Орыс мектептерінде қазақ тілі саба



Дата22.06.2017
өлшемі72,24 Kb.
Орыс мектептерінде қазақ тілі сабағында ауызекі сөйлеу тілін дамыту.


  1. Тақырыптың мәселесі.


Нағыз сабақ- ол әрқашан сұхбат, іздене, дайындала, үйрене, кеңесе, шәкірттер болашағын ойлай жасалған еңбек пен тәжірибенің бірлігі.

Білім беру жүйесіндегі қазіргі талап, сабақты ұйымдастырудың тиімді жолдарының бірі- оқытудың жаңа технологияларын орынды қолдану болып табылады. Қазақ тілін оқу, өзге ұлтқа оқыту мәселесі кейінгі кезде ғана қолға алына бастағандықтан, қазақ тілінен әр сыныпта қажетті сөзді, ауызекі сөйлеу дағдысын сұрыптау алу да, оны қалай оқыту мәселесі де қазір ғылыми негізде зерттеліп жатыр. Адам өзінің рухани байлығын толықтыру үшін, өзге тілдерді үйренуге тырысқаны жөн. Мен «Жаңа технологиялар бойынша ойын элементтерін қолдану арқылы оқушыларды ауызекі сөйлеуге үйрету» мәселесі бойынша жұмыс істеймін.

Біріншіден, ауызекі сөйлеу тілін білген адам оны өзінің кәсіби құзыры деңгейінде арнайы әдебиеттерді оқуға, хабар алмасуға және кәсіптік іскерлігін жетілдіру мақсатында пайдалана алады. Қос тілді қатар қолдану қоғамында өмір сүргендіктен дәрігер, мұғалім, байланыс қызметкері және басқа да мамандық иелері өздерінің кәсіби міндеттерін жоғары деңгейде атқару үшін тілді білу керек.

Екіншіден, белгілі бір халықтың тарихын, яғни мәдени, рухани байлығының ерекшеліктерімен тереңірек танысады. Балаларды сөйлеуге, сөйлесу арқылы оқуға, тыңдауға үйретуге болады.


  1. Мақсаты:


Оқушыларымыздың тілін дамыту үшін қазақ тілінің лексикалық, грамматикалық тұлғаларын меңгертіп, оларды сөйлемдерге дұрыс қолдануды үйрету керек. Мұғалімнің алдына қойған мақсаты- оқушылардың ауызша және жазбаша дағдыларын қалыптастыру, теориялық білімдерін тәжірибеде пайдалана білуге жетелеу, бір-біріне сұраққа дұрыс жауап беруді, ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге үйрету. Оқыту барысында алдыма қойған мақсатым- баланы субъект ретінде оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оның қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың оқытудағы іс- әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу үдерісінде бірлесе әрекет ету. Сонымен қатар, өткен сабақ материалдарын бекітуде, ауызекі сөйлесуге ынтасын тудыратын көрнекі құралдың есту мен көру түрін қолдануға ерекше мән беру.

-Білім беру үрдісінің нәтижесін жоғарылату;

-Белсенді және толық қатынасқа үйрету;

-Белгілі жағдаятқа байланысты оқушылардың ауызекі сөйлеу үрдісінің қалыптасуына мүмкіндік жасау.

Тіл дамыту дегеніміз- оқушыны тілдік тұлғаларды дұрыс қолданып, ойын басқа адамға толық жеткізуге дағдыландыру, басқа адамдардың сөзін жақсы түсінуге үйрету болып табылатыны белгілі.

Бұдан тіл дамытудың мағынасы, көлемі кең ұғым екендігін байқауға болады.

Адам ойын ауызша не жазбаша түрде жеткізеді. Сондықтан оқушы тілін дамытуда ауызша не жазбаша бағыттар бір-бірімен байланысты жүргізіледі.

Адамның сөйлеуіне қолданылатын тілдің нұсқалар- дыбыс, сөз, сөз тіркесі, сөйлемнің тілді оқытудағы негізгі мәселелер анық. Тіл дамытуда дыбыстарын дұрыс айтуға жаттықтыру, қазақ тілінің орфоэпиясын меңгеру жұмыстары жүргізіледі. Ал бұлар ауызша сөйлеу тілінің негізгі мәселесі болып табылады.

Екінші тілді үйрету ісінде оқушының тілін дамыту жұмыстарын ұйымдастырғанда, жаттығулардың атқаратын қызметі зор. Тілге үйрету қай тілде болсын басталады. Жаттығулар ғылымда екіге бөлінеді: тілдік және сөйлесу жаттығулары. Тілдік жаттығулардың міндеті- тілдің грамматикалық материалын оқушыға меңгерту. Сөйлеу жаттығуларына сұраққа дұрыс жауап беру, сұрақ қоя білу, сөйлем үлгілерін дұрыс пайдалана білу, аудару, шығарма жазу, ситуациялық жағдайларда сөйлей білу, т.б.

Оқушы қазақ тілінен меңгерген бай сөздік қорын қарым-қатынаста қолдана алмаса, тіл білген болып саналмайды. Сондықтан оқушының сөздік қорын байыту сөздердің сөйлесуде қолданысына жаттықтырумен бірге байланысты жүргізіледі.

Тілдік жаттығулар оқушыларға тілдік тұлғаларды қолдандыруға жаттықтырып,оны сөйлеуде қолдану дағдысын қалыптастырады. Ана тілінде адам ойын жеткізу үшін сөздерді қалай байланыстыруды, қай қосымшаны қай сөзбен қолдануды, білдіретін ойына сөйлемнің қандай түрін, қалай қалыптастыруды ойланып жатпайды. Екінші тілді үйретуші оқушылар алғаш ойды қалай жеткізуді ойлайды, дайындау жаттығулары тілдік тұлғаларды қолдануды үйреніп қоймай, оны ойланбай қолданантын дәрежеге жеткізуде жүзеге асырады.


  1. Амал- тәсілдері.


Сөйлеу жаттығуларын сурет арқылы оқушыны сөйлеуге үйрету, оқыған кітабының мазмұнын әңгіме ету, мақал-мәтелдерді сөйлеуде қолдануға жаттықтыру, тақпақ,өлең айтуға үйрету де жатады.

Бұлардың бәрі-оқушы тілін дамытудан құралады. Оқушы тілін дамыту жұмысында суреттерді қолдану пайдалы. Әр сабақта оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін есепке алып,әсіресе бастауыш сыныптарда көрнекіліктерді кеңінен қолданамын.

Бұл окушылырдың көру арқылы еске сақтау, сауатты жазу қаблетерін дамытады.Менің кабинетімде лексикалық тақырыптар бойынша да, грамаматикалық тақырыптар бойынша да суреттер, диадктикалық материалдар,көрнекіліктер жүйеленіп жинақталған.

Мазмұны суретпен сұрақ-жауап, ауызша толық сипаттама,жазбаша мазмұндама,шығарма сияқты түрлі жұмыс түрлерін жүргізуге болады.

Бұл жұмыстың қайсысы болсын оқушыны қазақша сөйлеуге жаттықтырады,қазақша сөйлеу дағдысын қалыптастырады, тілін дамытады.

Оқушы тілін дамытуда кітап оқу зор қызмет атқарады.

Кітап оқуға баулу, тәрбиелеу,кітап оқуға оқушыны қызықтыруды бастауыш сыныптан бастау керек. Қазір кітап оқу дағдысын оқушыда қалыптастыру-өте қиын жұмыс, оқушылар қазақ тілін де кітап оқуға дағдыландыру жұмысын ұтымды жүргізудің амал-тәсілдерін іздестіру орынды.Оқулықтағы мәтіндер, жаттығулар, өлең,жұмбақтар,сұрақ-жауаптар балаларды қазақша сөйлеп үйретуге, сұраққа жауап беруге, өздерін бір-бірмен сөйлетіруге,оқығандарын ауызша,өз бетінше істеуге дағдыландырадрады.

Мұғалім оқушының өздігінен оқығандарын елеусіз қалдырмай, ол туралы оқушымен әңгімелесіп отырады. Оның жолдары көп, кітаптар не туралы екенін сұрау, ондағы оқиғаларды айтқызу, кейіпкерлер туралы әңгімелесу, т.б.


  1. Нәтижелер.


Оқушы тілін дамытуда тақпақ жаттау, өлең айту да пайдалы болып саналады. Оқушы әр сыныпта бірнеше тақпақ жаттайды,олар көбінесе оқулықтан, «Балдырған» журналынан, «Жыл он екі ай" журналынан беріледі.Әр тақпақты жаттап, оны дұрыс айту арқылы оқушы тілі жаттығады.

Өлең айтуға, ән салуға үйрету тіл дамытуда өзіндік қызмет атқарады. Жұмыстың бұл түрі оқушымен жеке жүргізіледі, өлең айтуға қабілеті бар, дауысы бар оқушыларға бұл жұмыс өте ұнайды. Ал ән айтуға жаттығу кезінде оқушы өлеңінің әр сөзін, мағынасын түсінеді.Мен өз тәжірибемде алдына ала әр сыныпқа үйрететін әндерді жоспарлап сөздерін,музыкасын дайындаймын.(мектепте музыкант жоқтығынан)

Мысалы: 1 сынпта «Қошақаным»

2 сынпта «Мектепте үйретеді»

3 сыныпта «Анашым»

4 сынпта «Отан»

Жоғары сыныптарда бағдарламадан тыс жақсы ән айтатын оқушыларға Абайдың өлеңдерін және қазіргі кездегі әндерді үйретемін.

Осы әдіс-тәсілдер сабқтан тыс жұмыста қолданылса оқушылар, менің ойымша, ауызекі сөйлеуді меңгереді.Орыс сынптарында өтілетін әр сабақ тіл дамыту сабағы деуге болады.
Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі

«Михайловка жалпы білім беру орта мектебі»КММ




«Орыс мектептерінде қазақ тілі сабағында ауызекі сөйлеу тілін дамыты қалыптастыру»


Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі:Апузова К.Ш.

Сабақтың мақсаты: А)білімділік: Аңыз-әңгімелер туралы оқушыларға түсініктеме беру.Білімдерін толықтыру арқылы шығармашылық қасиеттерін дамытып, әңгімелердің тақырыптары туралы түсінік беру.

Ә)дамытушылық: Оқу арқылы тез ойлану, тез жауап беру қабілетін дамыту.

Б)тәрбиелік: Адамгершілік, имангершілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа

Сабақтың әдісі мен тәсілдері: Әңгімелеу, баяндау.сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі кеспе.

Жұмыс формалары:топтық



Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпты тексеріп тыныштық талап ету.

2.Үй тапсырмасы: тексеру,бағалау.

3.Сабақтың мақсаты мен міндетін түсіндіру.

Аңыз әңгімелер –бұл қазақ халқының ауыз әдебиетінің  бір түрі. Аңыз өмірде болған адамның іс-әрекетіне байланысты туған. Кейде аңызда өмірде болмаған адамның іс-әрекетіне байланысты. Қиял –ғажайып оқиғалар араласып келеді.

Сөздік. Өмірде болған адам-человек который жил

Іс-әрекет-действие

Байланысты туған-рождаются в связи

Кейде-иногда

Бұл жағынан-с этой стороны

Ертегіге ұқсайды-похоже на сказку

Айырмасы-разница

                       Сұрақтар.

1.Аңыздар қалай туады.

2.Аңыздар ертегіге ұқсай ма?

3.Аңыздың ертегіден айырмасы қандай?

             Тапсырмалар.

1.Сөздер мен сөз тіркестерін дұрыстап айтыңдар.

2.диалог.

3.Мына сөздерді пайдаланып ,сөйлем құраңдар.

4.Сөздер мен сөз тіркестерін, қазақ тіліне аударыңдар.

5.Мәтіннен «айырмашылық» сөзінің антонимін табыңдар.

6.Өздерін білетін аңыздар туралы айтып беріңдер.

           Қожанасырдың тойға баруы.

Түсіндірмелі сөздік.

Елемеу-көзге ілмеу, керек қылмау.

       Сұрақтар.

1.Қожанасыр қайда барды?

2.Той иесі не себептен Қожанасырға назар аудармады?

3.Қожанасыр не істеді?

4. Той иесі Қожаға не деді?

5.Қожанасыр не деп жауап берді?

     Сабақты қорытындылау: Қожанасыр кімдерді жақтады? Қандай адам болған?



Үй тапсырмасы: Қожанасырдың тойға бару. Әңгімені оқып, талдаңдар.

Бағалау: оқушылар білімін.

Сабақ аяқталды.

Сау болыңдар.
Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу