«xxi ғасырдағЫ Ғылым және білім»



Pdf көрінісі
бет213/236
Дата16.04.2022
өлшемі4,46 Mb.
#139665
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   236
Байланысты:
Сборник 3конф (1)

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған мақаласы «Рухани 
жаңғыру»(12.04.2017ж) 
2. Бітібаева Қ.О.Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары.А, 2009. 
ШЕКЕРОВ Р.С. 
(АСТАНА, ҚАЗАҚСТАН) 
ЮНУС ЭМРЕ. ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ 
Елімізден шалғайда жатқан Түрік халқы несімен бізбен сабақтаса алады. 
Бізбен тілі бір діні бір халық, бір жағынан қарағанда, түрлері де басқаша келеді. 
Онда не бізді тағы байланыстырады, осы тұрасында ой қозғамақпыз. 
Мәселе, біздің ата-бабаларымыздың жүріп өткен жолында болып тұр. 
Олардың үлкенге құрмет, кішіге ізет білдірулері, талаптыға ықылас сыйлап, 
жәрдем етуі, ал, өзіне, тындырған амалына сынмен қарап, қайрап отырулары 
бекерден емес. Бұл бастаулардың бәрі біздің тегіміздің бір екенін растап қана 
қоймай, атамыз Құл Қожа Ахмет Йассауиден де негіз алады. Бабамыз дан 
қалған өсиетнама, тәлім-тәрбие, көрегендік, ұстаным, сара жол, сонау, 
шалғайда жатқан түрік ағайындарға, одан әрі, иісі мұсылман адамдарға жетіп 
сіңген екен. Бабамыз өз заманында ерен еңбек қылып, шәкірттер тәрбиелеп
оларға сарқылмас рухани азық беріп, жеткізген талапкерлер, өз кезегінде 
жаһанға тарап, алған өсиет-мұрасын тәптіштеп халықтарға жайған. Арада 
қаншама жылдар өтіп, міне, біз және басқа да түркі бауырлар - сол 
бабаларымыз дың ұрпақтары Алланың қалауымен қайта қауышқанда, бір-
бірінен көргендегі ұқсастық таң қалдырмайтыны сөзсіз. 
Бабамыздың ізбасарларының бірі Жүніс Әміре (Юнус Эмре) алған ілімін 
заманында сол түрік бауырларымызды рухани сусындатып, туралықты, 
әділдікті елге жайған бір дәруіш еді. Ол, жалпы адамның болмысын дұрыс 
тануға, оның бұл дүниедегі мақсатын анықтап көрсетуге тырысты. Бұл дүниені 
қалай қабылдау керек, Жаратушымыз қалай жаратты, Жаратушымыз жайлы 
нені білуіміз керек болғанды көрсетті. Жүніс Әміре айтады, «адам баласы нені 
жақсы көрсе, сол, адамның иманы һәм сұлтаны болады, жақсы көргеннің 
жетегінде кетеді», яғни, адам сол жақсы көргеннің құлы болады. Өте орынды 


379 
айтылған, деп ойлаймын, қазіргі замандағы қоғамның дерті де осы болып тұр. 
Жаңа өсіп келе жатқан буынды айтпағанда, үлкен кісілерімізде дүниенің 
қызғыш түсіне шомылып, пластикпен темірдің құлы болып бара жатғаны анық. 
Қу дүниенің құлы болмай назарымызды одан жоғарыға, абсолют күшіне ие 
болған Аллаға бағыттайық, Оны, мұрсамыз келгенше танып білейік деп 
шақырады. Жүніс Әміре «Нәпсіңді мұсылман ет!» деген еңбегінде бұдан 
айығудың да жолын көрсетеді. Оның еңбектерінде – адам, оның кейіпі, 
болмысы, мақсаты басты обйектіде. Оның көрсеткені –адамның бақытқа жету 
жолы, ал, қазіргі таңда біздің заманымыз да аса актуалды, бір өнеге-өрнек, асыл 
мұра болып тұр. Бұл ретте, ғылыммен айналыспа, басыңа біткен дүниені 
көбейтпе деген емес. Не ғылыммен айналыс не дүниемен аралас бірақ та 
шектен шықпа, адамгершілікті ұмытпа, қоршаған ортаға яғни қоғамға зиян 
келтірме. Ал ортаға зиян келтірмеудің бір ғана жолы ол Жаратушыға бетбұрыс. 
Оның істе дегенін істеу, істеме дегеніне жоламауды ортақ заңға айналдырсақ, 
әрі адамзатқа қызмет әрі Абсолют күшіне тағзым қылмақ болып табылады. 
Шынында ғылым аршылап дамып келе жатқан заманда, әсіресе, техниканың 
және жасанды интелектінің адамзатқа беретін пайдасы көп сияқты, бірақ бұл 
жетістікті адамзатты кері жою үшін қолданбайтынына кім кепіл! Тура қазіргі 
таңда ұрпақ рухани азғындауға шақ қалғанда, адам құны дүниеден арзан 
болғанда бұл жетістіктерді бір бұзғын өз мүддесі үшін ғана қолданса, адамзатқа 
жасалған қиянат болмай ма? 
Жүніс Аміренің айтпағы да осы ма деймін. Ол, жаныңнан да артық 
Жаратқан Иені сүю, пайғамбарымыз Мұхаммедті с.а.с. жақсы көру деп Оның 
нағыз құлы болуды айтады. Кім Жаратушының шынайы құлы болса, ол немен 
шұғылданса да қоршаған ортасына пайда келтірмесе де зиян келтірмеудің 
айласын қарастырады, жауапкершілікті сезінеді. Ол кісі ертең қияметте 
сұралатынын біліп, ертең Алланың құзырына барғанда ұялмай қарайтынына 
сенеді, солайша ұрпақ өсіреді. Ғылым да дұрыс бағытта дамитынына шүбә жоқ. 
Халқымыз үлкенді құрмет тұтатын, атасын Қыдыр бабадай сыйлайтын 
елміз. Біз үлкен ғұлама ата-бабаларымыздың Ахмет Байтұрсынұлы, Шәһкәрім, 
Абай, Бұхар жырау, Жүсіп Баласағұн ұрпақтарымыз. Бойымыздағы ұмытылған 
жақсы қасиеттеріміз, мына, жәһандану кезеңінде бауырлырымызбен қайта 
қауышқанда, жаңарып, бойымызға қайта келер деген зор үміттеміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   236




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет