Хviii ғ. бірінші ширегіндегі Қазақстандағы әлеуметтік- экономикалық және ішкі саяси жағдай



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата18.04.2022
өлшемі0,55 Mb.
#139801
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
18 - 19 гасырдағы казак хандығы



ХVIII ғ. бірінші ширегіндегі Қазақстандағы әлеуметтік-
экономикалық және ішкі саяси жағдай 
Ургадағы
жоғары биліктің ауысуына байланысты ХVІІІ ғ. басында 
Жоңғар басқыншылығы күшейеді. Қалдан-Бошоқты қонтайшының билігі 
кезіндегі (1670-1697 жж.) қақтығыстар келіссөздермен ауысып отырды. Бұл 
жорықтар Қалдан-Бошоқтының мұрагері Цеван-Рабдан қонтайшының (1697-
1727 жж.) тұсында қайта жалғасты
1
. Қытайдың манчжур әулетімен 
ыңғайлы
саясат ұстануының арқасында жас билеуші ашық кикілжіңдерге келмей, өз 
күшін Жоңғарияның солтүстік-батысындағы көшпелі және жартылай 
көшпелі халықтарға қарсы жинады. Жоңғар шапқыншылықтары бірінен соң 
бірі жалғасты (1711, 1715, 1717, 1718, 1719 жылдары). Ру-тайпалық және 
феодалдық талас-тартыстар жүріп жатқан Қазақ хандығына жылдан-жылға 
күшейіп келе жатқан көршісінің
басып алу 
қаупі төнді. Жоңғарлардың Қазақ 
хандығына ірі шапқыншылығы 1710 жылы басталды. Бұл шапқыншылықтың 
нәтижесінде, 1710 жылдың күзінде Қарақұмда Тәуке хан қазақтың үш 
жүзінен құрылған құрылтай шақырды. Құрылтайдағы басты мәселе – 
жоңғарларға қарсы біртұтас жасақ құру болды. Батырлар рулар мен 
жүздерден құрылған жасақты біріктіруді жақтады, оның ішінде Бөгенбай 
батыр ерекшеленіп, ол қазақ жасағының қол
басшысы
болып сайланды. 
Барлық қазақ жүздерінің бірігуі айтарлықтай нәтижелер берді. Қазақ 
жасақтары жоңғарларға қарсы шабуылға шығып, оларды шығысқа 
ығыстырып, жерлерін қайтарып алды. Бірақ, қазақ жүздерінің арасында 
алауыздық басталды. Бұл іс-әрекеттердің бытыраңқылығына және топтардың 
бәсекелестігіне алып келді. 1713 ж. және 1716 ж. жоңғарлар Қазақ хандығына 
қайта басып кірді. 1717 ж. Аягөз өзенінің жоғарғы ағысында қазақтардың 
жеңілісімен аяқталған үш күндік шайқас болды. 1718 ж. жоңғарлар Жетісу 
арқылы Арыс

Бөген
, Шаян өзендерінде қоныстанған қазақтарға шабуыл 
жасады. Олардың мақсаты – қазақ хандарының ордасы Түркістанды басып 
алу болды. Қазақ-жоңғар қатынастарының келесі бір күшейген кезеңі – 
қазақтар үшін қайғылы болған «Ақтабан шұбырындымен» байланысты. 
Жоңғарлардың жоспарланған басып алушылық жорығы қазақ халқы 
тарихында «Ұлы 
жұт
жылдары» деп аталған 1723 жылы көктемде жүзеге 
асырылды. Жоңғарлар өздерін шығыстан қауіпсіздендіріп, қазақтардың 
алауыздығын пайдалана отырып, барлық күшін біріктіріп жорыққа аттанды. 
1723 ж. көктемде 70 мыңдық әскері бар жоңғарлар Қаратау таулары арқылы 
Талас өзені даласына басып кірді. Қазақтар жоңғарлардың бұл уақытта 
шабуыл жасағанын күтпегендіктен, қыстауларынан көшуге дайындық 
жүргізіліп жатқан болатын. Өте жақсы дайындалған жоңғар әскері Хуно 
Дабо бахадүрдің және әскербасы Әмірсананың басшылығымен Алатауды 
басып өтіп, ерлер мен әйелдерді түгелдей қырып, қыздарды күңдікке алып 
кетті. Қазақтың Ұлы және Орта жүздері малы мен дүние мүлкін тастап, 
Самарқанд пен Ходжентке, ал Кіші жүздің қазақтары Хиуа мен Бұхараға 
1
Моисеев В.А. Джунгарское ханство в XVIII в. А-А, 1991. 


шұбыра көшті. 1724-1725 жж. Жоңғарлар Түркістан мен Ташкентті басып 
алып, оны талқандады. Жоңғарлардың бұл ірі шапқыншылығының сәтті 
болуының себебі, олардың аяқ астынан қазақтарға шабуыл жасап, әскери 
дайындығының жоғары деңгейде болуы. Сөз жоқ, жоңғарлар қазақтардың әлі 
қыстауда отырғандығын және тез арада жасақ құра алмайтындығын біліп, 
осы сәтті уақытты таңдаған. Жақсы қаруланған жоңғар әскерінің шайқастағы 
тәжірибесі мол болды. Әскер қару-жарақпен ғана емес, зеңбіректермен де 
жабдықталды, сондай-ақ қалмақ әскерлерінің қытай әскерлеріне қарсы 
көпжылдық соғыс тәжірибесі болды.
Тарихта «Ұлы 
жұт 
жылдары» деп аталған кезең қазаққа үлкен зардап, 
аштық алып келіп, материалдық құндылықтар қиратылды, өндіргіш 
күштердің дамуына орны толмастай салдарын тигізді: мыңдаған ерлер, 
әйелдер және балалар құлдыққа айдап әкетілді. Жоңғарлардың қысымына 
шыдамаған көптеген қазақ тайпалары өздерінің ғасырлар бойы өмір сүрген 
қоныстарын тастап кетуге мәжбүр болды, соның нәтижесінде «
жұтау
мен 
өлім... Қайыршылық пен қайғы жаппай орын алды, біреулер аштықтан өлді». 
Бұл ауыр апаттың себептерін зерттеушілер қазақ қоғамында қалыптасқан 
жағдайлармен байланыстырады. Қазақ хандығы өзінің тәуелсіздігіне қатер 
төнгеніне қарамастан, ұзақ уақыт бойы 
бытыраңқылықта өмірді
2
.
1723 ж. жеңіліс қазақ халқын жасытқан жоқ және қоғамда басып алушыға 
деген қарсылықты күшейте түсті. Егер қазақ даласында жауды тоқтатып қана 
қоймай, оны қуып шығатын күштер табылмағанда, қазақ халқының тағдыры 
бұдан да қайғылы болар еді. Өз ортасынан Бөгенбай, Қабанай, Тайлақ, 
Саурық, Жәнібек, Малайсыры, Өтеген және тағы да басқа көптеген атақты 
ұйымдастырушылар мен қолбасшыларды шығарды, мемлекетті аман сақтап 
қалу ісін халықтың өзі қолға алды
3
. Сонымен қатар әскери күшті саяси 
жағынан жұмылдырудың күрделі үдерісіне Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би 
сынды қоғамдық және саяси қайраткерлер өз үлесін қосты. 1726 ж. 
жоңғарларға қарсы тойтарыс беру үшін үш жүздің басын қосу жөніндегі 
саясат белсенді түрде жүргізіле бастады. 1726 ж. Ордабасы жерінде 
(Шымкенттен оңтүстік-батысқа қарай) барлық үш жүз өкілдерінің басын 
біріктірген тарихи құрылтай болды. Онда барлық қазақтарды біріктіру 
қажеттілігі мен халық жасағын ұйымдастыру жөнінде шешім қабылданды. 
Жасақтың бас қолбасшысы болып Кіші жүз ханы Әбілхайыр (1718-1748 жж.) 
тағайындалды. Ол қазақ қоғамының жоңғарға қарсы күштерін біріктіруге 
үлкен үлесін қосты. Осы құрылтайдан кейін үш жүздің жасақтары бірігіп, 
1726 ж. Сарысу өзенінің батысына қарай орналасқан Бұланты өзенінің 
жағасында жоңғарларды ойсырата жеңеді. Бұл осы уақытқа дейін болған 
соғыстардың ішіндегі жоңғарларды жеңген алғашқы шайқас болды. 
Қалмақтар көптеп қырылғандықтан, шайқас болған жер «Қалмақ қырылған» 
деп аталды. 60 мыңдық қазақ жасағы жоңғар күштеріне үлкен соққы берді. 
Бұл жеңіс қазақ халқының рухын көтеріп, өз күшімен жауды жеңуге 
2
Тынышбаев М. Великие бедствия…(Актабан-Шубырынды). А-А, 1991. 
3
Копеев М.Ж.Таңдамалы.А., 1992 


болатындығына үлкен сенім ұялатты. Қазақ жасағы бастаманы өз қолына 
алып, жоңғарларға қарсы соғысқа шықты. Қазақ халқының жоңғар жаулап 
алушыларына қарсы азатық күресіндегі елеулі оқиға – Аңырақай шайқасы 
болды. Ол 1730 ж. көктемінде Балқаш көлінен оңтүстік-шығысқа қарай 120 
шақырым жердегі халық арасында «итішпес Алакөл» (көл тұзды 
болғандықтан, осылай аталған) атымен белгілі Алакөл көлінің жанындағы 
Аңырақай атты жерде болды. Жасақты Әбілхайыр хан басқарды. Шайқас 
батырлардың жекпе-жегімен басталды. Оны Шәкәрім Құдайбердіұлы 
былайша суреттейді: шайқас даласына келген Сабалақ (Абылайдың лақап 
аты) мынаны көреді: қазақтар мен қалмақтар 
белесте бір-біріне қарама-қарсы 
тұр, ал әскердің алдында Қалдан Цереннің күйеу баласы, жоңғар 
қонтайшысының ұлы Шарыш жалғыз шығып, қазақ батырларын жекпе-
жекке шақырып тұр. Әбілмансұр (Абылайдың шын аты) жекпе-жекке шығуға 
ханнан рұқсат сұрап және батасын алып, «Абылай! Абылай!» деген ұранмен 
атымен шауып келіп Шарышты жеңеді. Қылышын бір сілтегеннен 
Шарыштың басын кесіп, «Жау жеңілді!» деген айқаймен қазақ 
жауынгерлерін өзіне қарай шақырды. Бытыраған қалмақтар қашты. 
Шарышпен болған жекпе-жекті есте қалдыру мақсатында халық оған Абылай 
деген ат берді»
4
.
200 шақырымға жуық жерді алып жатқан Аңырақай шайқасындағы соғыс 
алаңында қазақтар жеңіске жетті. Бұл жер жаудың «аңыраған, боздаған жері» 
деген атқа ие болды. Бірақ, қазақтардың Аңырақай шайқасындағы жеңісті 
ары қарай сақтап қалуына Әбілхайыр, Әбілмәмбет және Сәмеке хандар 
арасындағы алауыздық кедергі келтірді. Талас-тартысқа Болат ханның 
кенеттен қайтыс болуы себеп болды. Осыдан кейін үш жүздің жоғарғы ханын 
сайлауға байланысты бәсеке басталды. Қазақ жасақтарының бас қолбасшысы 
Әбілхайыр Қазақ хандығы билігінің өзіне берілмегеніне ренжіп, 
Қазақстанның батыс шекарасына көшіп кетті. Орта жүз ханы Сәмеке де 
шайқас алаңын тастап кетіп қалды. Осы жағдайлар Аңырақай шайқасындағы 
жеңісті ұзақ уақытқа дейін сақтап қалуға кедергі болды. Кіші және Орта жүз 
жасақтары кетіп қалғаннан кейін жалғыз қалған Жолбарыс хан, 
жоңғарлармен келісімге келуге мәжбүр болды. Осы жағдайлардың нәтижесі 
қазақ жерлерін жоңғарлардан түпкілікті азат ету ісіне үлкен соққы болып 
тиді. Жоңғарлардың Қазақстанға басып кіруінің салдары қайғылы болды. 
Қалалар қаңырап, сауда мен қолөнер ісі нашарлады. Көшудің дәстүрлі 
циклдары
мен бағыттары бұзылды, Қазақстанның көшпелі мал 
шаруашылығымен және Орта Азияның отырықшылықпен, қолөнермен 
айналысатын орталықтары арасындағы экономикалық байланыстары 
өзгеріске ұшырады. Орта жүздің тұрғындары біршама уақыт бойы жоңғар 
феодалдарына бағынышты болды, мұның өзі қазақ жүздерінің экономикалық 
және саяси байланыстарын әлсіретіп, Қазақстандағы саяси алауыздық 
үдерісін күшейтті
5

Тайпалар мен халықтардың көші-қон орнын 
4
Кудайбердыулы Ш. Родословная тюрков, киргзов, казахов и ханской династий. А.,1990. 
5
Тынышбаев М. Великие бедствия…(Актабан-Шубырынды). А-А., 1991, К а с ым б а е в
Ж.К. 
Государственны е деятели к азахск их ханств (Х VIII в.). - Алм аты , 1999 


ауыстыруына байланысты этникалық шекаралар бұзылды, бұл Азияның осы 
аймағындағы халықаралық қатынастарды бірден күрделендірді. Қазақ 
жүздері әлсіреді, дегенмен халықтың арқасында мемлекеттік территорияның 
тұтастығы сақталып қалды.
Ұзаққа созылған қазақ-жоңғар қайшылықтары жайылымдық жерлер мен 
жақын аймақтардағы сауда орталықтарына қол жеткізу үшін көшпелі 
халықтар арасындағы өзара шиеленісті күшейте түсті. Қазақ жүздері мен ХVІ 
ғ. соңынан бастап Ресейге бағынышты болған оңтүстік Еділ бойы, Орал 
маңы, Батыс Сібір халықтары арасындағы қарама-қарсылық өрши түсті. 
Өзінің позициясын ары қарай бекіте түсуді көздеген Ресей Еділ қалмақтары, 
башқұрттар, сібір татарлары сияқты «адал бағыныштыларының» қоныстану 
аймағына өзінің форпосттарын орналастырып, Кіші және Орта жүз 
қазақтарының көшу кеңістігіне қарай жылжи түсті. Бұл көшпелі 
халықтардың әлеуметтік-экономикалық өмірінде, тұрмысында, мәдениетінде 
тарихи қалыптасқан әртүрлі байланыстары болды. Қазақтардың оңтүстік 
Орал мен батыс Сібірде көшіп жүрген башқұрттармен тығыз қарым-
қатынаста болды. Қазақтар мен Еділ қалмақтары арасында күрделі 
қақтығыстар болған кезде, Кіші жүз руларының бір бөлігі Үй-Миас 
өзендерінің аралығы мен Жайықтың оңтүстік жағасында өмір сүрген 
башқұрт жерлерінде өмір сүрген. Патшалық әкімшілік башқұрт 
жайылымдарын оңтүстік-шығысқа ығыстырғаннан кейін, олардың арасында 
қазақ жүздеріне бағытталған қарулы қақтығыстар көбейе түсті. Бұл 
қақтығыстардың күрделілігі туралы 1730 ж. мамыр-маусым айлары 
аралығында Кіші жүздің жеріне
белгілі (ақсүйектен шыққан) 
башқұрт 
тарханы Алдар Есенгелдиннің келгендігі дәлел болады. Ол қазақ-башқұрт 
арасындағы жер дауын шешу үшін Әбілхайырдан Ресейге елші жіберуін 
талап етті.
Еділ қалмақтарымен арадағы қарым-қатынас бұдан да күрделі болды. 
ХVІІІ ғасыр қалмақ ханы Аюкенің халықаралық позициясының күшеюімен 
сипатталады. Ол Еділдің төменгі ағысы бойында көшіп жүрген ұлыстардың 
билеушілерін өзіне бағындырып, осы геосаяси аймақтағы өзінің ықпалын 
күшейту үшін белсенді күрес жүргізе бастады. 
XVIII ғ. алғашқы 
онжылдығында Аюке хан Ресей империясының ішінде де айтарлықтай 
күшейді, ол патшалық үкіметтің талабымен әскери жасақтарды тұрақты 
түрде жеткізіп отырды, ал Ресей өзінің европалық саясатында қалмақ 
жауынгерлерінің әскери мүмкіндігін пайдаланып, Аюкенің Оңтүстік Орал 
маңы, соның ішінде қазақ даласына бағытталған тонаушылық жорықтарына 
кедергі келтірмеді. Қазақтардың, қарақалпақтардың, башқұрттардың жауап 
шабуылы аймақтағы саяси жағдайдың тұрақсыздануына алып келді. Белгілі 
тарихшы В.А. Моисеев 1720-шы жылдары Цеван-Рабданның Аюке ханға 
жіберген елшісінің қазақтарға қарсы өзара бірігіп шабуыл жасау туралы 
ұсынысымен келгендігі туралы жазады. Сол уақытта мұны Аюке хан патша 
үкіметіне хабарлайды, олар Аюкенің ұсынысын қабылдамай, қазақтар мен 


жоңғарлар арасындағы соғысқа араласпау керектігін айтады
6
. Бұл Әбілхайыр 
ханға мәлім болуы керек, сондықтан ол 1723 ж. 20 мыңдық қазақтардан және 
қарақалпақтардан құрылған әскерге қолбасшылық етіп, ескерту жорығын 
жасайды.
Бұл кезде қазақ жүздерінің оңтүстік шекарасында да күрделі әскери-саяси 
жағдай қалыптасты. Бұхар хандығы бірнеше тәуелсіз иеліктерге бөлінеді. 
ХVІІІ ғ. басы өзара талас-тартыстың күшеюімен сипатталады, нәтижесінде 
Бұхарадан Ферғана, Балх, Ходжент және басқа да иеліктер бөлініп кетеді. 
Осыған ұқсас жағдай көршілес Хиуада да қалыптасты. Қазақ хандары мен 
сұлтандары Хиуа хандығының ішкі саяси өміріне белсенді түрде қатысып, 
жергілікті топтар оларды өздерінің ханы етіп сайлады. 
Саяси жағынан қазақ билеушілерінің қоластында болған қарақалпақтар 
Сырдарияның төменгі және орта ағыстарында қоныстанды. Олар өтіп жатқан 
керуендерден алым жинап, салықты нанмен төледі және көрші халықтардың 
отырықшы аудандарына жасалған біріккен әскери жорықтарға қатысты.
XVIII ғ. басы шығыстық Ресейдің де белсенді болуымен, стратегиялық 
қызығушылықтарымен 
және 
сыртқы 
саясатының 
мақсаттарымен 
сипатталады. Орыс үкіметі геосаяси кеңею міндеттерін жүзеге асыра 
бастайды: басты мақсаты Ертіс бойында қамалдар салу болып табылатын 
И.Д Бухгольцтың экспедициясы 1715 ж. шығыс Қазақстанға жіберіледі. 1716 
ж. Омбы, 1717 ж. Железинск, 1719 ж. Семей, ал 1720 ж. Өскемен 
қамалдарының негізі қаланды. Осы уақытта А.Бекович-Черкасскийдің 
экспедициясы Каспий теңізінің шығыс жағалауын зерттеп, Арал маңының 
картасын жасайды. І Петр сенат көшірмешісі И.Кириллов пен шет елдер ісі 
Коллегиясының аудармашысы Мәмет Тевкелевке қазақтарды Ресей 
қоластына кіргізудің жобасын жасауды тапсырады. Сондай-ақ, ол Тевкелевке 
былай деп тапсырма береді: егер 
«ол орда бодандықты қаламаса, ұлы 
шығындарға қарамастан, миллион ақшаға дейін шығын шықса да, бір парақ 
қағазбен Ресей империясының протекциясында болуға міндеттелсін...»
7

Бірақ І Петрдің өлімі бұл жобаның жүзеге асуына кедергі болды.
Осылайша, ХVІІІ ғасырдың екінші онжылдығының ортасына қарай 
қазақтардың батыс, солтүстік, оңтүстік-шығыс көршілерімен қарулы 
қақтығыстарының өршуі, билік үшін өзара талас-тартыс қазақ жүздерінің 
ішкі және сыртқы жағдайын қиындатты. 
СЕМИНАР СҰРАҚТАРЫ: 
1.
ХVІІІ ғ. басында Жоңғар агрессиясының күшею себептері? 
2.
Ақтабан шұбырынды жылдарындағы қазақ жүздеріндегі жағдайды 
сипаттаңыз? 
3.
Аңырақай шайқасының тарихи маңызы? 
4.
ХVІІІ ғ. басында қазақтар мен Еділ қалмақтарының арасындағы қарым-
қатынастың шиеленісуі. 
6
М о и с е е в В . А. Р о с с ия и Д ж ун га р с ко е х а н с тв о в 1 8 в е к е . -Б а р н а ул , 1 9 98.
7
Аполлова Н.Г. Присоединение К азахстана к Р оссии в 30 -х годах Х VIII век а. - Алм а-
Ата, 194 8


СӨЖ ТАҚЫРЫПТАРЫ: 

Қазақ халқының жоңғар жаулап алушығына қарсы азат ету 
соғысындағы батырлардың рөлі. 

Ұлы
жұт
жылдары – «Ақтабан шұбырынды» 

Аңырақай шайқасы және оның бүкіл қазақ халқына маңыздылығы 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет