Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: «9-сынып оқушыларына функционалды стильдерді игеруде тілдік портфельді ұтымды пайдалану жолдары» 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет10/44
Дата11.04.2022
өлшемі1,15 Mb.
#138810
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   44
Байланысты:
Ғымынбек Ғ дипломдық жұмыс (1)

функционалды стилистика

Функционалды стилистика
қоғамның әр алуан саласында тілдің 
қолданысқа түсу заңдылықтары әрі сөздің базалық, экстралингвистикалық 
және стиль құраушы факторлардың ықпалынан пайда болған. Функционалды 
стилистика қолданыс тілі стилистикасы деп те аталады. Стилистиканың 
негізгі бағыттарының бірі - 
тіл құралдары (ресурстар

стилистикасы
. Тіл 
құралдары стилистикасы 
тіл стилистикасы
деп те аталынады. Тіл 
құралдары стилистикасы сөздердің, барлық тілдік деңгейлердегі тұлға-
бірліктердің қызмет ету амалдарын қарастырады.
Стиль - тарихи категория болғандықтан, даму эволюциясы уақыт өткен 
сайын күрделене түсетіндіктен, даму бағыттары да көбейді. Стилистика 
зерттеу нысандарының ауқымына, көлеміне байланысты жалпы стилистика, 
салыстырмалы-салғастырмалы стилистика, ішінара стилистика, дара 
стилистика деп аталады. 
Жалпы стилистиканың айналасында жоғарыдағы төрт бағыттан басқа 
кішігірім аспектіде қаралатын бағыттары бар екендігі ғалымдар тарапынан
айтылып жүр. Олардың қатарына жататындар: тарихи стилистика, 
салыстырмалы стилистика, кодтау стилистикасы, декодтау стилистикасы, 
экспрессивтік стилистика. 
Жалпы тіл ғылымында тарихи стилистика аз зерттелген (орыс тіл 
ғылымында осындай көзқарастар кездеседі). Қазақ тіл ғылымында қазақ 
әдеби тіл тарихына байланысты зерттелген Р.Сыздықова, Б.Әбілқасымов, 
С.Исаев т.б. еңбектерін атауға болады.
Тарихи стилистика функционалды стильдердің пайда болуын 
қарастырады, яғни ұлттық әдеби тілдегі стилистикалық әдіс-тәсілдер, қазақ 
әдеби тілі тарихында функционалды стильдердің алатын орны, әдеби тілдің 
даму тарихындағы функционалды стильдердің рөлі мен маңызы сөз болады.
Тарихи стилистика диахронды зерттеулер негізінде стильдің даму 
тарихын, олардың пайда болу, қалыптасу дәуірін толық басшылыққа ала 
отырып, зерттеуді мақсат етеді. Диахронды аспектіде зерттеулер қазақ тілі 
стилистикасында әлі зертеу нысанына толық іліккен жоқ. Қазақ 
стилистикасы үшін де бұл әлі күрделі мәселе болып отыр.
Кез келген ғылым саласы үшін диахрондық аспектіде зерттеу тарихи 
тұрғыдан сол ғылым саласы үшін өте қажет. Ал, қазіргі уақытта қазақ тілі 
үшін тәжірибеде пайдалы нәтиже бере алатын ғылымның бар мүмкіндік 



тұғырын айқындайтын, прагматикалық мақсат көздейтін синхрондық 
сипаттағы стилистика мәселесі маңызды орынға ие болып отыр.
Қазіргі қазақ тілі стилистикасын жалпы прагматикалық аспектіде 
тұтастай зерттеуге мүмкіндік беретін синхронды тұрғыдағы стилистика 
жетекші рөл атқарып отыр. 
Сол сияқты стилистиканың ерекше қызғылықты бағытарының бірі- 
экспрессивтік стилистика. 
Экспрессивтік стилистика - тілдегі экспрессивтік әдіс-тәсілдерді оқып 
үйретеді. Қазіргі стилистикада көріктеу, шеберлік тәсілдері көркем әдебиет 
стиліне ғана тән деп қарауға болмайды, ол барлық стиль түрлерінде 
коммуникативті-прагматикалық мақсатпен жүзеге асатын шеберлік тәсілдері 
экспрессивтік стилистикада жан-жақты көрініс табады.
Стилистика ғылымының даму тарихында басқа ғылымдар сияқты өзге де 
пәндермен арақатынасы, байланысы артты. Жалпы тіл ғылымында ХХ 
ғасырдың ІІ жартысынан бастап гуманитарлық ғылымдар саласында 
парадигматика мәселесі орнықты, қарым-қатынас процесіндегі тілдің қызметі 
мен грамматиканың белсенді әрекеті (қызметі) сөйлеу жағдайындағы күрделі 
проблемаға ғалымдар назар аудара бастады.
Шетел ғылымында сөз және оның мағынасы мен тілді меңгеру 
контекске, әлеуметтік ситуацияға қатысты екені жария бола бастады. ХХ 
ғасырдың соңғы ширегіне қарай адамның танымдық қызметі мен іс-әрекетін 
жан-жақты зерттеу ғылымның өзекті мәселесіне айналып, өзіндік зерттеу
нысанына ілікті.
Адамды тіл арқылы, тіл арқылы адамды зерттеу мәселесін шешу де 
стилистиканың да зерттеу нысаны болады. Адам өзінің ғылыми, мәдени, 
әлеуметтік талаптарын қанағаттандыратын ұғымдар (концепт) әлемін жасау 
үшін ақпараттарды тілдік арнадан алады. Адамның ақыл-ойының, 
көзқарасының, дүниені танып білуінің жиынтығы философиядағы сана, 
психологиядағы сезім, когнитологиядағы таным арқылы қарастырылады. 
Сана, сезім, таным белгілі таңбалар арқылы айтушы мен қабылдаушының 
өзара әрекеттестігінде белгілі кеңістікке тарайды. Осы кеңістіктегі барлық 
құбылысқа «ой салып, түрткі болып оятатын» таңбаның әрекеті. Олар 
функционалды стильдер өрісінде де қолданыс табады да өз нәтижесін беріп 
отырады.
Стилистика ғылымы аясының кеңеюіне сөйлеу актілерінің теориясы мен 
прагматиканың дамуы үлкен ықпал етті. Яғни тілді оқып үйрену оның 
дәстүрлі тілдің құрылымдық зерттеу аспектілерінің аясынан ығыстырыла 
бастады. Адамның тілді пайдалану мәселесі психология, логика, когнитивті 
лингвистика, әлеуметтану, лингвомәдениеттану т.б. көптеген салаларда 
кеңінен қарастырыла бастады.
Сөйтіп, стилистиканың өзге ғылым салаларынан ерекшелігі: тілдік 
құралдарды басқаша қырынан – қызмет ету, қолданылуы тұрғысынан, сол 
арқылы олардың адамға әсер етуі жағынан зерттейді (ал фонетика, 
грамматика, лексикология тілдің, тілдік элементтердің құрылысын 


10 
зерттейді). Мысалы, лексикология синонимдерді құр атап көрсетеді, ал 
олардың қайсысы қандай жағдайда қолданылуын көрсету – стилистиканың 
міндеті. 
Демек, стилистика тілдік құрылымның элементтерін фонетика, 
лексикология, грамматика сияқты құрылысы мен мағыналары жағынан 
зерттеумен шектелмейді, сонымен бірге олардың қолданыс кезіндегі 
ерекшеліктерін, мағыналық, эмоционалдық реңктерін, қабылдаушыға әсер 
ету мүмкіндіктерін айқындайды. 
Мұның бәрі қандай тіл болмасын құрылымы, құрылысы жағынан толық 
анықталып болғаннан кейін ғана мүмкін болады. Сондықтан қазақ тілінің 
стилистикасы да ғылым ретінде қазақ тілінің дыбыстық құрылымы, сөздік 
құрамы, грамматикалық құрылысы толық зерттеліп болғаннан кейін ғана 
дүниеге келді. Бұл стилистиканың басқа ғылым салаларынан кейінірек пайда 
болғанын дәлелдейді. Осыған байланысты болса керек, В.В.Виноградов: 
«Тілдік құралдардың әсер ету сапаларын зерттей отырып, сөздік құрамдағы, 
сөз 
таптарындағы, 
синтаксистік 
құрылымдардағы 
синонимдік 
эквиваленттерді, варианттарды айқындай отырып, стилистика тілді 
зерттеудің өзіндік бір биік шыңы, ұлттық тілдік мәдениетті арттырудың 
теориялық негізі болып табылады»,

дейді [3, 6 б.]. 
Тіл білімінде стилистиканың жалпыға бірдей қалыптасқан анықтамасы 
жоқ. Мұның бір себебі өзінің қалыптасуы барысында тіл білімінің бұл саласы 
әр түрлі бағыттардың құрамында дамыды. Алғашқы кезде көркем тілді 
зерттеу аясында дамыса, соңғы кездері оның зерттеу нысаны әлдеқайда 
кеңейіп, тармақтала түсті.
 
Жалпы мәнінде алсақ, стилистика тілдің мәнерлі құралдары туралы, 
сонымен қоса тілдік құралдарды сөйлеудің мазмұнына, қарым-қатынастың 
мақсатына, жағдайы мен саласына сәйкес қолдану, яғни тілдің қызмет ету 
заңдылықтары туралы ілім деп анықтауға болады. Қарым-қатынастың 
анағұрлым жинақталған, әлеуметтік мәнге ие болған ондай салаларына 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет