Азия-Тынық мұхиты
аймағының елдерімен экономикалық тұрғыдан
жақындасуға тиіспіз. Бұл бізге тек экономикалық дивиденд беріп қана қоймайды, сыртқы саясатымыздың
теңгерімділігін де нығайта түседі.
Төртіншіден,
Қазақстан өзінің қорғаныс қабілеті мен әскери доктринасын нығайтуға, түрлі
қорғаныстық
тежеу тетіктеріне
қатысуға тиіс.
Біз ұлттық қорғаныс моделін әзірлей отырып,
түрлі елдермен және ұйымдармен
ынтымақтасуға
тиіспіз.
Қазақстан
ҰҚШҰ бойынша одақтастармен
тығыз жұмыс істейтін және жедел қимылдайтын
Ұжымдық күштердің әлеуеті мен жауынгерлік қабілетін арттыруға көмектесетін болады.
7. ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ – БІЗДІҢ КӨПҰЛТТЫ ЖӘНЕ КӨПКОНФЕССИЯЛЫ
ҚОҒАМЫМЫЗ ТАБЫСЫНЫҢ НЕГІЗІ
Біздің бұл бағыттағы басты мақсатымыз қарапайым және түсінікті: біз
қоғамдық келісімді сақтауға және
нығайтуға
тиіспіз. Бұл – біздің мемлекет ретінде, қоғам ретінде, ұлт ретінде
Достарыңызбен бөлісу: |