Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова


Сплиттегі Диоклетиан сарайы (305 ж.)



Pdf көрінісі
бет67/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet

Сплиттегі Диоклетиан сарайы (305 ж.)
Адриат теңізінің жағалауындағы Дальмацияда Диоклетиан 
императорына арналған сарай тұрғызылды 
(27-сурет).
Бұл қамал-
сарай. Оның жайғастыру планының негізінде римдік әскери ла-
герь қағидасы жатыр. Сарайдың сыртқы қабырғалары мұнаралары 
және қақпалары бар қамал қабырға болып табылады. Кешеннің екі 
бөлігін гвардияға арналған және азық-түлік қоймасының корпуста-
ры алып жатты. Басқа екеуі іші дөңгелек және сырты сегіз қырлы 
Диоклетианның төрт бағаналы ғибадатханасы және кесенесі бар са-
рай және діни корпусқа бөлінді. 
27-сурет
Теңізге шығатын көше діңмаңдайшалармен безендірілген
кейіннен Италияда және басқа елдерде кеңінен пайдаланылған жаңа 
енгізілім – бағана сәнмаңдайшасының орнына аркалар қолданылған. 
Күмбезбен жабылған сарай вестибюлі алаңды салтанатты зал-
мен және теңізге шығатын галереямен байланыстырады. Сарай 
сәулетінде шығыс сәулетшілігінің ықпалы байқалады – бұл өңдеудің 
доғалдығы, пішіндердің ауыр салмақтығы.
Діни құрылыста ғимараттардың жаңа түрлері пайда болады: 
орталық дөңгелекотаулар және базилик ғибадатханалар. Базилик –
христиан ғибадатханаларының бір түрі болып табылады. 
Ғибадатханалардың міндетті жабдығы алтарь орналасқан ап-
сида болып саналады. Апсидалар жоспарлау элементі ретінде ерте-
де сарайларда кездесетін, онда император тағы орналастырылады. 


72
Антикалық ғибадатхана апсидаларында құдайлардың мүсіндері 
орнатылатын. Рим сәулетінің ірі базилигі және соңғы монументті 
туындысы Максенция-Константина болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет