359
Бұл бәсекелестік телевизия саласында ерекше байқалады. Олар өздерін
медиабренд ретінде көрсету үшін үнемі ізденіс үстінде. Түрлі маркетингтік
жолдарды қарастырып отырады. Бренд – тұтынушыға өздері туралы, өнім
туралы пікір қалыптастыратын ең маңызды фактор. Бренд ұғымының ауқымы
өте кең. Ол тұтынушының ойына ғана әсер етіп қоймау керек. Аталмыш
өнімнің сыртқы және ішкі сапасы тұтынушының сезімін оятуға тиіс. Брендті
қалай білеміз?
•
Өнім
және оның сипаттамасы
•
Өнімнің қызмет белгісі
•
Тұтынушының өнімге қатысты пайда болған ойы, елестету
•
Жарнама құралдарының әсері: өнімнің белгісі, компанияның стилі,
маркетингтік байланыстар, сатуды ынталандыру, промоушен арқылы әсер ету.
Телеарнаның медиабренд ретінде қалыптасуына осы белгілермен қатар,
әсіресе, промоушеннің көмегі зор. Промоушен – тауарды сатуға ықпал ету,
ынталандыру (ағылшын тілінен аударғанда sales promotion – сатуды жылжыту).
Бұл маркетингтік байланыстың түрі. Сатылымды жылдамдату үшін
өндірушіден бастап логистикалық және өткізу арналары арқылы тұтынушыға
дейін жеткізу, яғни тауарды бүкіл бағыт бойынша жылжытудың кешендік іс-
шаралары. Ал телевизиядағы промоушен
телеарнаның бағдарламаларын,
кейіпкерлерін, жүргізушілерін, бір сөзбен айтқанда ішкі өнімді жылжыту,
көрерменге өткізу. Сондай-ақ корпорация имиджінің қалыптасуына ықпал
етеді. Мақсатты аудиторияның назарын өзіне аударады, ұстап тұрады және
жобаның рейтингісін көтеруге көмектеседі. Корпорация медиа-контентін
тұтынуышыларының көрсеткішін өсіреді.
Промоушен
мақсатты аудиторияның негізгі артықшылығына,
құндылығына, сипаттамасына қарай жүргізіледі. Жалпы, сарапшылардың
айтуынша, эфирлік және сыртқы промоушенді пайдалана отырып телеарнаның
жарнамалық стратегиясын құруға болады. Көрермен тартудың бір түрі –сыртта
арнайы өтетін іс-шаралар, ғаламтордағы байланыс, тікелей indoor (ашық) және
outdoor (жабық) жарнама, радиодағы,
баспасөздегі және интернет-
ресурстарындағы жарнамалық хабарламалар. Ал эфирдегі ең жарқын әрі аз
тітіркендіретін жарнамалар аудиторияны өзі таңдаған телеарнада ұзағырақ
қалуына себепші болады. Промоушен стратегиялық маркетингтің бір тармағы.
Маркетинг пен промоушен біріксе үлкен күшке айналады.
Промоушен көптеген телекомпаниялардың көрермен аудиториясын
кеңейту және олардың арнаға деген адалдығын қамтамасыз етуге жақсы
мүмкіндік береді. Оның жүйелі, сәтті жүргізілуі нәтижесінде көрермендер мен
жарнама берушілердің санасына үстемдік етуге болады. Ал жарнаманың көп
болғаны жаңа жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік береді. Эфирлік
промоушен сыртқы жарнамамен үйлесімдік тауып, көрерменді бір қарағаннан
баурап алуы тиіс. Яғни промоушеннің бүкіл толқыны
бірізді және дәйекті
болуы керек.
Телевизияда эфирлік промоушенннің кең тараған түрі –
жедел
немесе оны
басқаша
«икемдеу промосы»
деп атауға болады. Оның мақсаты – аталмыш
телеарнадан нақты күні, нақты уақытта қандай да бір бағдарламаның
360
шығарылымын немесе телехикаяның бөлімін көру үшін көрерменді тарту. Аты
айтып тұрғандай, бұл промоның ерекшелігі - қандай да бір бағдарламаны көру
үшін аудитория жинауға арналған байланыстың икемді түрі, шығарылым
аяқталғаннан
кейін
ол
бірден
өзектілігін
жояды.
Негізгі төрт фактор: байланыс түрі, тиімділік деңгейі, бейне және
мәтіндік ерекшеліктеріне қарай эфирлік промоушеннің берілу әдістерін
бірнеше түрге жіктеуге болады.
Жүргізушінің ауызша хабарландыруы
Бұл ең қолжетімді насихаттаудың түрі. Жүргізуші
осы бағдарлама
аяқталғаннан кейін болатын көрсетілім жайлы ауызша ақпарат береді.
Жарнамалық үзіліс кезінде арнаны ауыстырмай, бірнеше минуттан кейін қайта
қосылуға шақыратын жетекші тіркестер секілді, бұл хабарлама түрі де бейне
көрсетілімсіз
диктордың
сөзімен
беріледі.
Көбінесе,
мұндай
хабарландыруларды жаңалықтардың жүргізушілері келесі бағдарламаға үлкен
аудиторияны ұстап қалу үшін пайдаланады.
Жарнамалық топтамалар арасындағы промозаставка
Промоның бұл түрі жарнамаланатын бағдарламаны анықтауға
көмектесетін, тиісті стильде жасалған, толық экрандағы статикалық (тұрақты)
немесе динамикалық кескін арқылы беріледі. Промозаставка - жарнамалық
ақпарат міндетін атқаратын, бағдарламаның күні
мен уақытын хабарлайтын
және еске салатын жарнамалар топтамасының басы немесе соңында берілетін
тиімді әдістердің бірі.
Титрмен берілетін промоанонс
Алдыңғы промоларға қарағанда титрмен берілетін анонс жарнамалық
топтама кезінде шықпайды. Ол бағдарлама кезінде беріледі. Сондықтан оның
қамту аудиториясы анағұрлым көбірек. Титрмен берілетін промоанонс –
бұл
телеарнадағы бағдарламаның шығатын уақыты мен күні не болмаса кейбір
жағдайда телеарнаға қатысты эфирден тыс өнімнің шығарылымы туралы
хабардар ететін, экранның шамамен төрттен бір бөлігін алатын статикалық
немесе динамикалық плашка. Зерттеушілердің айтуынша, бұл промоның түрі –
ағымдағы таралымға өз жарнамалық ақпараттарыңызды
енгізудің ең негізгі
және табиғи әдісі.
Проморолик
Жедел промоның ішіндегі ең әсерлі шығатыны арнайы ойластырылған
сценариймен жасалған толыққанды бейнеролик. Ол дайын бейне көріністерден
немесе
арнайы
түсірілген
қойылымдық
бейнелерден
жасалады.
Айырмашылығы, жедел промоның ақпараттық функциясы түрлі тәсілмен
берілгендіктен көрерменнің қызығушылығы еселеп арттады.
Проморолик жарнама топтамасымен бірге беріледі. Бірақ кейде
параллельді монтаждың көмегімен соңғы титрларға кіріктіріліп жіберілуі де
мүмкін. «Көрермен, әдетте, соңғы титрларды көруді ұнатпайды. Алайда егер
диктор қызықты бір нәрсе айтып жатса, көрермен назар аударып, келесі
бағдарламаның басталуына дейін көруін жалғастыруы әбден мүмкін»(Ли Хант).
Промоның осы түрінің жіктелуі мен сапасына кеңінен тоқталайық.
Достарыңызбен бөлісу: