Қазақ тілінен эссе жазудың ҚҰрылымы



Pdf көрінісі
бет25/57
Дата14.04.2022
өлшемі1,13 Mb.
#139280
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   57
Байланысты:
эссе жазуға көмекКІТАП

Сөз сиқыры 
Жоспар
І Кіріспе 
Туған тіліме деген махаббат 
ІІ Негізгі бөлім 
1. Бейімдіні байқаған ұстаз бақытты 
2. Сөзбен шабыт сыйлар мамандық 
ІІІ Қорытынды 
Жан сәулесі –көркем сөз 
Ана тілін армансыз бойға сіңіріңіздер, 
 өйткені бабаларымыздың ғұмыр тәжірибесі,
дүниетанымы, мінез- құлқы, өзіндік
болмыс-бітімі осы тілде қаттаулы жатыр. 
 Н.Ә.Назарбаев 
Түркі дүниесінің данышпаны Қорқыт бабаның атымен аталатын 
институттың филология факультетін «Қызыл дипломмен» бітіргенім, сол оқу 
орнында қалдырылып, қазақ әдебиеті кафедрасында қызмет еткенім, шырайлы 
Шымкент қаласында ашылған облыстық дарынды балалар мектеп-интернатында 
өткізген 11 жылым, Астанадағы Заң университетінде және қала мектептерінде 
қазақ тілінің қыр-сырын үйрету үшін үлкенді-кішілі атқарған қызметтерім- 
осының бәрі туған халқымның тіл-әдебиетіне деген махаббат пен ерекше 
ықыласымды оята білген ұстаздарымның арқасы деп білемін. Жыр елі- Сыр 
елінің сарқынындай бойымдағы қабілет пен бейімділіктің бәрі де М.Мәметова 


31 
атындағы педучилище қабырғасына 15 жасымда келгеннен соң, ақын 
ұстаздарым: С.Желдербаева, Р.Наурызбаевалардан бастау алды деп ойлаймын. 
Қызылорда пединститутының профессорлары, марқұм Ә.Байжолов пен 
М.Бимағанбетов деген ғалымдардың атын да ерекше атағым келеді. Жалпы, 
менің туған жерге деген сағынышым осындай игі жақсылардың атымен 
байланысты болатынын да айрықша мақтанышпен айта аламын. Ол есімдердің 
әрбірі - бір-бір көркем туындыға арқау бола алатын мен үшін ұлы тұлғалар.
Мұғалімдермен өткізетін кез келген бас қосу адамды біраз желпіндіріп
педагогикалық шеберлікті шыңдай түсуге ықпал етеді емес пе?! Мәселен, 
мен шәкірттерімнің не әріптестерімнің жанарынан алғыс сезімі мен 
ризалық ұшқынын аңғара алсам, өзімді дүниедегі ең бақытты жанмын деп 
есептеймін. Бірақ қазір өзімді солай бақытты сезінген сәттерімнің санын 
нақты білмеймін және сөзбен айтып та бере алмаймын. Дегенмен, 
жаратушыма алғыс айтып, ұстаздық қызметімнің жемісін көру дегеннің 
сол сәттерден тұратынын сеземін. Бейімділік – оянып келе жатқан 
қабілеттің алғашқы белгісі. Ендеше, бірде оқушы бойынан сөз өнеріне 
деген осындай қабілеттілікті танып, оны тілші, журналист, әдебиетші 
болуға жетелеген болармын. Сөз зергері Ғ.Мүсірепов «Талантқа қанат 
болар сезім емес, сенім болу керек»- дегендей, енді бірде оқушының 
талантына қанат бітіріп, сенім білдірген шығармын. Әйтеуір, бала жанын 
мұңайғанда сөзбен жұбата, ал қуанғанда сөзбен шабыттандыра білер 
мамандық тізгінін ұстағанымның есепсіз пайдасын іштей сеземін. Бұндай 
көзге көрінбейтін жұмыстар арқылы көзге көрінбейтін, бірақ бала 
тағдырына айрықша өзгеріс ендіретін игі жақсы істер атқарылып 
жататынын сеніммен айта аламын. Себебі 
«Адам тағдырын тәрбие шешеді, тәрбие құралы- сөз»-деген 
О.Сүлейменов. 
Оқушыдан байқап жүрген сөз әлемінің сыр-сипаты осы болса, жалпы 
сөз сиқыры менің өзіме де қатты әсер ететінін аңғарғаным бар. Бірде 
кезекті шеберлік сабағымнан алған әсерлерін «Шығу парағына» жазып 
берулерін өтінгенімде, бір жас маманның табан астында өлеңмен жауап 
қайтарғаны: 
Сұрақ: Нені білгің келеді? 
Жауап:
Өлең дейтін өр мұхитқа қосылайын бұлақ боп, 
Алда талай армандар бар, мақсаттар бар, мұрат көп. 
Дәл осындай жақсы сабақ енді қашан болмақшы? 


32 
Бізде басқа сұрақ жоқ. 
Пікір-ұсынысың: 
Ақындардың жүрген жері болушы еді жиын-той, 
Табан асты өлеңменен айта алам ба түйінді ой?! 
Осы қызық сабақты мен қимай кетіп барамын, 
Бәрінен де, құрып кеткір, қоштасулар қиын ғой! 
Шынымды айтсам, осыдан артық марапат болады деп ойламаймын. 
Жап-жас маманның шабытын оятқан менің 1-2 сағаттық семинарым және 
ақын жанды жүрегінен ұшып шыққан шынайы шумақтар маған әлі күнге 
биікке ұмтылғанда сенім сыйлап, жетістікке жетелеуде қанат байлап келе 
жатқандай. «Көркем сөз – жанның сәулесі»- деп Ғ.Мүсірепов айтқандай,
сөз өнерінің құдіреттілігі мен адам жанына сәуле сыйлар қасиеті, міне, 
осы шығар. Ахмет Байтұрсынов айтқан «оқушыға беймәлім өмірді 
танытатын қуатты құрал- көркем әдебиетті» тиісті деңгейде оқыту -мен 
үшін үлкен жауапкершілік әрі маңызды міндет. «Балалардың бойында 
ұлы мүмкіншіліктердің бәрі бар».(Т.Фуллер) Қазіргі заман жастарының 
осы сиқырлы сөз өнерін ажырамас серігі және өмір сүру шартының 
маңызды бөлігі етулері үшін еңбек етіп жүргенімді мақтаныш етемін. 
Келешекте олар да «ақындарын әкімдерден артық сыйлар кез келетініне» 
сеніп, сөз өнерінің сансыз жанашырлары, қорғаушылары, мақтаныштары, 
зерттеушілеір мен жарық жұлдыздары көптеп пайда болатынына сенемін! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет