ТЕОРИЯ И ПРАКТИКА ОБУЧЕНИЯ
үздіксіздіктің бірлігі деген сөз. Сан жағынан
үздіксіз даму сатысы сапаны өзгертпейді,
бірақ ол үшін алғы шарттар жасайды.
Егер жердің су қабатында жүріп жатқан
физикалық-химиялық үрдістер біртіндеп
тиісті жағдайлар әзірлемеген болса, онда
өлі материядан тіршілік пайда болмаған
болар еді. Тірі заттың пайда болуы өлі
материядағы жәй ғана бір жаңа сан өзгерісі
емес, керісінше, оның түбірлі сапалық
өзгерісі, жаңа қасиеттері, заңдылықтары
бар материяның мүлдем жаңа түрінің тууы
болып табылады. Міне, бұл – дамудағы
үздіксіздік.
Диалектиканың даму заңдылығы
негізіндегі үздіксіздік педагогикалық
ғылымында тігінен, көлденеңінен
динамикалық икемділік пен әмбебап
болу қажеттігін білдіреді. Демек, үздіксіз
білім – толассыз, тоқтаусыз білім, ешқашан
аяқталмайтын, өміршең білім. Үздіксіз білім
адамның өмірге келген күнінен басталып,
өмірінің соңғы күніне дейін бітпейтін
үрдіс, қазіргі «өмір бойы білім» қағидасы
– білімнің үздіксіздігі идеясының заңды
жалғасы.
Н.Лобанов «үздіксіз білім беру»
терминін үш мағынада қарастырған.
Біріншіден, үздіксіз білім беру – адам-
ның бүкіл еңбек жолын қамтитын жүйелі
ұйымдастырылған үрдіс. Екіншіден, үздіксіз
білім беру адамның бүкіл өміріне қажетті
кәсіби білімдерді (белгілі бір жұмысқа
қажетті) және басқа білімдерді үздіксіз,
мақсатты түрде меңгеру үрдісі. Үшіншіден,
үздіксіз білім беру күнделікті және ғылыми
білімді ұрпақтан ұрпаққа тікелей оқыту әдісі
арқылы үздіксіз меңгерту тәсілі ретіндегі
білім беру үрдісі.
Осы тұрғыдан алғанда үздіксіз
білім берудегі экологиялық тәрбие
сабақтастығының теориялық-әдіснамалық
мәнін ашу, сабақтастық мәселесінің
философиялық аспектілеріне тоқталуды
міндеттейді. Философиялық әдебиеттерде
нақты ғылымдар арқылы ақиқатты тану
үрдісінде бас көтеретін мәселелерді зерттеу
үш бағытта жүргізілуі қажет:
- ғылымның барлық түпкі негіздерін,
қағидаларын білу мүмкіндігі;
- сол қағидалардан ғылымға қажетті
қорытындыларды, салдарларды шығара
білу;
- осы ғылым жайлы бұрын-соңды
айтылған пікірлерді талдап, түзете білу.
Сабақтастықты әдіснамалық ұстаным
ретінде анықтай отырып, Э.Баллер
«Сабақтастық – бұл дамудың әртүрлі
кезеңдері немесе сатылары арасындағы
байланыс, оның мәні тұтас жүйе ретіндегі
бүтінді өзгерту барысында, бүтіннің қандай
да бір элементтерін немесе жеке тұстарын
сақтаудан білінеді. Сабақтастық терістеуді
терістеу заңының маңызды жақтарының бірі
болып табылады» деген тұжырымға келеді,
бұдан даму үрдісінің бағыттылығын, оның
әртүрлі кезеңдерінің нақты кезектестігін,
циклдық сипатын байқауға болады [3].
Үздіксіз білім беру үрдісіне сәйкес
түрлі сатылар арасында экологиялық
тәрбие сабақтастығының қамтамасыз
етудің қажеттілігі туындайды. Ол дегеніміз,
біріншіден, экологиялық білімнің әлемдік
дейгейдегі күрделі мәселе екендігіне мән
беріліп, екіншіден, экологиялық тәрбие
сабақтастығы қамтамасыздандырылып,
үшіншіден, өмір бойы білім алу, яғни,
экологиялық білімді жетілдіріп отыру.
Демек, үздіксіз білім беру үрдісіндегі
экология тәрбиелік сабақтастығы жаңа
білімнің ескіні ығыстыра отырып, оның
кейбір элементтерін өзінде сақтап қалатын
байланыс; ол экологиялық білім берудің
түрлі сатылары арасындағы қажетті
байланыстар мен дұрыс арақатынасты
құрудан тұрады.
Үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие
сабақтастығының дамуға әсері болу үшін
мынадай қысқаша қорытындылар мен
ұсыныстар береміз:
1) Барлық пәндерді экологияландыру
қажет.
2) ҚР мемлекеттік бағдарламасына
сәйкес үздіксіз оқу мен тәрбие жүйесін
қолдану:
- мектепке дейінгі мекемелерге
|