93
да болды. Қалалар бұрынғыдай алдында суы бар ор орнатылған
қамал қабырғалармен қоршалды. Әсіресе, көтерілмелі көпірлер
қойылған қосымша мұнаралары бар қала қақпалары бекітілді.
Қала орталығы қала соборы мен ратуштары және сауда алаңы
орналасқан қала алаңы болып табылады. Кейде мұндай алаңдар
бір аймақта қосылып жатты. Бұл жерде тек сауда қатарлары ғана
емес, сонымен қатар шолғыншы (дабыл) мұнарасы, қала бұрқағы
орналасқан.
Цех үйлер, ақсүйектердің сарайлары салынды. Құрылыс тас пен
кірпіштен салынды. Қатардағы тұрғын құрылыс 3-4 қабатты болды.
Бірінші қабаттарда дүкендер мен шеберханалар, жоғарыда тұрғын
үйлер орналасқан. Жоғарғы қабаттар ағаш қаңқада және төменгі
қабаттан шығыңқы бүйірлік етіп салынды.
Ратуштар қаланың билік иелеріне және өзін-өзі басқару орган-
дарына арнап тұрғызылды. Бірінші қабатта ашық аркалы галерея-
лары және аралықтары бар бірінші қабатта қоймалар мен қосымша
бөлмелер, екінші қабатта мәжіліс залдары мен фойе, үшінші қабатта
кеңселер орналасқан. Ратуштардың қасында конусты төбемен
жабылған қоңырауы және сағаты бар мұнаралар жиі кездеседі. Мы-
салы, флорентий ратушасы.
Ерте готикалық кезеңіндегі көптеген имараттардың готикалық
стиліне де, сондай-ақ роман стиліне тән белгілері болды. Мысалы,
Париждегі Құдай ана соборын айтуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: