Қазақстан Республикасының Конституциясы



Pdf көрінісі
бет14/129
Дата12.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#138962
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   129
Байланысты:
kz-konstituciyasy

 
62-бап
1. Парламент Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар Қазақстан 
Республикасының заңдары, Парламенттiң қаулылары, Сенат пен Мәжілістiң қаулылары 
түрiнде заң актілерін қабылдайды.
2. Республиканың заңдары Республика Президентi қол қойғаннан кейiн күшiне енедi.
3. Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар әр Палата депутаттары жалпы 
санының кемiнде төрттен үшiнiң көпшiлiк даусымен енгiзiледi.
4. Конституциялық заңдар Конституцияда көзделген мәселелер бойынша әр Палата 
депутаттарының жалпы санының кемiнде үштен екiсiнiң көпшiлiк даусымен 
қабылданады.
5. Парламент пен оның Палаталарының заң актілері, егер Конституцияда өзгеше 
көзделмесе, Палаталар депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады.
6. Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу 
мәселелері бойынша кемінде екі оқылым өткізу міндетті.


7. Республиканың заңдары, Парламент пен оның Палаталарының қаулылары 
Конституцияға қайшы келмеуге тиiс. Парламент пен оның Палаталарының қаулылары 
заңдарға қайшы келмеуге тиiс.
8. Республиканың заң және өзге де нормативтiк құқықтық актілерін әзiрлеу, ұсыну, 
талқылау, күшiне енгізу және жариялау тәртібі арнаулы заңмен және Парламент пен оның 
Палаталарының регламенттерiмен реттеледi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет