетімдердің санының артып отырғандығына қандай
жағдайлар себеп болып отырғандығына көз жеткіздік. Әлеуметтік
жетім балалардың мәселесін тиімді шешу үшін, жетім балалар
туралы бұқаралық ақпарат көздеріне айдарларды көбейту, халықты
дұрыс ақпараттандыру; отбасылық жетім балалар ауылдарын
көбейту; патронаттық отбасыны көбейту; сонымен қатар жетім
балалармен әлеуметтік жұмыс жасау технологиясын дамыту.
Балалар үйінде арнайы ұсынылған әдістермен бағдарламалық
жоспарлар арқылы жүргізілген тәрбие жұмысының мәліметтерін
өзара салыстырмалы талдау қалыптастыру эксперименті
нәтижелерінің қажетті деңгейге көтерілгенін, яғни, ғылыми
теориялық мақсатына және болжамға сәйкес белгіленген
міндеттерінің толық шешілгенін көрсетті. Жасалған «Әлеуметтік
жетім балаларды қорғау мәселелері» модульдік бағдарламасы,
«Әлеуметтік жетім балаларды құқығы» оқу-әдістемелік құралы
балалар үйінде, мектеп-интернаттардың оқу-тәрбие үдерісінде және
арнайы курсты жүргізуде оқу-бағдарламалық құралдармен бірдей
қызмет атқарды.
Балалар үйіндегі жетім балалардың теориялық тұрғыдан
зерттеп, жүйелеу және тәжірибеден өткізу негізінде қол жеткен
нәтижелер төмендегі ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді:
– жетім балалармен жұмыс жасайтын кәсіби мамандардың
рухани құндылықтарын жетілдіру;
– жасөспірімдердің бойындағы ұлттық сана-сезімін, қадір-
қасиеттерін, рухани құндылықтарын қалыптастыру;
– жетім балалардың функцианалдық сауаттылықтарын арттыру;
– Әлеуметтік жетімдердің тұрғын үйгн кезекте тұру уақытын
23-тен 26 жасқа
дейін ұзарту.
Соңғы жылдардағы көптеген әлеуметтік зерттеулер балалар
үйіне орналасқан балалар мен бітірушілердің әлеуметтік
бейімделуінің күрделі мәселелері барын көрсетті. Бұл мәселелерді
шешу бүгінгі таңдағы кезек күттірмес міндеттердің бірі.
Ғылыми жобаның негізінде балалар үйіндегі жетім балаларды
мәселесін жан-жақты қарастырдық, түбегейлі талдадық деген ойдан
аулақпыз. Келешекте бұл мәселе жалғасын табады деп есептеймін.
ӘДЕБИЕТТЕР
1 Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы»
Заңы
2 Мәдениет журналы №8 (59) тамыз 2014 жыл 12-13 беттер
3 «Тұрғын үй туралы» ҚР заңнамасы