Дін мәдениеттануы



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата08.04.2022
өлшемі174,61 Kb.
#138454
1   2   3   4
Байланысты:
Тақ. 4. Мәдениет формалары дін, мораль, өнер-конвертирован

Мораль
қоғамдық сананың көне формасы. Ол дін, өнер пайда болғанға 
дейін сонау алғашқы қауымдық қоғамда пайда болды. Мораль ненің не 
екенін ажырата, не істеуі керектігін біле бастаған уақытта пайда болды. 
Мораль кәзіргі әлемді екінші әлеммен , қағидасы орындалуға тиісті әлеммен 
өзгертуге ұмтылатын айрықша ерекшелік. Болуға тиісті жүріс-тұрыс 
мұратын анықтайтын құндылықтар жүйесі мораль деп аталады. 
Қандай да бір қоғамның аясында ерекшеленген мораль талаптары жалпы 
моральі бар және оған тиісті бүкіл субъектіні қамтиды. Ол мораль норманың 
тәртібін, принціпін өзіне адамдық қарым-қатынастар мәдениетінің мәнін 
сіңіреді, адамзаттың мәдени тәжрибиесінің қажетті бөлігін қарайды. Олар 
өмір құбылысы мен анықталған қарым –қатынас пен қызыметтің белгілі 
түрлерін қолдайды, реттейді, рұқсат етеді. Мораль ерекше нормативтік – 
реттегіш жүйе бола отыра, өз міндеті бойынша құқыққа , дәстүрге, әдет – 
ғұрыпқа жақын. Алайда оның елеулі ерекшелігі бар: моральдің 
нормаларымен принциптері, әдеттегідей , еш жерде белгіленбейді, олар 
адамдардың өзара араласу процесінде аяқасты пайда болады және олардың 
мәдени-тарихи , өмірлік тәжрибиесін көрсетеді. 
Адам өз мақсатын іске асыру кезінде елемеуге құқығы жоқ моральдық 
талаптар бар. Осы тақылеттес моральдық императивтерге «өлтірме!» , «өз 
әкеңді қадір тұт!» «жақындарыңды құрметте» , «өз абыройыңды қорлатпа» 
қағидаларын жатқызуға болады.Мораль мен оның табиғаты әр уақытта 


адамды қызықтырып келеді. Мораль туралы түсініктер жүйесі ең алдымен , 
филасофиялық ғылымда көрінеді, оны этика зерттейді. 
Қазіргі мәдениетте моральді зерттеуге жеткілікті орын беріледі. Оның 
теориялық-аксиологиялық қырлары, әлеуметтік мәселелері, қолданбалық 
қырлары зерттеледі.Мораль кесімді жауаптарды көздемейді. Бұл адам 
өмірінің қалыптасқан мәселелерінің шешімі, шексіз түсіну саласы, оны 
шешуге тек қана моральдық нормалар мен уағыздарды білу ғана емес, 
сондай-ақ өмірлік тәжрибие, жан-дүниенің зеректігі , жүректің күші 
негізіндегі оларды тұрақты ой елегінен өткізу , қайта бағалау көмектеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет