Клиническая медицина Қазіргі кезде елімізде денсаулық сақтау
саласын дамыту мақсатында көптеген түрлі
жұмыстар мен әдістер жүргізілуде. Әсіресе,
осы салада оқитын студенттерді білімді де
білікті өз жұмысына жауапты, бәсекеге қабі-
летті маман етіп дайындау мақсатында оқу
барысында түрлі белсенді әдістер қолданылып
келуде. Жастардың бойындағы рухани сана
қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негі-
зі жұмыстың басты өзегі болды. Белсенді
оқыту әдістерінің басты принципі –
студенттің
«мен істей алмаймын», «мен білмеймін» деген
ұстанымдарына тосқауыл қою. Еркін кеңістік
принципін ұстану ұсынылады: сабақ қатысу-
шылары еркін қозғалуына, шеңбер бойынша
орналасуына, кіші топтарда бірігіп жұмыс
істеуіне болады, мәселені шешу, тапсырманы
орындау үшін жекелене алады және т.б.
жатқызуға болады.[1]
Белсенді оқыту әдістеріне мәселелі
дәрістер, мәселелі семинарлар, тақырыптық
дискуссиялар,дөңгелек үстел, милық шабуыл,
педагогикалық ойын жаттығулары тәжірибе
жинау жатады.[1]
Білім беру жүйесінің құрылымына не-
месе дағдылануға байланысты әртүрлі бағытта
белсенді әдістер: имитационды және имита-
ционды емес болып бөлінеді.
Имитациялық оқыту түрі ойын түрінде
немесе ойын емес түрде кездеседі. Ойын тү-
ріндегі әдістерге рөлдік, іскерлік ойындар,
мәселелі-іскерлік (5-6 студенттен тұратын топ
жағдайды талдайды және өзбетінше шешім
қабылдайды, оқытушы тек шешім қабылдауға
әсер етеді, бірақ ол дайын жауаптарды ұсын-
байды), зерттеу (ғылыми жоба), ұйымдастыру-
танымдық (эссе құрастыру), ұйымдастыру-
іскерлік ойындар (портфолио), блиц-ойындар
(сұрақ-жауап), ойындық жобалау түрлері
жатады. Ал, ойын емес түрде өтетін әдістерге
ситуацияны нақты анализі, ситуациялық тап-
сырмаларды шешу, имитация- жаттығу және
индивидуалды тренингті жатқызуға болады.[2]
Имитациялық емес әдістер өзімен бірге
мәселелік дәрістерді, зерттеу әдістерін, оқу
талдауын, конференцияларды және студенттің
өзіндік жұмыстарын қарастырады.
Іскерлік оқыту –
бұл принцип, концеп-
ция, әдістер мен жолдарды тек түсіну ғана
емес, алған білімін есте сақтау қабілеті және
тәжірибеде қолдану мүмкіндігі.[1]
Берілген оқыту түрлері кәсіби әрекет
етуді көрсетумен сипатталады, сондықтан
медициналық ЖОО да оқу үрдісінде белсенді
қолданылуы қажет.
Тәжірибе алмасу мақсатында Қазақс-
тан тарихы және ӘСП кафедрасының ассоции-
рованный профессоры Қ. А. Темірғалиев және
кафедраның оқытушысы А. Б. Долгополов О.
А. Байқоныров атындағы Жезқазған Универси-
тетіне ЖОО-ның ПОҚ академиялық ұтқырлық
бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде са-
пары болды. Бұрынырақ бекітілген тақырып-
тық жоспармен Гуманитарлық-педагогикалық
және Тау-технологиялық институттардың 1-ші
және 2-ші курстарының академиялық топта-
рында «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»
және «Дінтану» пәндері бойынша дәрістер