өмір сүруіміздің айнымас шарты. Қазақстан патриотизмінің
іргетасы –
барлық азаматтардың тең құқылығы және олардың Отан намысы
алдындағы
жалпы жауапкершілігі. Биыл
Лондон Олимпиадасында біздің спортшыларымыз 205 ұлттық құрама арасынан
12-орын алды.
Біздің команда көпұлтты Қазақстанның, көптеген этностардың берік және ынтымақты шаңырағының
біртұтас жасағы ретінде сайысқа түсті.
Олимпиададағы жеңіс салтанаты халқымызды одан әрі біріктіре түсті,
патриотизмнің ұлы күшін танытты .
Бұқаралық спорт және жоғары жетістіктерге жеткізетін спорт кешенді жүйелі тәсілді талап етеді. Тек
саламатты ұлт қана бәсекелестікке қабілетті болмақ.
Үкіметке әлемдік озық тәжірибені есепке ала отырып, Бұқаралық спорт пен жоғары жетістікке жеткізетін
спортты дамыту бағдарламасын әзірлеуді тапсырамын.