4) акциялар, облигациялар, басқа да бағалы қағаздар және салымдар (депозиттер)
бойынша алынған дивидендтер (кiрiстер, сыйақы (мүдде);
5) заңмен тыйым салынбаған басқа да түсiмдер, заң актілерiне сәйкес, коммерциялық
емес ұйымның мүлкін ақшалай және өзге де нысандардағы құрау көздерi болып табылады.
2. Коммерциялық емес ұйымдардың жекелеген түрлерiнiң кiрiс көздерiне заң
актілерімен шектеулер қойылуы мүмкiн.
3. Құрылтайшылардан (қатысушылардан, мүшелерден) түсетiн қаржы және өзге де
қаражат түсiмдерiнiң тәртібі коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарында
белгiленедi.
4. Коммерциялық емес ұйымның мүлкiн, ақшалай нысаннан басқа, заттай және өзге
нысандарда құрауға құрылтайшылардың салымдары барлық құрылтайшылардың келісімi
бойынша ақшалай нысанда бағаланады. Егер мұндай салымның құны жиырма мың айлық
есептiк көрсеткiшке тең сомадан асып кетсе, оны бағалауды аудиторлық ұйым растауға
тиiс.
36-бап
. Мүдделер қайшылығы
1. Коммерциялық емес ұйым мен мүдделi адамдардың арасындағы ұйымның мүлкiн
пайдалануға байланысты мәмiлелер мүдделер қайшылығы орын алуын ұйғарымдайды.
2. Коммерциялық емес ұйымның басқару органының (басшылық етушi органының)
мүшелерi, сондай-ақ осы өз ұйымымен жеке өзi немесе өкiлi арқылы мәмiлелер
жасасатын, ұйыммен қатынастарына орай өз мүлкiмен ұйымға билiк етуге ықпал ете
алатын адамдар мүдделi адамдар деп танылады.
3. Коммерциялық емес ұйым мүдделi адамдардың туыстарымен, сондай-ақ олардың
кредит берушiлерiмен мәмiлелер жасаса да мүдделер қайшылығы ұйғарымдалады.
37-бап
. Мүдделер қайшылығын шешу
Мүдделер қайшылығы ұйғарымдалған мәмiленi коммерциялық емес ұйымның
уәкiлеттi органы бекiтуге тиiс. Мүдделi адам осындай мәмiле жасасудың ұйғарымдалғаны
туралы ұйымның уәкiлеттi органын хабардар етуге тиiс.
Егер мәмiленi уәкiлеттi органдар бекiтпеген болса, мүдделер қайшылығы орын алған
мұндай мәмiленiң жасалуы нәтижесiнде коммерциялық емес ұйымға келтiрiлген
шығындардың орнын толтыруға мүдделi адам жауап бередi.
Шығындардың орнын толтыруға қоса, осындай мүдделi адам осындай мәмiленi жасау
нәтижесiнде алған сол адамның бүкiл кiрiсiн коммерциялық емес ұйымға қайтаруға тиiс.
Егер шығындар бiрнеше мүдделi адамның iс-қимылдары нәтижесiнде туындаған
болса, олар коммерциялық емес ұйымның алдында ортақ жауап беруi тиiс.
Достарыңызбен бөлісу: