33
серпілтеді.Ай болса,айналаның бәрін өзінің күміс нұрына аямай
орап,дүниенің сұлу екендігіне әлемнің көзін жеткізуге жалықпастан, таң
атқанша тапжылмастан дөңгеленеді де тұрады.Осы
әдемі сұлулықты
қимағандықтан ба екен,жаздың онсыз да қысқа түні мен үшін тіптен аз.
Себебі өзіме ең қымбат әрі аяулы бейтаныс аруыммен сырласып
үлгермей қалғандай күй кешемін.
Көктемім
Көктем - табиғаттың қысқы ұйқыдан оянуы.Бірақ күн райы
құбылмалы:жаңбыр жауып,бұлт қара үңгірдей болып тұрса,бір
адамның
қатты ренжіп,жылап отырғанына ұқсайды.Ал күн жарқырап,адамның бәрі
күн шуағына шомылып жатса,менің де көңілім жадырай түседі.Күнмен
бірге ерте оянып,күн
сәулесінен ерекше қуат алып,осы өмірде аман
жүргеніме риза бола түсемін!Оның үстіне көктем мезгілі- менің жарық
дүниеге
келгенде,табиғат-анамен алғаш танысқан сүйікті мезгілім.
Достарыңызбен бөлісу: