Алғашқы Олимпиадалық ойын Грециядағы Панафиния стадионында 1895 жылы Афинда 5-15 сәуірде өткізілді



Дата07.02.2022
өлшемі21,24 Kb.
#89618
Байланысты:
дш 9 апта


Алғашқы Халықаралық Олимпиаданың президенті болып сайланған грек Деметриос (1894 ж.). Екінші президент француз – Пьер де Кубертен.
Алғашқы Олимпиадалық ойын Грециядағы Панафиния стадионында 1895 жылы Афинда 5-15 сәуірде өткізілді.
Келесі Олимпиадалық ойындар – Парижде (1900), Сент Луисде (1904), Лондонда (1908).
1896 жылы неміс В.Гебхардттың ұсынысымен ұлттық олимпиадалық комитеттер өмірге келді.
1900-914 жылдырда велосипедистердің, футболистердің, мылтық атқыштардың, яхтсмендердің, спортшы ұшқыштардың, хоккеистердің, жеңіл атлеттердің, жүзгіштердің, теннисшілердің, семерлесулешілердің және палуандардың халықтық форумы пайда болды.
Олимпиадалық комитеттің Брюсселде 1905 жылғы Конгресінде, халықаралық спорт жарысты өткізудің бірыңғай ережесі бекітілді.
1906 ж. Парижде өткен Конгресте Халықаралык спорт ұйымы спортқа арналған әдебиеттер шығаруға шешім қабылдады.
1913 ж. Лозаннада өткен Конгресте, спорт психологиясын дамыту туралы, ал 1914 ж Парижде дакен Конгресте Олимпиадалық ереже жасауға пәтуаласты.
1925 жылы Олимпиадалық ойындардаң 20 жылдығана арналған Конгресте, Кубертеннің ұсынысымен 5 шығыршықтан тұратын олимпиада жалауының жобасын көрсетті, олар - көк, сары, қоңыр, қара және қызыл түстерден тұратын. Кубертеннін пікірінше бұл әлемнің-бес белгісі еді. Сол сияқты ақ жалауда белгіленді, бұл олимпиадаға қатынасқан мемлекеттердің ұлттық жалауымен шығуға берілген рұқсат болатын.
Бірінші дүние жүзілік соғысқа дейін халықаралық Олимпиадалық комитеттің сессиясы төмендегі қалаларда өтті: 1. Париж - 1894 ж.; 2. Афина - 1896 ж.; 3. Гавр - 1897 ж.; 4. Париж - 1901 ж.; 5. Париж - 1903 ж.; 6. Лондон – 1904ж.; 7. Брюссель - 1905 ж.; 8. Афина - 1906 ж.; 9. Гаага - 1907 ж.;10. Берлин - 1909 ж.; 11. Люксембург - 1910 ж.; 12. Будапешт - 1911 ж.; 13. Базель - 1912 ж.; 14. Стокгольм - 1912 ж.;15. Лозанна - 1913 ж.; 16. Париж - 1914 ж.
1914 жылға дейін Олимпиадалық ойындарға - Австралия, Австрия, Чили, Дания, АҚШ, Франция, Греция, Нидерландия, Венгрия, Англия, Германия, Ресей, Швейцария, Швеция, Бельгия, Чехословакия, Оңтүстік Африка, Египет, Финляндия, Жапония, Канада, Куба, Люксембург, Норвегия, Италия, Турция, Португалия, Сербия, ЖаңаЗенландия, Румыния мемлекттері қатынасты.
1915 жылдың 10 сәуірінде Халықаралық Олимпиадалық комитеттің басқару органы Лозанна қаласына көшірілді.
1896 жылы Афина қаласында өткен бірінші Олимпиада ойынының бағдарламасына француз академигі Мишель Брсальдың (1832-1915) ұсынысы бойынша Марафондық жүгіру кірді. Бұл спорт ойына арнайы шақырылған 34 мемлекеттен бар болғаны 13 мемлекет ғана катынасты.
Марафондык жугіруге қатынасқан 21 ерлердін арасында грек қызы Мельпомена болды. Осы жарыста ІІІ орын алған грек желаяғы Велокас бір айналымды арбаға мініпөткені үшін жарыстан қуылған.

Бірінші Олимпиадалық ойындарға 13 мемлекеттен - 285 спортшы спорттың 42 түрінен қатынасып, бағдарламаға енген 9 спорт түрінен бәсекелестер табылмапты.


Жарыс нәтижесінде І-командалык орынды Греция, II-орынды Америка кұрама штаты, ІІІ-орында Германияспортшылары жеңіп алған.
1900 жылдың 14 мамыр мен 13 қыркүйегінде Париж қаласында өткен екінші Олимпиадалық ойынға жыйырма елден 1066 спортшылар қатынасты және оған 6 әйел қатынасу мүмкішілігін алды.
Бұл спорт мейрамына қатынасушылар спорттың 15 түрінен бәсекеге түсті.
Жарыс қортыңдысында І-орынды Франция, ІІ-орынды АҚШ, ІІІ-орынды Ұлыбритания иеленді.
1904 жылдың 1 шілдесі мен қазанның 29 жұлдызы аралығындағы Олимпиадаға 496 ерлер мен 10 әйел спортшылар жарыс жолына шықты. Сент-Луис қаласындағы бұл спорт додасының бағдарламасына 17 спорт түрінен бақ сынасты.
Жарыс қортындысывда: І-АҚШ, ІІ-Германия, ІІІ-Куба тұғырға көтерілді. Бұл үшінші Олимпиада болатын.
4-ші Олимпиадалық ойындар Лондон қаласында, 27 сәуір мен 29 казаң да өткізілді. Бұл 1908 жылғы Олимпиадаға 2059 спортшы, оның арасында 36 әйелдер бар еді. Жарыс спорттың 23 түрінен өтті. Нәтижесі: І-орында Ұлыбритания, ІІ-АҚШ, ІІІ-Швеция спортшыларының қанжығасына байланды. Бұл Россия мемлекеті қатынасқан бірінші Олимпиада еді. Орыс спортшысы Николай Панин-Коломенкин - мәнерлеп сырғанаудан І-орында: иеленіп, Әлемнің жеті дүркін Чемпионы швед Ульрих Сальховты женді. Россиядан қатынасқан 5 спортшының үшеуі Олимпиада медаль алды. Олар: жеңіл салмақтағы - Н.Орлов, ауыр салмақтағы - А.Петров - кұміс медаль, Н.Панин-Коломенкин - алтын алқа.
5-ші Олимпиадалық ойындар 1912 жылдың 5 мамыры - шілденің 22 аралығында Стокгольмде өтті. Оған 2541 спортшы, оның 57 әйелдер жарыс жолына сайсқа шықты. Американдық Джим Торп - Олимпяада тарихында спортың 5 және 10 түрінен көпсайсқа тұсіп, Олимпиада Чемпионы болды. Оның спорттың 10 түрі - көпсайсқан көрсеткен рекорды тек 1939 жылда ғана жақсарды. Егер ол 1956 жылғы Олимпиадаға қатынасқанда 8-орында болады екен.
Біз спорт тарихына үңілетін болсақ, оның алғашқы белгілерін төмендегі халықтардан бастау алғанын тарих дәлелдеп отыр. Олар: Ертедегі Египетте - біздің эрамызға дейінгі 3000 жылдар, Индия - 2000 жыл б.э. дейінгі, Қытай - б.э.д. VIII-VІ ғасыр, Греция - б.э.д. ІІ мыңжылдық, ал Рим мемлекетінде б.э.д. IV ғасырда, б.э.д. кезенде спортшылар даярлайтын - «ЛУДУС» мектебі ашылған, онда болашақ Отан қорғаушылары машықтанған. Европада спортқа бағытталған шаралар V-ІХ ғасырлардан бастау алады. Оның көрнекті жол бастаушылары: Пьер Паоло Верджерио (1349-1428), Гварино де Верока (1374-1460), Витторино да Фелтре (1398-1466), Энеа Сильвио Пикколомини (1405-1464), Мефео Веджио (1406-1458), Джакопо Садолетти (1477-1547), Иероним Меркуриалис (1530-1606), Таммасо Кампанелла (1568-1639), Аршанжа Туккаро (1536-1616), т.б.
Спорт тарихының әдіскері ретінде неміс зиялысы Иохим Камерариустың еңбегі ерекше, оның 1541 ж. жарық көрген «Гимнасия туралы диалог» атты шығармасында дене тәрбиесін оқу орындарында арнайы пән ретінде енгізуді ұсынған.
Халықтар арасыңда жекпе-жек өнеріне ерекше мән берген жапон ұлты. Біздің эрамызға дейінгі 712 жылы Хронике Кожики «спорттық» күрестен жарыс өткізген тәлімгер. «Жапондықтар үшін өзін-өзі қорғаудың жалғыз-ақ жолы бар, ол белдесу» - деген.
Азиалық көшпеңділер үшін де спорт жат қылық болып есептелген емес. Бұған X ғасырдағы Сармат Киязьның садақ атып тұрғаны бейнеленген сурет кұс. Жақангер Марко Поло өзінің жол жазбаларында Юаней ұрпағының ханы Хубылайдың садақ ату өнерін өте жоғары бағалағандығы айтылады. Ат құлағында ойнаған қазақ ұландарына тән шабшандық пен ептілік, бір тауды бір тауға көтеріп қосатын Толағай-Каһарман аңызы ұлтымыздың мақтанышы.
Ойын-сауық - қазақ халқы үшін даму көзі. Яғни, ойын - енбектің жемісі және ол сол еңбекпен бірге адамның табиғатган бөлінуіндегі саналы жетілуге де қозғаушы күш болған, сондықтан да еңбек етпейтін халық болмайтыны тәрізді, ойын-сауық құрмайтын да халық жоқ. Ойын халық рухымен қаншалықты тамырлас болса, оның тарихымен, тұрмыс күнімен, әдет-ғұрпымен, кәсібімен де соншалықты етене байланысты. Халық ойындарының бүкіл болмысынан сол елдің кәсіптік, салт-дәстүрін, дуниетанымдық тілдік ерекшеліктері атой салып танылып тұрады. Қазақ халық ойындарын да ел өмірінен осындай қан-тамырлар байланыстырып жатыр.
Көңіл көтеріп елді желпендірудің, тыныс алудаң жоғары түрі - жалпы халықпық мерекелер. Сауық-сайранның қызып, халық ойындарының жұртшылык қуанышына, мерейіне айналар туысы да осы. Туғанда дуние есігін - ашатын шілдеханадан бастап, адамның дүниеден қайтқаннан кейінгі соңғы «мерекесі» - ас беруге дейінгі аралықтағы адамның жиын-тойымен атап етілетін өмір жолында ойынның мәні зор. Бұл мерекелерді еңбек-кәсіпке және әдет-ғұрып салттарына байланысты деп еқі үлкен жікке бөлуге болады. Алғашқысының қатарына Шығыс халықтарының басым көпшілігіне ортақ Наурыз тойынан бастап, қымыз мұрындық, сіре мөлдіретер, үлкен күзем, кіші күзем, серне, соғым басы, сабан той, т.б. сияқты үлкенді-кішілі бас қосулар жатса, әдет-ғұрып салтқа байланысты той-томалақтар саны бұдан да ауқымды. Тек балалық шаққа қатысты ғана шілдехана, ат қою, бесік той, қырқынан шығару, тұсау кесу, тілашар, сүндет той, тоқым қағар, т.б. тәрізді салттарды тізбелеуге болады. Қыз-бозбалалардың бас қосатын үйлену тойынан бастап, қыз ойнақ, алтыбақая, бастанғы тәрізді сауық-кештері өзінше бір сала.
Ойын табиғатына көңіл аударған ілкі зертгеушілердің көпшілігі оны тарихи, этнографиялық, антропологиялық, педагогикалық, психологиялық тұрғыдан қарастырып келеді. Зерттеулерде негізінен халық ойындарының сол пәнге байланысты бір қыры ғана ашылады, ойын туралы әдетте ауызға ілінеді. Бұл занды да, үлкенге болсын, кішіге болсын өнеге ғасырдан-ғасырға жетпеген де болар еді. Ойындағы тәлімдік мазмұнының, әсіресе, балалар ойындарында мол екендігі ақиқат. Халықтық дәстүрлі тәрбиенің көрі сіңген, баланың ұлттық табиғатының ерекшеліктеріне орай іріктеліп, уақыт сұрыптауынан өткен бұл ермек-ойындар, әсіресе балаларды халықтың кәсібімен, тұрмыс күйімен, дуниетаным, салт-санасымен өз тілінде таныстыратын халық педагогикасының ерекше формасы. Өкінішке орай ойының осы өмір танытқыштық көп қырлы табиғатына зерттеушілер көп жағдайда терең бойлай бермейді. Мысалы, «Асау мәстек» - қазақ балаларының суйікті ойындарының бірі. Арасы 1-2 метр аралықта екі қада қағылады да, оған арқан тартылып, үстіне бала отыратын тиянақ жасалады. Ойынға шақырылған бала қолына алған таяқтың көмегімем арқан үстінде малдасын құрып отыруы тиіс. Таяқты үш реттен артық қолдануға рұқсат жоқ. Бала арқанға отырған соң, енді жерден тақия іліп алуы тиіс. Бұл сынаққа ілуде біреу ғана шыдайда. Ойыншы, арқанға отыра бастаған сәтте басқалары:
Ер екенінді білейін,
Ешкі сойып берейін.
Тақия алсаң еңкейіп,
Құламасаң тоңқайіп,
Ерлігіңе сенемін,- деп әндетеді.
Осы ойында «баланы ептілікке, икемділікке, өз тепе-тендігіш сақтай аларлық спорттық дағдыны қалыптастыратын тәрбиелік мәні күшті». Қойға мінер қойторы мәстекке міне алмасаң, шыңғырған шу асауды қалай үйретерсің деген ойын атындағы кекесін емеуірінен бастап ойынның бүкіл рухынан қазақы тірлікке ғана лайық мазмұн танылада. Ойын құрылысындағы балалар әлеқі мен өнінде де үлкен мән бар. Яғни, ойындағы эмоциялық әсер мен рухани нәр спорттық мәні жарыс барысынан ешбірде кем емес. Балалар ойындарының осы тәрбиелік мазмұнын жіті аңғарған дұрыс себебі. Ойынды ермек деп қарау шындаққа жатпайда. Бала үшін кез-келген ойын маңызда, себебі ол ойынымен өмір сүреді, ол ойын үстінде өседі, ширап-шьшығыда, сонда ғана жан-дуниесі, денесі толысада. Демек, ойын бой жазатын алданыш қана емес, баланы өмірлік ортаға жан-жақты дайыдайтын, денесін да өсіріп, жан дуниесін, таным-түсінігің де кеңейтетін құрал. Дене әрекеті арқылы ақыл-ой жаттығуына арналған танымдақ мақсаттағы халық ойындары да аз емес. Бүлдіршіндер ойынның елең-жырмен, әнмен көмкеріліп келетіні де осы рухани жан дуниесін байытудан туған қажеттілік. Бала ойнап жүріп ана тілінің нәріне, халық музыкасының сазына сусындайды. Халықтық дәстүрді еңбек-кәсіптің, тұрмыс-тіршіліктің, әдет-салттың мазмұн-мәнін ойындағы мүмкіншілік арқылы біртіңдеп бойларына сіңіреді.
Бозбалалар арасында ойналатын ойындар да олардың бас қосуларының көңіл ашары ғана емес, қыз бен жіпттің өнерлерін ортаға салар, тәлім-тәрбиесін, таным-түсінік, білім-білігін бір-біріне танытатын, сөйтіп жан дуниелерінің жақындасуына, бір-бірлерін терең тануға жетелейді. Ойын барысында олардың рухани дуниесі гүл жара ашылып, бір-бірін байытуға септігін тигізеді. Ең қарапайым деген ойынның астарында осындай мән жатады. Мәселен, ертереқте жастарарасындағы кең таралған қазір де ойналатын «Көрші, көрші», «Орамал тастау», «Сақина жасырмақ» ойындарының барлығынан да жастар тұрмысының, арман-мақсаттарының қала берді, дуниетанымының деңгейлері көрініс береді. Ойын барысындағы суырып салма ақындыққа, әншілікке, жалпы поэзияға құштарлық ойын бітіміне де қатты әсер еткені белгілі.
Жастар арасында өте кең таралған «Орамал тастау» ойынынан мұны анық байқауға болады. Қырғыздар арасында да кең тараған бұл ойынға назар аударған Шоқан оны былки сипаттайды «Қыз-келіншектер бір қатарға, жігіттер бір қатарға жарылып отырған соң, ойын басталды. Қыздардың бірі орнынан наздана көтеріліп езі қалаған жігітті орамалмен соғып өтті. Бұл құрметке ие болған бозала әлдеқандай бір гимнастикалық әрекет жасауы немесе өлең айтып беруі тиіс, әріне, бұл екі шарт та оңайға түспейді. Ойынның мәні сонда - сыннан өткен бозбала қызбен сүйісу бақытына ие болады, егер сыннан өте алмаса, қыз орамалмен жазасын береді... Ән айту процессі былай орындалады Әнші бір тізесімен жүгіне отырады да әлдеқандай махаббат әнін шырқайды. Ән әдеттегіден тыс ерекше дауыспен орындалады. Әннің алғашқы нотасын алу қырғызға ерекше күшке түседі, оның көздері адырая қаңталап, алдымен үн шығарып барып бабына әрең келеді. Әнді аяқтаған соң бозбала орнынан көтеріліп, «арқа туйістіріп тұрады да, әсем бұрылып әбіседі». (Ш.Уәлиханов. Бес томдық шығ. жин. - А., 1985. 3 т. 343 -6).
Қыз қуу ойынының да арғы тегіне үңілсек көне тарихқа қарай тым тереңдеп кететінін байқаймыз. Мәселен, орыс ғалымы В.В.Тригорьев - «сақтардың ішінде кейін көптеген халықтар тұрмысына сіңіп кеткен қалындықпен кұш сынасып, шыдамдылық, қажыр-қуат жарыстыратын салт болған» - деп жазады. Аталмыш ойынның шығу тегінің де осындай көне ырымдық салтқа тірелетініне күмән жоқ. «Алтыбақан», «Хан жақсы ма?», «Ақ сүйек», «Түйе шешпек» сияқты шығу тектері зерттеушілерге бағалы тарихи мағлұмат берер еді. Және ойындар табиғатынан оған әр кезеңнің өзіндік табы түскен көп стадиялы құбылыс екенін аңғару да қиын емес. Әр дәуірдегі елеулі оқиғалардың да халық ойындарынан өзінше өрнек тапқанын керуге болады. Мысалы, Б. Мелькова жазып алған «Жер-Сібір» ойынында ұтылған балаларды «Сібірге жер аударады». Яғни, ойындағы бұл мотив XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанның Ресей патшалығының билігіне толық еніп, ел ішінде бас көтере бастаған адамдарды Сібірге жер аударған уақытқа орай пайда болған.
Ойынның тілдік құрылымы да ғалымдар назарына тарырлық. Ойынға байланысты қолданылатын халықтық терминдер өз алдына, ойыншыларға ғана түсінікті өзінше жұмбақ сөздер де болады. Мұндай тілге, әсіресе, балалар өте кұмар.
Түйіндей келгенде халық, ойынының осындай күрделі құрылымын түбегейлі зерттеуге өзінше жаңа, тың көзқарас қажет. Яғни, ел ойындарыныңкөп қыртысты табиғаты халық педагогикасының, поэзиясының, тұрмыс күйінің бүкіл нәрін бойына жинақтаған көп қырлы мұра. Сондықтан да оған таза этнографиялық тұрғыдан келуге болмайды. Өйткені халық ойындарының тәрбиелік мәніне назар аударушылар халықтың ертедегі ұғым түсінігіне, әдет-ғұрпына байланысты шыққан көне ойынның әскери-спорттық мәніне назар аударушылар оның белгілі бір белігін ғана қамтып жүр. Ойынды этнографиялық тұрғыдан зерттеушілер оның эстетикалық нәрін ескере бермесе, ойынды таза өнер деп түсінікшілер, керсінше, оның педагогикалық маңызына жете көңіл аудармайды. Сондықтан ойынды халықтың дәстүрлі мәдениетінің түрлі салаларымем бірге өрілген көп қырлы фольклорлық мұра ретінде тани отырып, оған психологиялық-педагогикалық тұрғыдан зерттеу жүргізген абзал. Бұл жерде «фольклорлық мұра» деген тіркеске баса назар аударған жөн. Өйткені ЮНЕСКО-ның фольклорға берген анықтамасында оның құрамына халық ғылымының кең ауқымдылығын жоққа шығармау керек. Қалай дегенде де, кезкелген фольклорлық дүние табиғатынан, әрі халық тұрмысының түінді белгісі, әрі сөз өнерінің нағыз үлгісі ғой. Яғни, әрі тұрмыстық, әр, эстетикалық құбылыс. Фольклор, халық ауыз әдебиет сөз өнері ғана деген түсінікке әбден ұйып болған біздер халықтық мұраның көп саласын назардан тыс қалдырып келеміз. Халық этнографиясы мен өнерінің түрлі элементтерін бойына төл қабыстырған халық ойындарын бүгінгі кең ұғымдағы фольклористика ғылымының жетістіктері тұрғысынан сараланғанда ғана ішкі мәні терең ақтарылады. Бұл тұрғыдаң келгенде қазақ халық спорт ойындары - ашылмаған қазына. Жастар тәрбиесінің нағыз қайнары екендігі анық.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет