Коммерциялық емес



Pdf көрінісі
бет18/34
Дата16.04.2022
өлшемі0,93 Mb.
#139613
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34
Байланысты:
Дәріс тарих

Дәрістің мақсаты: 
Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жүргізген 
әлеуметтік реформалары және отандық білім беру жүйесін модернизациялау 
мен оның жаһандану үрдісіндегі интеграциялануын қамтамасыз ету 
бағытындағы шараларға талдау жасау. 
Дәрістің 
мазмұны: 
Қазақстанның 
тәуелсіздік 
жылдарындағы 
әлеуметтік саладағы реформалары, ондағы жетістіктер мен қиыншылықтар 
және Білім беру жүйесіндегі модернизация үрдісінің барысы қарастырылады. 
1. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Қазақстан алдында тиімді 
әлеуметтік саясат пен қоғамның барлық саласында кешенді реформалар 
жүргізу міндеттері тұрды. Бұл реформалар халықтың әл-ауқатын күшейтуге 
бағытталуы тиіс болды. 
Халықаралық тәжірибені зерделеу халықты әлеуметтік қорғаудың 
неғұрлым тиімді және кешенді жүйесінің төмендегідей басты элементтерден 
тұратындығын көрсетеді: 
а) мемлекеттік жәрдемақы; 
б) міндетті әлеуметтік сақтандыру; 
в) жинақтаушы зейнетақымен қамтамасыз ету; 
г) әлеуметтік көмек. 
Республикада 90 жылдары осы бағытта біршама шаралар жүзеге 
асырылды. Бірнеше арнайы құрылымдар мен қоғамдық қорлар қалыптасты.
Олардың қатарында Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мемлекеттік қоры 


58 
(1991); Зейнетақы қоры (1991), Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры 
(1992), «Бөбек» қоғамдық қоры (1992), т.б.бар. Мұның сыртында бірқатар 
нормативті-құқықтық актілер қабылданды.
Дегенмен бұл құрылымдар мен заң актілері елдегі әлеуметтік-
экономикалық, құқықтық, демографиялық жағдайды түзей алмады. КСРО 
заңдары мен ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған заңдар аясында өмірге 
келген бұл құқықтық нормалар арасында үлкен алшақтық байқалды. 
Қаржылық-экономикалық дағдарыс тұрғындардың өмір сүру деңгейін 
күрт нашарлатты. Осы жылдардағы ұлттық армия құру, шекараны бекіту, 
кедендік бақылау орнату, елдің дипломатиялық корпусын құру сияқты кезек 
күттірмес мәселелерді шешу, оны қаржыландыру әлеуметтік саланы 
қаржыландыруды қысқартуға мәжбүрледі. Республикада жұмыссыздар саны 
күрт өсті. Олардың 40%-ы ауыл тұрғындарының үлесінде болды. Осы 
жылдары жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі Маңғыстау, Солтүстік 
Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында көрініс тапты. 
Экономикадағы дағдарыс тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуді 
қиындата түсті. Нәтижесінде 1996-2000 жылдар арасындағы жұмыссыздық 
деңгейі 13,5%-дан 12,8%-ға дейін тұрақсызданып тұрды. Азаматтардың нақты 
табысы қысқарды. 1991 жылмен салыстырғанда ол 1999 жылы шамамен 10%-
ды құрады (мысал үшін – Молдавияда, Украинада, Әзірбайжанда – 25%, 
Ресейде-50%). 
Елдегі әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық көші-қоң үрдісінің кең 
етек алуының бірден-бір себебіне айналды. 1993 -1999 жылдар аралығында 
елден 3 280,4 мың адам көшіп кетіп, 1 643 мың адам көшіп келді. Осындай 
көші-коң салдарынан Республика халқы 1 637,3 мың адамға кеміді. 
Әлеуметтік салада түбегейлі өзгерістер қажет болды. Бұл тұтас, әрі 
жүйелі мемлекеттік әлеуметтік саясатсыз мүмкін болмады. 1993 жылы 
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев осы бағыттағы тәуелсіз 
Қазақстанның алдындағы тұрған міндет «әлеуметтік үлгідегі нарықтық 
экономикаға негізделген мықты егеменді мемлекет құру» деп белгілеп берді. 
Президенттің осы тұжырымдамалық идеясын басшылыққа алған атқарушы 
үкімет әлеуметтік саладағы басты бағыттарды айқындады: 
- зейнеткерлер, мүгедектер, көп балалы отбасылар, балалар мен жастар, 
басқа да жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеген азаматтарды әлеуметтік 
қорғауды жүзеге асыру; 
- әлеуметтік және экономикалық қайта құруларды жүзеге асырудың 
басты факторы ретінде жеке кәсіпкерлікті қалыптастыру; 
- мемлекеттік емес құрылымдарда жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді 
және экономикалық тетіктірді кеңейту есебінен тұрғындарды әлеуметтік 
топтастыруға жағдай туғызу; 
- әлеуметтік қорғаудың қосымша тетіктері ретінде сақтандыру жүйесін 
дамыту; 
- әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі төмен аймақтардың әлеуметтік 
даму деңгейін көтеру. 


59 
Елдің дамуының болашақ бағыттарын айқындап берген 1997 жылдың 
қазан айындағы Елбасы Н.Ә.Назарбаеватың «Қазақстан - 2030» даму 
стратегиясында Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатын 
көтеру басты жеті басымдықтың бірі болды. 
1996 жылы Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік 
сақтандыру туралы» Заңы, ал 2001 жылы «Қазақстан Республикасының 
халықты әлеуметтік қорғау Тұжырымдамасы» қабылданды. Тұжырымдамада 
Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамытудың 
негізгі бағыттары, әлеуметтiк қорғаудың негiзгi тетiктерi, халықты әлеуметтiк 
қорғау жүйесiн қаржылық және институционалдық қамтамасыз етудi 
жетiлдiру бағыттары және оны iске асырудың кезеңдерi нақтыланды. 
2010 жылы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар саны 745, 8 
мың адамды құрап. 184, 5 мың адам арнайы көмектерге ие болды. 
1997 жылы «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз 
ету туралы» Заң жарық көрді. 
Қазақстан 
Республикасының 
Еңбек 
және 
әлеуметтік 
қорғау 
министрлігінің мәліметтері бойынша 2010 жылы Қазақстанда 1,6 млн 
зейнеткер тіркелген. Осы 2010 жылы зейнетақының төменгі көлемі - 18 325 
теңгені, орташа деңгейі - 27 481 теңгені құрады. 
Әлеуметтік қорғау саясатының бір тармағы – халықты жұмыспен 
қамтудағы кепілдіктер еді. Мәселені шешу жолындағы маңызды кезең – Жол 
картасы бағдарламасы болды. Бағдарлама елдегі жұмыссыздықты азайту 
жолындағы бірден-бір мүмкіндік болды. «Жол картасы» шеңберінде жүз 
мыңдаған адамдар қайта даярлықтан өтіп, 400 мыңға жуық жұмыс орны 
ашылды. Президенттің «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы өз 
нәтижелерін берді. 
Тәуелсіздіктің 
алғашқы 
күндерінен-ақ 
мемлекеттің 
әлеуметтік 
саясатында аналар мен балаларды қорғау, әйелдер арасында кәсіпкерлікті 
дамыту мәселелері ерекше жолға қойылды. 
2009 жылы 2009 - 2015 жылдарға арналған әйелдер кәсіпкерлігін 
дамыту Бағдарламасы бекітілді. 2009 - 2010 жылдары оны жүзеге асыруға 
мемлекет 9 млн доллар қаржы бөлді. 
2010 жылы мемлекет әйелдердің бала туу жәрдемақысына 15 млрд 
тенге, 1 жасқа толмаған балаларға қарау үшін 19 млрд тенге қаржы бөлген. 
2010 
жылы 
Қазақстан 
Республикасы 
Президентінің 
арнайы 
тапсырмасымен «Балапан» Бағдарламасын жүзеге асыру қолға алынды. Бір 
жылдың ішінде 35 балалар бақшасы, 137 мектепке дейінгі жеке меншік 
мекемелер, 1,5 мыңнан астам балалардың шағын орталықтары салынды. 
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев 2012 жылдың 3 шілдесінде 
«Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына 
қарай 20 қадам» бағдарламасын жария етті. Онда басты мәселе - әр 
қазақстандыққа қамқорлық көсету деп міндеттеді. Елбасы «...біздің әлеуметтік 
саясат бәсекеге қабілетті және күшті Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құруға 
бағытталуы тиіс, шындықты мойындайық: болашақта XXI ғасырда тек еңбек 


60 
қана барлық қазақстандықтардың әл-ауқатқа және жаңа өмір сапасына қол 
жеткізуін қамтамасыз ете алады»,- дей келе қазақстандықтарды әлеуметтік 
жаңғыру жолында еңбекке үндеді. 
Әлеуметтік саясаттағы келесі бір қадам ретінде 2012 жылы 14 
желтоқсанда Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2050»: Қалыптасқан 
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы, онда жаңа стратегиялық мақсат - 
Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру мақсатын қойды. 
Мемлекет басшысы дамудың екі шешуші бағытының маңызын атап көрсетті - 
бұл адами капиталды дамыту және кәсіпкерлік пен инновациялардың одан әрі 
өсуі үшін қолайлы ортаны қалыптастыру. 
2018 жылдың наурызында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «Бес 
әлеуметтік бастама» атты халыққа үндеуін жариялады. Үндеуде қарапайым 
қазақтандықтар үшін өзекті әлеуметтік мәселелердің шешімін табудың 
оңтайлы, тиімді жолдары мен нақты шаралар ұсынылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет