Қазақ тілінен эссе жазудың ҚҰрылымы



Pdf көрінісі
бет21/57
Дата14.04.2022
өлшемі1,13 Mb.
#139280
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   57
Байланысты:
эссе жазуға көмекКІТАП

Дені сау болған керемет

Жоспар: 
І Кіріспе 
Жан мен тәннің амандығы 
ІІ Негізгі бөлім 
1. «Дені саудың жаны сау» 
2. Ел дамуының басты арқауы 


24 
ІІІ Қорытынды 
Өмірім мәнді өтсін десең... 
Денің сау, ғұ
мыр
жасың болар ұ
зақ

Ауруға төрт нәрсемен құ
рсақ
тұзақ. 
Жылы сөз, жеңіл тамақ, жылы ә
уен

Күлкідей бола алмайды бәрі бірақ. 
Денсаулық дегеніміз – адамның жаны мен тәнінің амандығы. 
«
Денсаулық – 
зор байлық
» 
деп атамыз қазақ бекер айтпаған болар. Әр адамның өмірінде 
денсаулықтың орны бөлек. Сондықтан денсаулығымызға көңіл бөліп, дұрыс 
жүріп-тұрғанымыз, түрлі жаман әдеттер мен дерттерден сақтанғанымыз жөн. 
Деніміз сау болмаса, қалған өміріңде аурулы жаныңды күйттеп, қайтсем 
мынадан аман қаламын деп қалтырап өмір кешкеннен не пайда?! Осыдан-ақ
біз деннің сау, аман болуымыздың өзі ең бірінші байлық екенін аңғарамыз. 
Дені сау болған керемет емес пе? Атақты Шопенгауердің 
«
Дені сау кедей – 
ауру корольден бақытты
»,- 
деген қанатты сөзі өте орынды айтылған. Шынында 
да, кейбір адам осындай сөздердің байыбына бара бермейді. Өмірден естіп те, 
кездестіріп те жүрміз: көп адам байлық пен дүние жинауға ұмтылып, бәрінен де 
материалдық байлықты жоғары қойып жатады. Егер де денің сау болмаса, 
жиған мал-мүлкің мен дүниеңнің қызығын көре алар ма едің? Осы айтылғаннан
қорытынды шығару қиын емес, алдымен адам баласына керегі денсаулық деп
білемін. «Дені саудың – жаны сау» -деген сөз де осы айтылған ойымды 
жалғастыра түседі. Адамның дені сау болса, ол ойнап-күле алады. Оқу оқып, 
өзіне қызық іспен шұғылдана алады. Айналадағы болып жатқан түрлі 
өзгерістерге өзінің көзқарасын білдіріп, өмірден өз керегін іздеп тауып, өз 
орнын тапқан шат-шадыман көңіл иесіне айналады. Ал егер оның дені сау 
болмаса ше? Онда сырты бүтін, іші түтін жан сол болар еді. Денсаулықтың 
қадірін ауырған біледі екен. Сол ауырған адамдардың айтуы бойынша, бүгінгі 
таңда адам баласының қас жау болып жүрген есірткі мен нашақорлықтан қалай 
да құтылуымыз керек. Менің айналамда ондай адам жоқ, дегенмен түрлі 
ақпарат көздерінен естуімше, қазіргі күні олардың саны артып бара жатқан 
көрінеді. Біздің есірткіге қатысымыз жоқ болғанмен, өте жас балалардың ата-
аналарының бақылауы болмауы себепті теріс жолға түсіп жатқаны мені 
алаңдатады. Себебі олар да – менің замандасым, Отандасым, біреудің үміт 
күтер қуанышы. Ата-анасын жылатып, бүгінгі күннің қызығымен өмір сүріп 
жүрген жастар да баршылық, олар қазір есірткі қолданып, ертеңгі күнін мүлдем 
ойламай, қателерін кейін түсініп, қатты өкінеді. Бірақ өткен күн қайтып 
келмейді. «Адам баласы адам баласынан оқу, білім, өнер арқылы артық болуы 
керек» деген даналы сөздің түбінде терең ой жатыр. Себебі бүгінгі дені сау 
ұрпақ – елдің ертеңгі жалғасы. Денсаулық – ел дамуының басты арқауы. Дені 


25 
сау болса, адамның өзі де, жан-жағындағы адамдар да бақытты. Нашақор 
адамдарды өмірлерінен күдер үзген, болашағы жоқ адамдар деп ойлаймын. 
Түсіне алсақ, жақсылық та, жамандық та адам қолымен жасалып, жақсылық 
пен жамандықтың мәңгілік күресі қоғамның ілгері дамуына кері әсерін 
тигізуде. 
«Сау дене, азат ақыл, адал көңіл- Үшеуімен бақытты болады өмір»- деген 
тақырыпта біздің мектепте ата-аналар жиналысы өткені есімде. Сол 
жиналыстан анам ерекше әсер алып, осы сөздің байыбына барып жүруімізді 
ескертіп отырады үнемі. Мен қазіргі күні де, келешекте де мына ережеге 
сүйенемін: өмірге адам болып келген соң, адам болып өту, өмірімізді мәнді де 
сәнді өткізу- басты міндетіміз. Себебі біздің бақытымыздың оннан тоғызы 
денсаулығымызға байланысты. Адамға өмір бір-ақ рет берілетінін бәріміз кеш 
ұғамыз. Сондықтан денсаулығымыздың мықты, рухымыздың күшті болғаны 
абзал екенін естен шығармасақ екен дегім келеді! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет