94
астаукеңістік биіктігі – 32 м, мұнаралардың биіктігі – 69 м
(37-сурет).
Мұнаралар көптеген басқа готика соборларындағыдай аяқталмаған.
Ол туралы бірнеше болжамдар бар: қаражаттың жетіспеушілігінен;
жоспар бойынша мұнараны аяқтау қарастырылмаған; құрылыс ба-
рысында жобаның өзгеруі.
Батыс жақ қасбетте 3 бетше босаға (ортаңғысы сәл үлкендеу)
бар. Бетше босағалар жебе тәрізді, перспективалы. Сарай маңындағы
шіркеу ретінде собор корольдардың 28 мүсінінен тұратын галерея-
мен ерекшеленеді. Жоғарыда үшдоғалмұнара галереясы – бағаналы
аркалы галерея. Бұл галерея мен корольдар Галереясының арасында,
орталық бетше босаға үстінде – «раушан»-терезе, ал бүйір жақ бет-
ше босаға үстінде үшдоғалмұнараның үлкен терезелері орнатылған.
Собордың оңтүстік және солтүстік қасбеттерінде кішкене көлемді
«раушандар» бар. Ортакеңістікте шағын мұнарашық орналасқан.
37-сурет
Собордың орталық астау кеңістігінің тіреулері –
роман стилі
бойынша үлкен әсембағанмен (1:5) аяқталған қарапайым цилиндр
бағандар. Бұл ертедегі
готика имараты болғандықтан, онда готика
белгілерімен қатар романдық сәулет белгілері де кездеседі:
•
аркаларды емес, дөңгелек тіреулерді пайдалану.
• қасбеттер тігінен айқын бөлінбеген.
• көлденеңінен бөлінуі айқын көрінеді.
• аркалар жебе тәрізді болғанымен, нашар көрінген.