32
Бізде басқа сұрақ жоқ.
Пікір-ұсынысың:
Ақындардың жүрген жері болушы еді жиын-той,
Табан асты өлеңменен айта алам ба түйінді ой?!
Осы қызық сабақты мен қимай кетіп барамын,
Бәрінен де, құрып кеткір, қоштасулар қиын ғой!
Шынымды айтсам, осыдан артық марапат болады деп ойламаймын.
Жап-жас маманның шабытын оятқан менің 1-2 сағаттық семинарым және
ақын жанды жүрегінен ұшып шыққан шынайы шумақтар маған әлі күнге
биікке ұмтылғанда сенім сыйлап, жетістікке жетелеуде қанат байлап келе
жатқандай. «Көркем сөз – жанның сәулесі»- деп Ғ.Мүсірепов айтқандай,
сөз өнерінің құдіреттілігі мен адам жанына сәуле сыйлар қасиеті, міне,
осы шығар. Ахмет Байтұрсынов айтқан «оқушыға беймәлім өмірді
танытатын қуатты құрал- көркем әдебиетті» тиісті деңгейде оқыту -мен
үшін үлкен жауапкершілік әрі маңызды міндет. «Балалардың бойында
ұлы мүмкіншіліктердің бәрі бар».(Т.Фуллер) Қазіргі заман жастарының
осы сиқырлы сөз өнерін ажырамас серігі және өмір сүру шартының
маңызды бөлігі етулері үшін еңбек етіп жүргенімді мақтаныш етемін.
Келешекте олар да «ақындарын әкімдерден артық сыйлар кез келетініне»
сеніп, сөз өнерінің сансыз жанашырлары, қорғаушылары, мақтаныштары,
зерттеушілеір мен жарық жұлдыздары көптеп пайда болатынына сенемін!
Достарыңызбен бөлісу: