«xxi ғасырдағЫ Ғылым және білім»



Pdf көрінісі
бет54/236
Дата16.04.2022
өлшемі4,46 Mb.
#139665
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   236
Байланысты:
Сборник 3конф (1)

БЕКТУРГАНОВА А.А. 
(ШЫМКЕНТ, ҚАЗАҚСТАН) 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ - 
ЕЛБАСЫ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІ 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН НЫҒАЙТУДАҒЫ РӨЛІ 
 
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігіне ие болғанына көп уақыт болған 
жоқ. Дегенмен, осы қысқа мерзімді тарихи тұрғыдан алып қарағанда, елімізде 
болып жатқан түбегейлі өзгерістердің нәтижелері бәрімізге толық көрінеді деп 
айтуға болады. 
Қазақ халқының сан ғасырлық тарихи және көп азап көрген тағдырында 
бірінші рет біздің атабабаларымыздың ғасырлар бойы армандаған ұлы мақсаты 
жүзеге асқан сияқты. Әлем картасында Қазақстан атты тәуелсіз мемлекет пайда 
болды. Мемлекеттіліктің барлық саяси институттары құрылып, экономика 
нарықтық жолға түсті. Осы жолда біз еркін демократиялық қоғамды 


102 
дамытудың жедел бағытын жария ете отырып, тәуелсіз Отанымызда батыстық 
өркениеттің жемісі болып табылатын құқықтық мемлекетті қалыптастыру 
қажеттілігін қолға алдық.
Қазіргі күнде баршамыз еліміздегі демократияландыруды жеделдету үшін 
тұрақтылықты, құқықтық мемлекетті және қоғамдық келісімді сақтаудың 
қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінеміз. Қоғамдық тұрақтылық, заңның 
үстемдігі, ұлтаралық және конфессияаралық келісім, сондай-ақ Қазақстанның 
жаңа геосаяси рөлі мен жауапкершілігі демократиялық өзгерістердің 
тиімділігінің кепіліне, оның басты өлшемдеріне айналмақ. Осы тұрғыдан 
келгенде біздің мемлекетіміз өскелең уақыт талабын тереңнен ұғынып, 
демократиялық кезеңдердің жаңа көкжиектеріне зерделі таныммен бет бұрды 
деуге негіз бар. Оның белгілі көрсеткіштерінің бірі құқықтық мемлекет болып 
табылады. 
Құқықтық мемлекеттің нақты-тарихи қалыптасу тәжірибесі мен дамуы 
әлеуметтік-экономикалық және саяси деңгейімен, қоғамдық құқық сезіне 
алушылығымен, ұлттық және тарихи салт-дәстүрлермен анықталады. Мұндай 
жағдайлардың бірі — аталған мемлекеттің бар болуы. 
Құқықтық мемлекет саяси билікті ұйымдастырудың формасы ретінде 
қоғамдық өмірдің барлық салаларында құқықтың үстемдігі принципімен аса 
күрделі ұштасуына, биліктің бөлінуіне, бүкіл мемлекеттік механизмнің 
құқықпен байланыстылығына, заңдардың үстемдігіне, заңдылықтың жүзеге 
асуына, халық егемендігінің қамтамасыз етілуіне, азаматтардың құқықтыры 
мен бостандықтарының, ар-абыройларының сақталу кепілдігіне, қоғамның 
және мемлекеттің мүдделеріне, жалпы азаматтық құндылықтарды және әлемдік 
тәжірибені есепке алуға негізделеді. 
Құқықтық мемлекет құру жолында Қазақстан Республикасының 
Президентінің 2007 жылғы Қазақстан халқына арнаған жолдауында жаңа 
кезеңнің ығына қарай саяси және әкімшілік жүйелерді дамыту қажеттілігі 
туралы айтылған. Мұнда саяси жүйені дамыту, жаңа кезеңдегі негізгі міндет 
жалпыға танылған демократиялық құндылықтар мен өзіміздің көп ұлтты және 
көп конфессиялы қоғамымыздың дәстүрлі үйлесімді ұштасатын ашық, 
демократиялық және құқықтық мемлекет негіздерін одан әрі нығайта беруі 
талап етіледі деп көрсетілген. 
Осы мәселені ескере отырып, әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу 
елдің қатарына кіру мақсатында, ұлттың ұлы идеясын ұстанып отырған 
мемлекетіміздің өмірінде, құқықтық мемлекетті құру жолында саяси 
реформалар ерекше орын алады деген пікір баршылық. Сонымен қатар 
құқықтық мемлекет проблемаларымен айналысып жүрген ғалымдар, мысалы, 
белгілі заңгерлер мен саясаттанушылар, ең алдымен құқықтық мемлекеттің 
түсінігіне, оның принциптеріне, заңдылықтарына басты назарларын аударады. 
Бұл жолда, әрине, құқықтық мемлекет жайындағы теориялық концепцияларды 
және саяси-құқықтық ойларды ескермей болмайды. 
Жалпы зерттеушілердің көбісі құқықтық мемлекет — ол жаңа уақыттың 
жемісі деп тұжырымдайды. Тарих белгілегендей, не көне, не орта ғасырларда 


103 
құқықтық мемлекеттің көріністері болған жоқ. Бірақ кейбір қоғамтанушылар 
құқықтық мемлекет туралы ойлардың түптамыры ежелгі дәуірге кетеді дейді. 
Мысалы, мемлекет пен құқықтың келіскен әрекеттестігін іздеу моделі 
ертедегі Қытай легистердің назарында болғаны белгілі. Ал сонау антикалық 
кезеңнің әйгілі философы Платон өзінің «Заңдар» деген еңбегінде келесі ойға 
келгені анық: «Мен заңында күші жоқ және біреудің билігінде болатын 
мемлекетті таяуда күйрейді деп ойлаймын». 
Осы орайда тәуелсіздігін алып, Қазақстандық құқықтық мемлекетті 
қалыптастырып, нығайтудағы Елбасының рөлі ерекше. Тәуелсіздік алғаннан 
кейін өз құқықтық жұйесін қалыптастыруы қажет болған Қазақстан үшін заң 
үстемдігін қамтамасыз ету оңай болмады. Қаншама заңдар, кодекстер мен 
құқықтық актілер қабылданып елдегі заңдылықты қамтамасыз ету үшін қызмет 
етті. Заң шығару жүйесін қалыптастыру, оны орындау мәселесін қамтамасыз 
ету де өз алдына үлкен зерттеуді қажет ететін тақырып.
Тәуелсіздікті алған соң 1993ж ҚР Конституциясын қабылдады, 1995ж 
қайта өзгертті. Құқықтық мемлекетті қалыптастыру мен нығайтудың заңды 
айғағы осы Конституциялардан басталады. Себебі осы мемлекет үшін маңызды 
актіде біз заң үстемдігін қазық ретінде қағып, адам және адам өмірі мен оның 
бостандығы негізгі құндылық деп бекіттік.
Зерттеушілер құқықтық мемлекет негізгі принциптеріне, біріншіден, қоғам 
ішінде адамның өзінің құқықтары мен міндеттерін жатқызады. Құқықтық 
мемлекеттің қалыптасуы және қоғамдық өмірінің барлық салаларын табанды 
түрде демократияландыруымен тығыз байланысты. Бұл жолда мынадай нақты 
талаптар қажет: өркениетті заңдылық принципін сақтау, оларды нығайту және 
бұзбау, құқықты құрметтеу. Ол үшін қоғамның жалпы мәдениеттілігін, әсіресе 
құқықтық мәдениеттілігін көтеру қажет. 
Осы тұрғыдан алғанда біздің мемлекетімізде атқарылатын жұмыстар 
жетерлік. Олардың ішінде ең негізгісі — ол 1995 жылы қабылданған 
Конституция. Ол қабылданғаннан кейін Қазақстан өзінің одан әрі даму жолын 
түпкілікті таңдап алды. Бүкіл халықтық референдумда қабылданған осы Негізгі 
Заң, шын мәнінде, қоғамдық келісімге айналды. Сол бойынша өкімет 
Қазақстанды демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекетке 
айналдыруды өзіне басты міндет етіп алды, ал азаматтар Конституцияны және 
еліміздің заңдарын бұлжытпай орындауға жауапкершілікті өз мойындарына 
қабыл етті. Осындай өзара міндеткерлік қоғам мемлекеттің одан әрі нәтижелі 
дамуына тиянақты негіз қалыптастырады және біздің болашаққа сеніммен 
қарауымызға мүмкіндік береді. 
Бұл мәселеге байланысты Қазақстан Республикасының Президенті 
Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 2008 жылғы Қазақстан халқына арналған 
жолдауында еліміздегі қазіргі қоғамдық-саяси жағдайларды сипаттай отырып, 
былай деген: «Демократиялық дамудың жалпыға бірдей танылған 
заңдылықтары мен біздің қоғамымыздың дәстүрлерін үйлестіре отырып, біз 
одан әрі де саяси жүйеде мемлекеттік құрылыстың қазақстандық моделін 
жетілдіру жолымен жүре беретін боламыз. Әлемдік тәжірибе дәлелдегендей
құқықтық мемлекет қалыптастырудың алғы шарттарының бірі — азаматтық 


104 
қоғам институттарының болуы. Ал ол демократияның даму деңгейімен тура 
пропорционалды. 
Қазақстан 
Республикасында 
азаматтық 
қоғамды 
қалыптастыру мен дамыту республикадағы демократияландыру процесін одан 
әрі тереңдетуге жол ашады. 
Қазақстандағы 
азаматтық 
қоғамның 
қалыптасуы 
қоғам 
өмірін 
демократияландыру мен құқықтық мемлекет қалыптасуының алғы шарты 
екенін ескерсек, оны мемлекеттік саясат деңгейінде көтеретін уақыт келген 
сияқты. Бұл кезекте Президент жанындағы Демократия және азаматтық қоғам 
мәселелері жөніндегі ұлттық комиссияның орны ерекше деген пікір баршылық. 
Зерттеушілердің айтуы бойынша: «Оның өкілеттілігін кеңейтіп, азаматтық 
қоғамды қалыптастыру мен оның институттарын шынайы дамыту мемлекеттік 
саясаттың бір бұтағына айналуы тиіс. Мұндай кешенді іс-шаралар тәуелсіз 
Қазақстан Республикасының Ата Заңда көрсетілген мұратқа сай құқықтық 
мемлекет жолында дамуына игі ықпалын тигізері хақ». 
Құқықтық мемлекет адамның әділ, құқықтық, тең демократияшыл өлшем 
бірліктері болып табылады. Құқықтық мемлекеттің теориялық және 
практикалық маңызды мақсаты көпшіліктің және жеке адамның теңдігі мен 
бостандықтарын мойындаумен және оған кепілдік беруімен анықталады. 
Елімізде құқықтық-демократиялық принциптері бұрмалануына жол бермеу 
үшін саяси және құқықтық механизмдер қажет.
 
Құқықтық мемлекет 
механизмдердің ерекшелігі, оның барлық құрылымдық бөлімдері мен 
элементтері өздерінің мақсаттық тағайындалуымен биліктің бөліну принципіне 
байланысты қызмет етуде. Бұл деңгейде мына мәселелер орындалу қажет деп 
есептейміз: 

меншіктің барлық түріне жол ашу; 

екі жақты келісімге негізделген әкімшілік бұйрықтарды келісім-
шарттармен ауыстыру; 

«тыйым салынбағанның бәріне де рұқсат» принципті басшылыққа алу; 

айырбас мінез-құлық эквивалентін қамтамасыз ету

тең құкықтық бекіту және партнер таңдау кезіндегі адалдық; 

ынта мен тапқырлыққа шек қоймау. 
Сонымен қатар құқықтық мемлекет еркіндік пен әл-ауқатты қамтамасыз 
ететін, азаматтық қоғам мен экономика қажеттіліктерін іске асыратын мемлекет 
болғандықтан, оның негізгі принциптерін сақтау қажет деп ойлаймыз. 
Қазіргі Қазақстанда құқықтық мемлекеттің құрылуымен байланысты аса 
маңызды мәселелердің бірі ретінде заң шығарушылықтың дамуы мен жетілуін 
қарастыру керек. Соңғы уақытта біздің мемлекеттің демократиялық-құқықтық 
мемлекет ретінде дамуына негіз тудыратын көптеген заң шығарушылық 
актілері қабылданғаны белгілі. 
Бірінші Парламент 1990 жыл сәуірінен 1993 жыл желтоқсанына дейін 
кызмет жасаған он екінші шақырылымдағы Жоғарғы Кеңес, яғни Қазақстан 
Республикасының алғашқы заң шығару органы, өзінің дербес қызметін 
экстремалдық жағдайда бастағаны белгілі. Уақыт тығыздығы мен оның заң 
шығарушылық тәжірибесінің аздығы қабылданған заңдар сапасына әсер етпей 
қоймайды. Олардың арасында мемлекеттік құрылысқа қатысты заңдардың 


105 
орны ерекше. Бұл, әрине, түсінікті, қандай болмасын тәуелсіздік алған жас 
Республика өзінің мемлекетінің құқықтық негіздерін қалыптастырғысы келеді. 
Біздің еліміз егемендікке қол жеткізу жолында бірінші кезекте Президент 
лауазымын енгізу, Республика Президенті сайлау туралы, Мемлекет 
тәуелсіздігі туралы Декларация, Республиканың жаңа атауы, жаңа мемлекеттің 
рәміздері туралы заңдарды дайындап, қабылдады. Дәл осы уақыттан ұлттық 
қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтық мемлекет бостандығына 
шынайы кепілдік беру, демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құруды 
шындыққа айналдыру жолындағы жаңа кезең басталды деп есептейді еліміздің 
белгілі заңгері Қ.Мами [1]. 
Қазақстан заңнамасы үшін көптеген құқықтық салалары тіптен жаңа 
болғанына көзіміз жетуде. Біздің мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан бері 
көптеген заң актілерін талдау арқылы негізге көшіп, оны кеңістік заңдармен 
салыстырғанда өзгеше әлеуметтік-саяси жүйеге негізделуі көрінеді. Құқықтық 
жолды таңдаған қандайда да бір мемлекет болмасын, оның басты көрсеткіші 
заңдылықты мойындау, заңды қатаң ұстауды талап етеді. Біздің қоғамымызда 
құқықтық бағдар халықтың сайланған Парламенттің қабылдаған заңдары 
арқылы қалыптасады және сол арқылы бар мемлекеттік істер жүзеге асады. 
Сондықтан Парламент заң шығарушы қызметін жетілдіру керек. Заң шығарушы 
қызмет парламенттік депутаттың қызметтілігі мен кәсібилігі, біліктілігінен 
тікелей тәуелді. Парламенттік қызметіне ашықтық пен сабақтастық қажет деген 
пікірмен келісуге болады. Жалпы, әділ бәсекелестік сайлау принциптері 
негізінде қалыптастырылған парламенттік қызмет құқықтық мемлекеттің 
белгісі болып табылады. 
Қазақстандағы құқықтық мемлекет құру жолында кейінгі уақытта тәуелсіз 
мемлекетіміздің барлық салаларын қамтитын көп заңдар, заңнамалық актілер, 
заңдық күші бар Президентік жарлықтар қабылданғаны туралы айтылған 
болатын. Еліміздің Конституциясында кұқықтық мемлекет құру стратегиясы 
күн тәртібіне қойылғаны да белгілі. Бірақ құқықтық мемлекеттің қалыптасуы 
ісінде біздің қоғам үшін елеулі қайшылықтар да баршылық. Ол басқару 
элитаның өкілдері мен қатардағы өзінің заңды бұзуға немесе орындамауға жол 
беретіндігі. Көбінесе батыстық стандарттарға ұмтылу, ұлттық дәстүрден қол 
үзу, құқықтық мәдениеттің төмендігі деп есептеуге болады. 
Конституцияда 
көрсетілгендей, 
лауазымды 
тұлғалардың 
заңды 
шешімдерін орындау, барлық құрылымдарды құрметтеу мен іске асыруы 
демократиялық мемлекеттің ажырамас бөлігі екендігі белгілі. Осыған 
байланысты тұлғаның мемлекет алдындағы жауапкершілігі де дәл осы 
құқықтық бастамаларға негізделу тиісті. Сонымен бірге мемлекеттік 
мәжбүрлеуді қолдану құқықтық сипатта болудың шарты — ол тұлғаның 
бостандығын бұзбау және оның жасалған құқық бұзушылықтың ауырлығына 
сай болуы. Мемлекет пен тұлғаның арасындағы қарым-қатынастар өзара 
жауапкершіліктің негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Осы мәселелерді шешу 
үшін, жоғарыда көрсетілгендей, біздің елімізде біраз заңдар қабылданғаны 
мәлім. Оның ішінде Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияда, Мемлекеттік 
тәуелсіздік туралы Заңда, 1993 жылғы Конституцияда Қазақстан халқының 


106 
құқықтық мемлекет құруға бекем бел байлап отырғаны баяндалса, 1995 жылғы 
Конституцияда Қазақстан мемлекеті құқықтық мемлекет ретінде айқындалды 
және сол кезден бастап елімізде құқықтық мемлекет құруына жол толық 
ашылды деп есептеуге болады. Сонымен қатар 2007 жылы мамыр айында 
еліміздің Ата Заңына енгізілген өзгерістер осы жолдан тайынбаумызды 
көрсетеді. 
Жалпы алғанда, Конституция қоғамдық қатынастардың базалық, түпкі 
негіздерін 
реттей 
отырып, 
толыққанды 
тепе-тендік 
механизмін 
қалыптастырады. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша 
мемлекеттік билік біртұтас, оның заң шығарушылық, атқарушылық және сот 
билігі тармақтарына бөліну және тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара 
байланыс жасау принципіне сәйкес Конституциямен, заңдардың негізінде 
жүзеге асырылатындығы атап көрсетілген. Бұл биліктің әр тармақтарының өз 
құзыреті бар екендігін және оның шегінен шығуға болмайтындығын білдіреді. 
Тәуелсіз, егемен Қазақстанның қоғамдық-саяси ерекшеліктерін ескере отырып, 
республикада құқықтық мемлекеттің көрінісі болу үшін биліктің бөліну 
принципін барынша нығайту қажеттілігі туындайды деген ойдамыз. 
Құқықтық мемлекетті қалыптастыру сатысында ғана емес дамыту үшін де 
Елбасымыздың қосқан үлесі зор. Жыл сайын елге жолдайтын Жолдауларында 
Елбасы құқықтық саясаттың дамытуымыз тиіс басым бағыттарын атап, оның 
дамуына жағдай жасауда. Соның дәлелі Қазақстан Республикасы Президентінің 
2009 жылғы 24 тамыздағы Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 
жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы N 858 
Жарлығы[2] 
2002 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат 
тұжырымдамасы елдің 2010 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық жүйесі 
дамуының негізгі бағыттарын айқындады. Өткен жылдары мемлекеттік және 
қоғамдық институттардың қарыштап дамуына ықпал ететін, Қазақстанның 
орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін бір қатар аса 
маңызды заңнамалық актілер қабылданды. 
Тұжырымдаманы 
іске асырудың басты қорытындылары ұлттық 
заңнаманың негізгі салаларының (конституциялық, әкімшілік, азаматтық, 
банктік, салық, қаржы, кеден, экологиялық, қылмыстық, қылмыстық-іс жүргізу, 
қылмыстық-атқарушылық заңнама) айтарлықтай жаңаруы болды. 
Жаңа кодификациялық актілер: 2003 жылы - Орман, Жер, Кеден, Су 
кодекстері; 2007 жылы - Еңбек, Экологиялық кодекстер; 2008 жылы - Бюджет, 
Салық кодекстері әзірленіп, қабылданды. 
Мемлекет норма түзушілік процесін жаңа сапалы деңгейге көтеруге 
мүмкіндік беретін, олардың қатарында: заң жобалары қызметін перспективті 
жоспарлау; нормативтік құқықтық актілер жобаларына ғылыми (құқықтық, 
сыбайлас, жемқорлыққа қарсы, криминологиялық және басқалар) сараптамалар 
енгізу, қабылданатын заңдарды толық қаржылық қамтамасыз ету процестері 
бар, шаралар қабылдады.


107 
«Ұлт жоспары – бес институционалдық реформа: 100 нақты қадам» атты 
Жолдауында да «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету» атты үлкен тарауын 
құқықтық мемлекетті дамыту бағытына арнады [3] .
10 қаңтар 2018 жылғы Қазақстан Республикасының Президенті Н. 
Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа 
мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес, Сот және құқық 
қорғау жүйелерін институционалды тұрғыдан өзгерту жүзеге асырылуда. 
Заңнамаға қылмыстық процестегі азаматтардың құқықтарын қорғау ісін 
күшейтуді, оның әсіре қатаңдығын бәсеңдетуді көздейтін нормалар енгізілді.
Адвокаттардың 
құқықтары мен сотқа 
дейінгі 
сатыдағы 
сот 
бақылауының аясы 
кеңейді. 
Құқық 
қорғау 
органдарының өкілеттігі мен жауапкершілік шегі айқындалды [4].
Азаматтардың конституциялық құқықтарына кепілдікті нығайту, құқық 
үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметін ізгілендіру жұмыстарын 
жалғастыру қажет. Қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз 
ету саласында көшелерде және адам көп жиналатын қоғамдық орындарда 
бейнебақылау жүргізетін, азаматтарды анықтайтын және жол қозғалысын 
қадағалайтын интеллектуалды жүйелерді белсенді түрде енгізу керек екені 
көрсетілді.
Әрине, қазіргі Қазақстан қоғамына идеалды құқықтық мемлекеттің түріне 
жету әлі алысырақ, бірақ осы бағытқа қарай жылжу қажеттілігі айқын. Осыған 
байланысты сот реформаның жүзеге асырудың және құқықты, Конституцияның 
заңдылықты және елде құқықтану тәртіптің күшті қорғаушысы болатын сот 
жүйесін қалыптастырудың маңыздылығын арттыра отырып, заң шығарушы 
және атқарушы биліктің өзара қарым-қатынас шиеліністі бәсеңдетіп, өзара 
әрекетін үйлестіру мүмкіндігін күшейту қажет дейміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   236




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет