«xviii сәтбаев оқулары» 1 Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет110/310
Дата07.04.2022
өлшемі4,76 Mb.
#138369
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   310
Байланысты:
614bfa4fc93940.60747302

«ОҚУШЫЛАР
»
сериясы
«XVIII СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ»
144
145
байқауларын қоса жазып отырған. Соңғы айтылғандары Мәшһүр 
Жүсіптің естігенін құр жазып алумен ғана емес, оларды саралап, 
белгілі бір тарихи жағдай, ел ахуалымен салыстырып отырған 
зерттеушілік еңбегін көрсетеді. 
Мәшһүр-Жүсіптің 
«Өлең және қара сөз ғибраты»
шығармасында ана тілінің ерекшелігін қадір тұтқандығын өзінің 
сөз саптау шеберлігімен көрсете білген. Ол өзінің қара сөз 
үлгісінде жазған шығармасында мынау заманның қайда баратынын, 
пендешілікке салынбай, нәпсіңе тыйым салу, ас табылса да, дос 
табылмайтынын сынап айтқан. Риторикалық сұрақ арқылы айтып, 
өзі жауап беріп отырды. Осы шығармада қазақ мақалдарын да 
шеберлікпен орынды қолдана білген. Осыған дәлел ретінде 
2003 
жылы «Алаш»
баспасынан жарық көрген көп томдық шығармалар 
жинағынан мысал келтіре кетейік. 
Аққан суды құйып алатұғын ешкімде түбі бүтін ыдыстың 
жоқтығынан, су қалпынан асып кетіп, арнасының өзін бұзып, дал-
дал қылды. Ақпайын десе, құдай жаратқан бұлақтың көзі, ағайын 
десе, қалай ағарын, қалай барарын білмей аң-таң. Аң-таң болатығұны 
– мынау замана тиғир (тифир) тауыпты, халық-жұрттың ортасынан 
опа қашыпты. Ол опа қашқанда жалғыз қашқан жоқ, сахилықты, 
өміруат, адамгершілікті ертіп алып, үшеуі бірге ілесіп алып шығып 
кетіпті. Бұл үшеуінің орнында үш нәрсе қалыпты: опа орнына
 –
мұнафиқлық, сахилық орнына – сараңдық, мәруат орнына – хұсүдлік
[3, 55 б.]

Халықтың жақсысының өнері-зорлық жаманының өнері-
ұрлық. Бұл екеуі қолынан келмейтұғын жамандардың өнері өтірік 
болып, қара пұл үшін жанын сатып, тірінің түгін қоймай жұлып, 
өліктен кебін дәметіп, жақсы арын сатып, жаман жарын 
(иарын)
сатып, шешен сөзін сатып, ата-ана ұл мен қызын сатып, имандар 
Құдайға қылған құлшылығын ғауамдардың назарына сатып, 
молдалар оқыған оқуын шартық қошқар, шынжау тайға сатып 
(айырбастап
кетті)
кетті. 
Бұқара жұрт қой мысалды, хакімдер қасқыр болып, екі даугер 
шырылдаған бақа, билер оны жыландай сорып, бай малынан 
айырылып, жоқ жақынан айырылғандығын сынап айтады. 
«Адам 
қалай қылғанда адам
болады?!»
мұндағы жүгірген аңнан, ғибрат 
алып, солардың мінезімен мінезденбесе, аш арыстан жүректі 
болып келсе, балуан жолбарыс білекті болып келсе, досы көп 
болып, дұшпаны жоқ адамнан осы екеуінің жүрегі, білегі табылады 
деген. Бұл келтірілген мысалдарға 
сахилық, жарын (иарын) 
деген 
араб сөзі, келе-келе қазақтың төл ұғымына сай сіңісті лексемаға 
айналып үлгерді. Осы сөздер халықтың ауызекі сөйлеу тілі мен 
көркем әдебиет тілінде қатар қолданылып жүр. Мәшһүр Жүсіп осы 
шығармасында араб сөздерінің түсінігінде айтып кеткен. Мысалы: 
Өнер – зағыт (араб), ғибрат алу – нызафит (араб), әдепті, ибалы 
болу – ғафаша (араб) 
деп атайды [4, 16 б.]. 
Мәшһүр Жүсіптің өмір сүрген тұсы – бір рудың малын екінші 
бір рудың елі барымталап, шетке шыққан жылқы-сиырын сіңіріп 
кете беретін, әлсіздің күш қараң, күштінің сөзі жүріп тұрған 
феодалдық қоғамның нағыз қаны тамып тұрған кезі еді. Оқу іздеп, 
өнер қуып жүрген бірде бір жасты көре алмаған ақын халыққа өнер 
ізден, ұрлық-зорлық озбырлық жасағандарың не? – дейді. 
Жоғарыда келтірілген мысалдардан ақынның осы ойын 
байқап, сөз өнерін өте жоғары бағалағандығын көруге болады. Ол 
адамзат баласының бір-бірімен табыспайтын, жақындаспайтын 
кезі болмайтынын, олар бір-бірінің ішкі жан сырын сөйлеу 
арқылы түсініседі, ұғысады деген [5, 42 б.]. Ұшқан құс, жүгірген 
аң – жануарлардың тілі жоқтан хайуан атанғандығын айтады. 
Бұл жерде адамның 
«ұшқан құс, жүгірген аңнан»
артықтығы 
– ақылдылығында екендігін айтып отыр. Халқымыздың асыл 
қазынасының бірі – мақал-мәтелді қара сөз ғибратында орынды 
қолданған. 
«Қарға табанымен басып жейді, сұңқар шашып жейді», 
«Қарғаға – балшық, сұңқарға - тамлық», «Өнерлі өрге
жүзеді», 
«Киімі жаманды ит қабады, Пейілі жаманды Тәңірі табады», 
«Ит
– опа, қатын – жапа», «Ақымақ өз күшендесін өзі бағады», 
«Түйе тұзға тоқтайды, жігіт қызға тоқтайды». Енді бір мақал: 
«Тұз десе, түйе
тоқтайды, Төркін десе, қыз тоқтайды», «Ешкі егіз 
табады, ит сегіз
табады, шошқа тоғыз табады», «Қой дегенше, 
қонақ қой», «Тұрымтай екеш
тұрымтай да тайлы биенің етін 
жейді», «Бір тауыққа һәм дән керек, һәм
су керек»
деген [6, 116 б.]. 
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы мақал мен мәтелдерді тақырыптарға 
бөліп, жік-жігімен топтап, өлеңдерінде де қолдана білген. Мысалы, 
«Тар жол, тайғақ жерлерге», «Жаяудың шаңы шықпас», «Халықтың 
тілі, құдайдың қаламы», «Еккен орар, берген алар», «Жүзден жүйрік, 
мыңған тұлпар шығады» 
(«Қолыма қағаз қалам алайын да» өлеңінен), 
«Қажы келмей, дауға жарымайсың» 
(«Қажылық, иман шарттары» 
өлеңінен), 
«Асыл-тастан, өнер-жастан» 
(Бұлақ көзі), 
«Еңбексіз 
халал емес ішкен ас» 
(Сүлеймен мен
Ібіліс), 
«Аш атасын танымас», 
«Қайғысыздың қарны тоқ», «Өлім жолы иненің көзі» 
(Соқыр, саңырау 
және жалаңаш), 
«Оқу бар да, молда бар» 
(Толқын), 
«Бай жұмақты 
сатып алар», «Жылқы жоққа күлкі жоқ», «Дұшпанға таба – досқа күлкі 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет