«xxi ғасырдағЫ Ғылым және білім»



Pdf көрінісі
бет211/236
Дата16.04.2022
өлшемі4,46 Mb.
#139665
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   236
Байланысты:
Сборник 3конф (1)

ШАКЕНОВА А.Р. 
(СЕМЕЙ, ҚАЗАҚСТАН) 
«ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ 
ЕҢБЕК СІҢІРГЕН МҰҒАЛІМІ,ПРОФЕССОР Қ.О.БІТІБАЕВАНЫҢ 
ЕҢБЕГІ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ» 
Бүгінгі таңда оқушыларға әлемдік деңгейде өркениетті негізде білім мен 
тәрбие беру, ұлттық құндылықтарды олардың бойына сіңіру – 
ұстаз 
алдындағы үлкен міндет
. Ұлттық құндылықтар дегеніміз не? Қарапайым 
тілмен айтқанда, ұлттық құндылықтар белгілі бір ұлтқа ұлт азаматына тән зат , 
адами қадір-қасиет, яғни ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және 
материалдық құндылықтар. «Ту жанында қисық ағаш жатпайды» дегендей, Жас 
ұрпақты ұлттық мақтаныш пен ұлттық патриотизм рухына қалай тәрбиелесек, 
халқымыздың болашағы, даналығы да солай айқын көрінетін болады. Кез-
келген ұлттың сипаты бес қағидаға келіп тіреледі. Біріншісі –тілі, екіншісі –
мәдениеті, үшіншісі-дәстүрі, төртіншісі –тарихы, бесінші-атамекені. Өз ұлтын 
қадірлеп, қастерлеген, ұлт қадірін білген азаматтың бірі Сырым Датұлы: «Мен 


377 
ағайынды екеумін: бірі - өзім, екіншісі – халқым»-дейді. Ұлттық 
құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу
үшін:

оқушылдардың сана-сезімін қалыптастыру;

жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет,

сүйіспеншілік мақтаныш сезімдерін ұялату, 

ұлттық рухын дамыту; 

ана тілі оның тарихын, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін, рухани-
мәдени мұраларды қастерлеу;
Жаңа Қазақстан үшін қазақ өркениетін дамыту, салт-дәстүрін, әдет-
ғұрпын, тілін, т.б. ұлттық құндылықтар аясында кеңейту - өзекті мәселенің бірі. 
Сондықтан алдымызда тұрған үлкен мақсат – ұлттық мұра құндылықтарын 
қазіргі таңның мәдени жетістіктерімен үйлестіру.
Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласы өзіндік мазмұны 
мен мәні жағынан, бұдан бұрын жарық көрген «Рухани жаңғыру» 
бағдарламасының жалғасы іспетті.Елбасымыз біріншіден, «Ұлы дала есімдері» 
атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябақты жасау, екіншіден, қазіргі 
әдебиеттегі, музыка, театр саласы мен бейнелеу өнеріндегі ұлы ойшылдар мен 
ақындар, ел билеген тұлғалардың 
галереясын ашу
жайында атап көрсетті. Осы 
мәселеге тоқтасақ,Ұлы Абай, Мұхтардың шығармаларын мектепте оқыту 
мәселесіне 
байланысты 
құнды 
еңбектер 
жазған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   236




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет