Клиническая медицина Медицина и экология, 2021, 3


Медицинское и фармацевтическое образование



Pdf көрінісі
бет69/92
Дата08.04.2022
өлшемі3,93 Mb.
#138389
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   92
Байланысты:
Journal3-21

Медицинское и фармацевтическое образование
 


48 
Клиническая медицина 
шылық ойлауын, ғылыми көзқарасы мен бел-
сенділігін ұшқырлау, өз бетімен білім алу 
дағдыларын дамыту болып табылады. Пәннің 
мақсаттары мен міндеттері қоғам дамуының 
экономикалық және құқықтық зандылықтарды 
және тиімді қызмет ету мәселелері туралы 
білімдер мен дағдаларды қалыптастыруға 
бағытталған. Экономика ғылымының, кәсіпкер-
ліктің жіне медицина саласындағы құқықтық 
реттеудің өзекті мәселелері.[2] 
Оқыту процесін тиімді ұйымдастыру, 
жеке пәндер арасындағы ортақ ұғымдарды 
заңдылықтарды бір-бірімен өзара байланысты-
ру, студенттердің танымдық, ізденушілік қабі-
леттерін, іс-әрекеттерін дамыту, алған білім-
дерін жинақтау, тәжірибеде қолдана білуге 
үйрету және тағы баска мәселелер дидакти-
калық тұрғыдан шешуді қажет етеді. Пәнара-
лық байланыстардың бір пайдалы жағы ол 
бүкіл оқыту ісін, барлық оқытушыларға бірың-
ғай талаптар қоюға және әр түрлі пәндерде 
ортақ мүддені шешуге жұмылдырады. Пәна-
ралық байланыстарды жүзеге асырудың жол-
дарына мыналарды жатқызуға болады: жеке 
пәнді оқытқанда басқа пәндерді оқыту ісіне өз 
ықпалын тигізетіндей болуын көздеу; пәндерді 
оқып үйренуде өтілетін материалдарды уақыт 
жағынан үйлестіріп отыру; студенттердің ғы-
лыми теориялар мен заңдылықтарды игеруің, 
олардың жинақтылығымен әдістерімен, дағды-
ларымен сабақтастыра қалыптастыру; жалпы 
теориялық білім алуды және практикалық 
іскерліктер мен дағдыларды бірыңғай әдіспен 
жүзеге асыру; әр түрлі пәндердің зерттеу 
әдістерінің ортақ ерекшеліктерін көрсете білу; 
сабақтарда оқылатын құбылыстардың өзара 
байланысын ашып, дұрыс дидактикалық дү-
ниетаным қалыптастыру.[2] 
Қазіргі таңда әлемде кез- келген мем-
лекеттің қай салада болмасын қарқынды алға 
басуында экономиканың дамуы маңызды роль 
атқарады, ал бұл саланың ешқандай кедергісіз 
жүзеге асырып отыру үшін заң саласы екені 
бәрімізге мәлім. Кафедра оқытушысы Алиева 
Г. Г. ашық сабақ өткізді. Сол себепті, бұл пәна-
ралық байланыс арқылы өткен ашық сабақтың 
негізгі мақсаты: Қазіргі нарықтық экономика 
жағдайында бәсекелестіктің тиімділігі, отбасы 
мен еңбек құқығының сауаттылығын арттыру 
болып табылды. Осы мақсатқа жету бары-
сында студенттер әртүрлі әдістер мен тапсыр-
маларды орындау арқылы өз білімдерін ортаға 
салды. [1] 
Студенттерге арналған алғашқы тап-
сырма олардың берілген тақырыпқа қатысты 
білім деңгейін тексеру мақсатында жүргізілген 
тест сынамалары болды. Олардың алдымен 
берілген тапсырмаларды жеке, кейін топпен 
ақылдаса отырып жауап беруі арқылы білім 
деңгейлері тексеріліп, жеке және топта жұмыс 
істеу деңгейлері бақыланды. 
Студенттерге қойылған келесі талап 
олардың үй тапсырмаларын тексеру болды. 
Бұл кезең өте қызықты өтті, студенттердің 
бәсекелестікке қабілетін сынау мақсатында 
оларға берілген медицина саласында өздерінің 
клиникаларын ашу тақырыбына берілген тап-
сырманы олар жоғары деңгейде алып шықты. 
Өздерінің сұранысқа ие әрі жоғары сапалы 
клиникаларын ашып, ең үздік клиника екен-
дерін дәлелдеу мақсатында түрлі жарнамалар 
жүргізіп, таныстыру жұмыстары болды. Әрбір 
таныстырылып өткен клиникалардың әртүрлі 
ерекшеліктері бар. Мысалы, бір клиника жоға-
ры сапалы нанотехнология нәтижесінде пайда 
болған құрылғылармен жұмыс жасаймыз десе, 
енді бірі шетелдік мамандармен тәжірбие 
алмаса отырып жұмыс жасайтындарын жеткіз-
ді және де қазіргі таңда еліміздегі тағы бір 
мәселені шешу мақсатында ауыл- аудандарға 
медициналық құрылғылармен жабдықталған 
ақылды жедел- жәрдем көліктері болатынын 
басқа да клиникалар айтып өтті. Сонымен қо-
са, бұл кезеңде студенттерге экономика және 
құқық салары бойынша бірнеше талаптар 
қойылды. Клиниканы ашу барысында экономи-
ка тұрғысынан қаржы мәселесін шешу, марке-
тинг, кәсіби мамандарды жұмысқа алу, лого-
тип ойлап табу, бәсекелестікке қабілетті болу 
деген секілді талаптар болса, осы жұмыстарды 
заң жүзінде реттеп, бір жүйеге келтіру үшін 
құқық саласы бойынша ең алдымен, клини-
каны ашу үшін лицензия алу, жұмысқа алын-
ған мамандардың еңбек шартының болуы, 
оларға төленетін жалақы мөлшері, жұмыс 
уақыты, сақтандыру секілді талаптар қойылды. 
Бұл кезеңде студенттер өздерінің бәсекеге 
қабілетті екендерін әрі болашақта өз клини-
каларын аша алатындықтарын көрсетіп, төре-
шілерден өздерінің тиісті бағаларын алды. 
Соңғы кезең студенттердің құқық сала-
сындағы білімдерін тексеру мақсатында жағда-
яттық есептер берілді. Бұл жағдаяттық есеп-
терге жауап беру барысында заңда көрсе-
тілген баптарды көрсетулері керек болды. 
Студенттер бұл тапсырманы да мүдірмей 
орындап шықты. .[1] 
Қорытындылай келе, кәсіпкерлік тео-
рия негіздері және құқық негіздері пәндерінің 
қосылуы нәтижесінде болып өткен пәнаралық 
ашық сабақ өз мақсатына толықтай жетті, 
студенттер жоғары деңгейде тапсырмаларға 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет