379
айтылған, деп ойлаймын, қазіргі замандағы қоғамның дерті де осы болып тұр.
Жаңа өсіп келе жатқан буынды айтпағанда, үлкен кісілерімізде дүниенің
қызғыш түсіне шомылып, пластикпен темірдің құлы болып бара жатғаны анық.
Қу дүниенің құлы болмай назарымызды одан жоғарыға, абсолют күшіне ие
болған Аллаға бағыттайық, Оны, мұрсамыз келгенше танып білейік деп
шақырады. Жүніс Әміре «Нәпсіңді мұсылман ет!» деген еңбегінде бұдан
айығудың да жолын көрсетеді. Оның еңбектерінде – адам, оның кейіпі,
болмысы, мақсаты басты обйектіде. Оның көрсеткені –адамның бақытқа жету
жолы, ал, қазіргі таңда біздің заманымыз да аса актуалды, бір өнеге-өрнек, асыл
мұра болып тұр. Бұл ретте, ғылыммен айналыспа, басыңа біткен дүниені
көбейтпе деген емес. Не ғылыммен айналыс не дүниемен аралас бірақ та
шектен шықпа, адамгершілікті ұмытпа, қоршаған ортаға яғни қоғамға зиян
келтірме. Ал ортаға зиян келтірмеудің бір ғана жолы ол Жаратушыға бетбұрыс.
Оның істе дегенін істеу, істеме дегеніне жоламауды ортақ заңға айналдырсақ,
әрі адамзатқа қызмет әрі Абсолют күшіне тағзым қылмақ болып табылады.
Шынында ғылым аршылап дамып келе жатқан заманда, әсіресе, техниканың
және жасанды интелектінің адамзатқа беретін пайдасы көп сияқты, бірақ бұл
жетістікті адамзатты кері жою үшін қолданбайтынына кім кепіл! Тура қазіргі
таңда ұрпақ рухани азғындауға шақ қалғанда, адам құны дүниеден арзан
болғанда бұл жетістіктерді бір бұзғын өз мүддесі үшін ғана қолданса, адамзатқа
жасалған қиянат болмай ма?
Жүніс Аміренің айтпағы да осы ма деймін. Ол, жаныңнан да артық
Жаратқан Иені сүю, пайғамбарымыз Мұхаммедті с.а.с. жақсы көру деп Оның
нағыз құлы болуды айтады. Кім Жаратушының шынайы құлы болса, ол немен
шұғылданса да қоршаған ортасына пайда келтірмесе де зиян келтірмеудің
айласын қарастырады, жауапкершілікті сезінеді. Ол кісі ертең қияметте
сұралатынын біліп, ертең Алланың құзырына барғанда ұялмай қарайтынына
сенеді, солайша ұрпақ өсіреді. Ғылым да дұрыс бағытта дамитынына шүбә жоқ.
Халқымыз үлкенді құрмет тұтатын, атасын Қыдыр бабадай сыйлайтын
елміз. Біз үлкен ғұлама ата-бабаларымыздың Ахмет Байтұрсынұлы, Шәһкәрім,
Абай, Бұхар жырау, Жүсіп Баласағұн ұрпақтарымыз. Бойымыздағы ұмытылған
жақсы қасиеттеріміз, мына, жәһандану кезеңінде бауырлырымызбен қайта
қауышқанда, жаңарып, бойымызға қайта келер деген зор үміттеміз.
Достарыңызбен бөлісу: